Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в городе Жанатас и населенных пунктах Сарысуского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в городе Жанатас и населенных пунктах Сарысуского района
- Атауы (қаз.)
- Сарысу ауданындағы Жанатас қаласы мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46-12
- Қабылданған күні
- 24.12.2010
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2012 AI57063_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10GI000113
- ЭКБ идентификаторы
- 57063
- Редакция идентификаторы
- AI57063_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:28
0 Сарысу ауданындағы Жанатас қаласы мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2 тармағына және 300-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елдi мекендерiнiң аумақтарында жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесi бекітілсін.
2 2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елдi мекендерiнiң аумақтарында жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесi
Сарысу аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 46-12 шешімімен бекітілген
Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елдi мекендерiнiң аумақтарында жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау
Ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумағын жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережесi (әрi қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 300-бабына сәйкес әзiрленген және Сарысу ауданының елдi мекендерiнде жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау тәртiбiн белгiлейдi.
2 2. Осы Ереже меншiк түрiне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданады.
2 2. Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елді мекендер бойынша жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау тәртiбi
3 3. Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елді мекендер аумағындағы әрбiр мекеме, ұйым және кәсiпорындарға (келiсiмдерi бойынша) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен белгiленген жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау жұмыстарын жүргiзу ұсынылады.
4 4. Жасыл желектердi ағымдағы күтiп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесiлi заңды және жеке тұлғаларға, иелерiне және жер пайдаланушыларға жүктелiнедi:
1 1) тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяу жол сызығына дейiн көшелерде, пәтер иелерi, кооперативтерi, тұрғын қорының иелерi;
2 2) жалпы пайдалану объектiлерiнде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар) және жаяу жол сызығына дейiн көше бойынша аудандық бюджет есебiнен шарттық негiзде жұмысты орындайтын кәсiпорындар.
5 5. Құрылыстың аясына түсiп жатқан жасыл желектердi алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлiк жүйелердi жiберу жасыл желектердi жаруына немесе жер астынан алуына рұқсат болған кезде ғана жол берiледi.
6 6. Жұмыс жүргiзген кезде қажет:
1 1) жасыл желектердi бұзушылықтан қорғау;
2 2) жасыл желектерге күтiм көрсету, соның iшiнде:
қоқыстарды, құрғақ жапырақтарды жинау;
арамшөптердi жұлу, көгалдарды шабу, бұталарды қию;
жасыл желектерге, көгалдарға, гүлзарларға су құю;
ағаштардың жапырағын, құрғақ, сынған бұтақтарын кесу;
жасыл қордағы ағаштардың және бұтақтарды жөндеу, отырғызу;
жүйелi ауыл шарушылық зиян келтiрушiлермен және ауырулармен, карантиндiк арамшөптермен өз күшiмен немесе өсiмдiктердi қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргiзу.