Об утверждении Правил ведения частным судебным исполнителем книги учета сумм на текущем счете (депозитная книга)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения частным судебным исполнителем книги учета сумм на текущем счете (депозитная книга)
- Атауы (қаз.)
- Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 20.01.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2020 57210_479004.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006754
- ЭКБ идентификаторы
- 57210
- Редакция идентификаторы
- 57210_479004
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:16
0 Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 123-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15
бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу
ережесі
1 1. Осы Ереже "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы123-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу тәртібін реттейді.
2 2. Ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу мақсатында жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабы (бұдан әрі - депозиттік кітап) жүргізіледі.
3 3. Депозиттік кітап нөмірленеді, тігіледі, жеке сот орындаушысының қолы қойылып, мөрімен куәландырылады.
4
4. Депозиттік кітапта: ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні, атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі; төлем құжатының атауы мен нөмірі; борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өндіріп алушы өкілінің деректері; түскен соманың мөлшері; төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн; төленген соманың мөлшері, егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі, алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); төленбеген соманың қалдығы көрсетіледі.
5 5. Депозиттік кітапты ашу кезінде оған жеке сот орындаушысының сол күнгі банктегі ағымдағы шотында бар қалдық сома түгелдей енгізіледі. Кейіннен банктен үзінділердің келіп түсуіне қарай жазба жүргізіледі.
6 6. Ағымдағы шотқа сомалар түскен жағдайда жеке сот орындаушы үш жұмыс күні ішінде төлем шотын банкке жібереді.
Аталған төлем шотының орындалуы туралы банктің белгілеуінен кейін жеке сот орындаушысы депозиттік кітапта тиісті жазба жүргізеді. Төлем шотының бір данасы атқарушылық іс жүргізу материалдарына тіркеледі, екіншісі хронологиялық тәртіпте нарядқа жеке тігіледі.
10 Ағымдағы шоттағы соманы есепке алу кітабы (депозиттік кітап)
Жеке сот орындаушысымен ағымдағы
шоттағы сомаларды есепке алу
кітабын (депозиттік кітап)
жүргізу ережесіне қосымша
Нысан
Ағымдағы шоттағы соманы есепке алу кітабы (депозиттік кітап)
Р/с
№
Ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні
Атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі
Төлем құжатының атауы мен нөмірі
Борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы:
Өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өндіріп алушы өкілінің деректері
Түскен соманың мөлшері
Төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн
Төленген соманың мөлшері (егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі), және алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
Төленбеген соманың қалдығы
Ескертпе
6
7
8
9
10
11