Еңбек ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Еңбек ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Еңбек ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 27.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2011 · қолданыстағы 56930_209745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LF000177
- ЭКБ идентификаторы
- 56930
- Редакция идентификаторы
- 56930_209745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:24
0 Еңбек ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына және ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 1346 ұсынысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1 1. Еңбек ауылдық округінде мүйізді ірі қара және уақ малдарында жұқпалы сарып (бруцеллез) ауруының анықталуына байланысты індет ошағының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізілсін.
2
2. Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Байтасов, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) және Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің шығарылмауын, профилактикалық шаралардың толық атқарылуына қатаң бақылау ұсынылсын.
3 3. "Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Байтасовқа жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция
комитетінің Жалағаш аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Ұ. Құланбаев
"_____" желтоқсан 2010 жыл
"Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Б. Жарқынбаев
"_____" желтоқсан 2010 жыл
"Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Ә. Бақтыбаев
"_____" желтоқсан 2010 жыл