Құжат мәтініне өту

Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах

Қаулы · № А-2/339 · қабылданған 20.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57033/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/339 ·20.12.2010
09.11.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах

Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/339 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах
Атауы (қаз.)
Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерінде төленетін жалдау ақысының мөлшерінің көлемін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-2/339
Қабылданған күні
20.12.2010
Көрсетілген редакция
09.11.2011 57033_200173.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10BR000126
ЭКБ идентификаторы
57033
Редакция идентификаторы
57033_200173
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:38

0 Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерінде төленетін жалдау ақысының мөлшерінің көлемін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға берілген үйлерде өндіріліп алынған жалдау ақысы төлемін есептеу әдістемесінің негізінде Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шортанды ауданының жалға алу мемлекеттік үйлеріндегі төленетін жалдау мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ө.Рыскелдиновқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Мемлекеттік жалға алу үйлеріндегі 1 шаршы метрге алынатын жалдау ақысының мөлшері

Шортанды ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 20 желтоқсандағы
№ А-2/339 қаулысына қосымша
Мемлекеттік жалға алу үйлеріндегі 1 шаршы метрге алынатын жалдау ақысының мөлшері
Мемлекеттік жалға алу үйлеріндегі алынатын жалдау ақысының есебі кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
А - мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр, теңге;
Ц - тұрғын үйдің жалпы көлемінен мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес 1 шаршы метрі құрылысының (сатып алу) құны, теңге;
Т - ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р –пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне
Р=Г3 :12:Sп
формула бойынша анықталатын қажетті көлемнің сомасы, айына 1 шаршы метр теңге
Г3 жерінде – жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне қажетті көлемінің жылдық сомасы, жылына теңге;
Sп – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр.
Мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын айына 1 шаршы метрге жалдау ақысы келесі формула бойынша есептеледі:
А=Ц:Т:12+Р.
Мысалы, Ц - 65000 теңге, Т -125 жыл, Р -15 теңге болған кезінде жалдау ақы айына 1 шаршы метрге
А=65000:125:12+15=58,3 теңге құрайды.
Жалпы көлемі 70 шаршы метр 1 пәтердің жалдау ақысының төлемі құрайды:
58,3*70=4081 теңге айына.

Қолданыстағы