Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в период избирательных кампаний
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в период избирательных кампаний
- Атауы (қаз.)
- Сайлау кампаниясы кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 129
- Қабылданған күні
- 01.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2021 57258_518746.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NA000164
- ЭКБ идентификаторы
- 57258
- Редакция идентификаторы
- 57258_518746
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:13
0 Сайлау кампаниясы кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламент, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына барлық кандидаттарына Қостанай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін мына орындар белгіленсін:
1 1) қоғамдық көлікке арналған аялдама павильондарының қасында орналасқан стендтер, тұғырлықтар және тақталар;
2 2) қаланың білім беру және мәдениет мекемелерінің қасында орнатылған ақпараттық стендтер;
3 3) тиісті нысандар иелерінің рұқсатымен басқа орындарда;
2
2. "Депутаттыққа кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 1605 (9-1-85 тіркеу нөмірі, 2007 жылғы 26 маусымда "Қостанай" газетінде жарияланды), "Үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің және Қостанай қалалық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 18 тамыздағы № 2/1 (9-1-110 тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 11 қыркүйекте "Қостанай" газетінде жарияланды) бірлескен қаулысының және "Үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 3 наурыздағы № 367 (9-1-124 тіркеу нөмірі, 2009 жылғы 12 наурызда "Қостанай" газетінде жарияланды) Қостанай қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
КЕЛІСІЛДІ
Қалалық сайлау
комиссиясының төрайымы
____________ В. Макерова