Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным и остронуждающимся гражданам

Қаулы · № 247-қ · қабылданған 30.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56915/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным и остронуждающимся гражданам Күшін жойған Қаулы ·№ 247-қ ·30.12.2010
25.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным и остронуждающимся гражданам

Күшін жойған Қаулы ·№ 247-қ · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным и остронуждающимся гражданам
Атауы (қаз.)
Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
247-қ
Қабылданған күні
30.12.2010
Көрсетілген редакция
25.06.2012 56915_206843.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10MG000084
ЭКБ идентификаторы
56915
Редакция идентификаторы
56915_206843
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:20

0 Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі - көмек) аз қамтылған отбасыларға,тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандарға алғашқы жылдары жағдайын түзету үшін:

тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтарға; аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне белгіленсін.

2 2. Көмек тағайындау бойынша Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті орган).

3

3. Көмек табыс мөлшеріне қарамастан азаматтардың өтініші бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің айрықша қиын кезеңдерінде: отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, облыстан тыс жерде емделуге материалдық жағдайы келмесе, отбасына материалдық залал келтірген өрт болған жағдайда және басқа да қайғылы оқиғалар болғанда жылына бір рет беріледі.

4 4. Көмек тағайындау кезінде отбасы құрамында оның кәмелетке толмаған балалары, көмек алушыдан басқа асыраушысының жоқтығы ескеріледі.

5 5. Өтініш берушінің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу селолық округтер және село әкімдері жанындағы жәрдемақы сұраған адамдардың материалдық жағдайын тексеретін учаскелік комиссиялар жүзеге асырады.

6

6. Аз қамтылған отбасылар, тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандар, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтар, аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арызға төмендегі құжаттар тіркеуі қажет:
- тұрақты мекен жайын анықтайтын тұрғындарды тіркеу кітабы;
- өтініш берушінің жеке куәлігі, отбасы мүшелерінің құжаттары;
- алушының және отбасы мүшелерінің материалдық көмек алу мәртебесі бар екендігін дәлелдейтін құжат;
- зардапты оқиғаны дәлелдейтін құжаттар (анықтама, куәлік, емделуге, берілген жолдама және т.б.);
- әлеуметті материалдық ауыр жағдайды куәландыратын басқа да құжаттар.

7 7. Уәкілетті орган құжаттар түпнұсқасын көшірмесімен салыстырады, салыстырып болғасын құжаттың түпнұсқасын өтініш берушіге қайтарады.

8 8. Шешім қабылдағаннан кейін, көмек төлеуге тізім жасақталады және екінші деңгейдегі банктер мен алушының мекен – жайы бойынша «Қазпочта» (бұдан әрі - Қазпочта) Акционерлік қоғамының филиалдарының желілері арқылы жүзеге асырылады.

9 9. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қ.Оңдабаев
Е.Ізбергенов
Т.Асауов
Б.Біләлов
Р.Ершаев
З.Тастемирова
А.Толыбаева
Дайындаған:
Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Ж.Тұманбаева
30 желтоқсан 2010 ж.

Қолданыстағы