Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации

Өзге акт · № 836 · қабылданған 05.04.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5715/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации Күшін жойған 05.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации

Күшін жойған Өзге акт № 836 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации
Атауы (қаз.)
Россия Федерациясынан дәндi дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
836
Қабылданған күні
05.04.2000
Көрсетілген редакция
05.04.2000 5715_261687.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00V0000290
ЭКБ идентификаторы
5715
Редакция идентификаторы
5715_261687
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:33
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Россия Федерациясынан дәндi дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
Агроөнеркәсіп кешенi қызметкерлерiнің Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаев қатысқан 8 ақпан 2000 жылғы республикалық кеңесiнің N 17-13/И-205 хаттамасы мен облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне дәндi дақылдардың сорттарын ауыстыру және сорттарын жаңарту мәселесiне мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi облыстық мәслихаттың екiншi сессиясының шешiмiн орындау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Россия Федерациясынан 910 тонна элиталық тұқым сатып алуға облыс бюджетiнен қайтару негiзiнде "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне несие беру" бағдарламасында ескерiлген қаржы есебiнен 30 млн. теңге бөлiнсiн оның:

1) Алтай өлкесiндегi "Золотое зерно Алтая" ААҚ-нан 27,7 млн. теңге сомасына 850 тонна;

2) Омск облысындағы Сiбiр ауыл шаруашылығын ғылыми - зерттеу институтынан 2,3 млн. теңге сомасына 60 тонна алынсын.

📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімінің 2000.04.28 N 853 шешімімен.

2. Тұқымның төлем операцияларын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына облыстың Қазынашылық басқармасында валюталық шот ашуға рұқсат етiлсiн.

3. Элиталық тұқымдарды сатып алу және облыстық бюджетке заемдық қаржыны қайтару механизмi мен шарттары бекiтiлсiн (N 1 қосымша).

📌 Ескерту. 3-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ШҚО әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегi N 876 шешiмімен.

4. Тұқым сатып алу операцияларын орындауды, оларды ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне тауарлық несие ретiнде беру және заемдық қаржыны депозиттік шот пен облыстық бюджетке қайтару бағдарлама әкімшісі - облыс ауыл шаруашылығы басқармасына жүктелсін.

📌 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегi N 876 шешiмімен.

5. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (И.И.Савин) келiсiм-шарт негiзiнде жабдықтаушыдан облысқа элиталық тұқымдарды сатып алуды және тасуды ұйымдастырсын.

6.<*>

📌 Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ШҚО әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегi N 876 шешiмімен.

7. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнің орынбасары А.Б.Қалиевке жүктелсiн.

10 Тұқымдарды сатып алудың, тауарлық астықты айырбастаудың, оларды өткізудің және несиелік қаржыны облыстық бюджетке қайтарудың механизмі және шарттары

Облыс әкiмiнің 2000 жылғы
6 сәуірдегі N 836
шешiмiне N 1 қосымша
📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ШҚО әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегi N 876 шешiмімен.
Тұқымдарды сатып алудың, тауарлық астықты
айырбастаудың, оларды өткізудің және несиелік қаржыны облыстық
бюджетке қайтарудың механизмі және шарттары

1. Облыстық бюджет қайтару негізінде Россия Федерациясынан элиталық тұқымдар сатып алуға 30 миллион теңге бөледі.

2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы жабдықтаушымен тұқымдарды сатып алу жөнінде келісім-шарт жасайды, тұқымдарға сараптау жүргізеді.

3. Жабдықтаушы Шемонаиха қаласында дейін тұқымдарды жеткізуді ұйымдастырады.

4. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық Қазынашылық басқармасында валюталық шот ашады және келісім-шарт негізінде тұқым үшін төлем төлейді.

5. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Шемонаиха қаласында жабдықтаушыдан тұқым қабылдайды және шартқа сәйкес оны ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өсімсіз тауарлық несие түрінде береді. Тұқымдарды әкелу, кедендік ресімдеу, байланыс, уақытша сақтау, мамандардың жол шығындары тұқымның бағасына кіреді.

6. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері тұқым төлемін 2 кезекте жүргізеді:

1) тауар өндіруші тұқым олар алдында оның құнының 1/3 бөлігін төлейді;

2) қалған 2/3 бөлігін астық жинау жұмыстары біткен кезде облыстың ауылшаруашылығы басқармасының депозиттік шотына 2000 жылдың 15 қазанына дейін аударады.

3) Элиталық тұқымның барлық сомасын бірінші кезеңде де төлеуге болады.

7. Депозиттік шотқа түскен ақшаны облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде облыстық бюджетке аударады. (РНН 180100000010, облыстың Қазынашылық басқармасы, МФО 19001003, е/ш 80500 "Ішкі басқа кредиттеулерді өтеу" төлемінің коды 501509).

8. Тұқымды тасу, оның бағасын анықтау, тұқым төлемі, несиелік қаржыны қайтару барысында туған барлық талас заңда белгіленген тәртіппен шешіледі.

Облыс әкiмi аппаратының
басшысы