Қазалы ауданының Майдакөл ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қазалы ауданының Майдакөл ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Қазалы ауданының Майдакөл ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 386
- Қабылданған күні
- 30.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2011 · қолданыстағы 57164_209338.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LD000140
- ЭКБ идентификаторы
- 57164
- Редакция идентификаторы
- 57164_209338
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:20
0 Қазалы ауданының Майдакөл ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 2-19-752 санды ұсынысының негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округінде қой және ешкі малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (Б.Пірманов, келісім бойынша) бруцеллез ауруының таралуына жол бермеуге және жоюға бағытталған ветеринариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.
3 3. "Майдакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" (Ө.Өтеп-Әлі) және "Қазалы аудандық ветеринария бөлімі" (А.Рыстығұл) мемлекеттік мекемелері мүдделі органдармен бірлесе отырып тиісті шараларды ұйымдастырсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ш.Қойшыбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Қазалы аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Пірманов ________________