О порядке установления цен на импортные лекарственные средства, изделия медицинского назначения и химреактивы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке установления цен на импортные лекарственные средства, изделия медицинского назначения и химреактивы
- Атауы (қаз.)
- ИМПОРТТЫҚ ДӘРI-ДӘРМЕК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ЖАБДЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ РЕАКТИВТЕРГЕ БАҒА БЕЛГIЛЕУДIҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 480
- Қабылданған күні
- 04.05.1994
- Көрсетілген редакция
- 05.03.1996 AI572_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P940000480_
- ЭКБ идентификаторы
- 572
- Редакция идентификаторы
- AI572_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:40
0 ИМПОРТТЫҚ ДӘРI-ДӘРМЕК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ЖАБДЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ РЕАКТИВТЕРГЕ БАҒА БЕЛГIЛЕУДIҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ
Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.03.05. № 280 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1529 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап келiп түскен импорттық медикаменттердiң көтерме-босату бағасын белгiлеу кедендiк рәсiмдеу күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген шетелдiк валюта бағамы бойынша теңгеге шағып есептелген сыртқы сауда (контракт) бағаларының және "Фармация" Мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы рентабельдiлiгiнiң 40 проценттiк соларға қатысты шектi деңгеймен алғандағы шығынының негiзiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Көрсетiлген медикаменттердi халыққа және емдеу-профилактикалық мекемелерiне сату көтерме босату бағасының және тауар айналымы рентабельдiлiгiнiң 5 проценттiк шектi деңгейiмен алғандағы айналыс шығасысы негiзiнде айқындалатын бөлшек сауда бағасы бойынша жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының орталықтандырылған қаражаты мен шетелдiк кредиттер есебiнен импорт бойынша сатып алынған дәрi-дәрмектiң қалғанына, аттас немесе ұқсас дәрi-дәрмектiң көтерме немесе бөлшек сауда жүйесiне түсуiне қарай қоса бағалануға тиiс деп белгiленсiн.
Қоса бағалаудан алынған сома республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.