Об утверждении Положения о первооткрывателях месторождений Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о первооткрывателях месторождений Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 08.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI57266_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000090
- ЭКБ идентификаторы
- 57266
- Редакция идентификаторы
- AI57266_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:12
0 Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту туралы
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасыньң 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 90 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1 1. Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2
2. Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы (бұдан әрі - Алғашқы ашушы) - өнеркәсіптік құндылыққа ие, бұрын белгісіз болған кен орнын ашқан, сондай-ақ бұрыннан белгілі кен орнында пайдалы қазбалардың қосымша қорларын немесе оның өнеркәсіптік құндылығын едәуір ұлғайтатын жаңа минералдық шикізатты анықтаған тұлға.
3 3. Кен орнын ашуға және барлауға тікелей белсенді түрде қатысқан және ерекше кезге түскен:
1 1) шығармашылық бастама жасаған және нәтижесінде өнеркәсіптік құндылығы бар жаңа кен орны ашылған геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ғылыми негіздеген;
2 2) белгілі кен орны шегінде оның қорын бұрын бекітілгенмен салыстырғанда кемінде екі есе ұлғайтатын жаңа дербес учаскелерді, кенді денелерді, қаттарды, қабаттарды немесе өнеркәсіптік пайдалануға жарамды жаңа пайдалы қазбаны ашқан жеке тұлғалар Алғашқы ашушылар деп танылады.
4 4. Алғашкы ашушы деп танылған тұлғаға диплом мен "Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы" омырауға тағатын құрмет белгісі беріледі.
5
5. "Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы" омырауға тағатын құрмет белгісінің сипаттамасы мен бейнесін қоса алғанда, "Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы" омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы нұсқаулықты, "Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы" омырауға тағатын құрмет белгісіне қоса берілетін дипломның үлгісін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6 6. Кен орнын ашуға алып келген геологиялық барлау жұмыстарын
жүргізу қажеттілігін негіздеуге, кен орнын ашу мен барлауға өзі тікелей қатыспаған, өзінің қызметтік міндеттеріне қарай көрсетілген жұмыстарға жалпы басшылықты жүзеге асырып отырған лауазымды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы" омырауға тағатын құрмет белгісін тапсыру жүргізілмейді.
2 2. Өтінішті қарау және жеке тұлғаны пайдалы қазба кен орнын Алғашқы ашушы деп тану туралы шешім қабылдау
7
7. Жеке тұлғаны Алғашқы ашушы деп тануға байланысты мәселелерді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) білікті мамандарынан құралатын және уәкілетті органның жанындағы Пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашу істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
8
8. Геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменттері (бұдан әрі - өңіраралық департаменттер) жанынан тиісті өңіраралық департаменттердің мамандарынан тұратын пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар істері жөніндегі еңіраралық комиссиялар (бұдан әрі - өңіраралық комиссиялар) құрылады.