Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Целиноградском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Целиноградском районе
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/296
- Қабылданған күні
- 31.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2016 56995_74652.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BQ000145
- ЭКБ идентификаторы
- 56995
- Редакция идентификаторы
- 56995_74652
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:19
0 Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.
2 2. Белгіленсін:
1 1) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жыл бойы бір тоқсанға алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға тағайындалады;
2
2) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу қаржыландырудың болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеуі осындай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдың есебімен тоқтатылады.
3 3. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген ақшалай қаражаттарды уақытында игеруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдансын.
4
4. Целиноград ауданы әкімдігінің «Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» 2010 жылғы 9 шілдедегі № А-6/130 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1-17-138 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қазанда «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.