Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району

Ереже · № 30-8 · қабылданған 24.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56999/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району Күшін жойған Ереже ·№ 30-8 ·24.12.2010
29.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району

Күшін жойған Ереже ·№ 30-8 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району
Атауы (қаз.)
Т.Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30-8
Қабылданған күні
24.12.2010
Қолданысқа енгізілген күні
09.02.2011
Көрсетілген редакция
29.03.2013 AI56999_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10GH000119
ЭКБ идентификаторы
56999
Редакция идентификаторы
AI56999_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:28

0 Т.Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Т.Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.

2 2. Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Т. Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 30-8 шешімімен бекітілген
Т. Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Т. Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.

2 2. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет есебінен Т. Рысқұлов ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті органмен -"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

4

4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Отбасының шектi жол берілетін шығыстардың үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.

5 5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

6 6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

7

7. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.

8 8. Тұрғын үй көмегiн алушы кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуден өткiзген жағдайда, есеп кондоминиум объектiсiнiң қатысушыларының тiркелген үлесiне сәйкес жүргiзiледi. Өтемақыны өтеу ағымдағы немесе күрделi жөндеудiң бiр түрi бойынша бiржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

9

9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.

10 10. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

11 11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:

1 1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:

жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

2 2) электр қуатын тұтыну нормалары (бiр айда):

бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 50 киловатт;
бес және одан да көп мүшелi отбасына – 200 киловатт;

3 3) газ шығындарының нормасы (бiр айда):

газ жылыту пешiнiң (1 шаршы метрге) - 7,88 текше метр;
газбен ас дайындау (отбасының әрбір мүшесіне) - 22 текше метр;
сұйытылған газ шығыны (отбасының әрбір мүшесіне) – 8,2 килограмм;

4 4) қатты отын нормалары - 75,75 килограмм 1 шаршы метрге.

3 3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

12 12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

4 4. Қорытынды ережелер

13 13. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Қолданыстағы