Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива

Бұйрық · № 11-2/13 · қабылданған 17.01.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57283/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива Қолданыста Бұйрық ·№ 11-2/13 ·17.01.2011
26.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-2/13 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива
Атауы (қаз.)
Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-2/13
Қабылданған күні
17.01.2011
Көрсетілген редакция
26.01.2023 57283_619673.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006760
ЭКБ идентификаторы
57283
Редакция идентификаторы
57283_619673
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:17

0 Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары

«Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасы бекітілсін.

2 2. Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 17 қаңтардағы
№ 11-2/13 бұйрығымен
бекітілген
Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану тәртібін айқындайды.

2

2. Биоотын өндірісі биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) өндіріс көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптары (бұдан әрі – есептегіш аспаптар) болған кезде жүзеге асырылады.

3 3. Есептегіш аспаптар ретінде биоотын өндірісінің көлемдерін үздіксіз өлшеуді жүргізетін және олар туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қашықтықтан беруді, өңдеуді, сақтауды және беруді (индикацияны) жүргізетін арнайы аспаптар қолданылады.

2 2-тарау. Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану тәртібі

4 4. Биоотын өндірушілер есептегіш аспаптарды биоотын өндіру жөніндегі технологиялық желілерде орнатуды жүзеге асырады.

«Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 болып тіркелген) сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және «Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелді) сәйкес тексеруден өткен есептегіш аспаптарды орнатуға рұқсат етіледі.

5 5. Есептегіш аспаптар болмаған және (немесе) ақаулы болған жағдайда, биоотын өндірісі жүзеге асырылмайды.

Есептегіш аспаптардың жұмысында ақаулар анықталған жағдайда, биоотын өндіруші ақауды тапқан күні уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
Биоотын өндіру процесін одан әрі іске қосу себептері анықталған жағдайда және есептегіш аспаптардың жұмысындағы ақаулар жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

6 6. Есептегіш аспаптың ақаулығы жойылған жағдайда, биоотын өндіруші ақаулық жойылған күні уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға электрондық байланыс арналары арқылы тиісті жазбаша хабарламаны электрондық түрде жібереді.

7 7. Есептегіш аспаптарды қолдану мынадай негізгі талаптарға сай болуы тиіс:

1

1) есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуішінің бастапқы түрлендіргіші өлшеу кезінде әрқашан барлық қимасы бойынша толып тұратын құбыржолдың көлбеу учаскесіне орнатылады. Есептегіш аспаптың фланеці мен дайын биоотынның шығаруын жүзеге асыратын жалғастырушы фланец арасына құбыржолдың аралық фланецін және басқа да ажыратқыштарды орнатуға жол берілмейді;

2 2) құбыржолдың көлбеу учаскесінде өлшеу кезінде есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуішінің жол берілетін ақаулығы ± 0,5 пайызды құрайды;

3 3) құбыржолдың есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуіші мен қысымды резервуарды жалғастыратын учаскесінде ауа шығаратын торап болуы мүмкін;

4 4) есептегіш аспаптар жұмысының температуралық режимі 0-ден + 40 градус Цельсийге дейін құрайды;

5 5) жадының сыйымдылығы өспелі көрсеткішпен көрсетіледі;

6 6) есептегіш аспаптар жұмысында кідірістер болған жағдайда, сондай-ақ оларды ауыстыру кезінде барлық жиналған ақпараттың сақталуы қамтамасыз етіледі;

7 7) заңсыз қолжетімділіктен қорғайтын қауіпсіздік жүйесінің (код, кілт, пломба, голографиялық жапсырма) болуы;

8 8) кідірістерден және сыртқы әсерлерден қорғаулы болуы (кернеуді қайтарғыш, үздіксіз қоректендіру көзі), ал апатты кідірістер жағдайында электрмен жабдықтаудың автономды жұмыс істеу ұзақтығы 3 тәуліктен кем болмайды;

9 9) есептегіш аспаптарда техникалық паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық және сәйкестік сертификаты болады.

8

8. Заңсыз қолжетімділікті болдырмас үшін көлемдік шығыстарды өлшегіш (шентемір жалғамалар) орнатылған орынды, ақпаратты өңдеу блогының қалқанын жергілікті атқарушы органның қызметкері биоотын өндірушіден хабарлама алған сәттен бастап 2 (екі) күн ішінде пломбалайды. Пломбалау қорытындысы бойынша пломбаларды салу орындары мен нөмірлерін көрсете отырып, еркін нысанда акт жасалады.

Қолданыстағы