Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оформления, заказа, получения, выдачи, учета, хранения и представления сопроводительных накладных на этиловый спирт и алкогольную продукцию при их реализации и транспортировке

Бұйрық · № 670 · қабылданған 29.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57303/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил оформления, заказа, получения, выдачи, учета, хранения и представления сопроводительных накладных на этиловый спирт и алкогольную продукцию при их реализации и транспортировке Күшін жойған Бұйрық ·№ 670 ·29.12.2010
30.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оформления, заказа, получения, выдачи, учета, хранения и представления сопроводительных накладных на этиловый спирт и алкогольную продукцию при их реализации и транспортировке

Күшін жойған Бұйрық ·№ 670 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оформления, заказа, получения, выдачи, учета, хранения и представления сопроводительных накладных на этиловый спирт и алкогольную продукцию при их реализации и транспортировке
Атауы (қаз.)
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
670
Қабылданған күні
29.12.2010
Көрсетілген редакция
30.12.2011 AI57303_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006759
ЭКБ идентификаторы
57303
Редакция идентификаторы
AI57303_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:22

0 Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес этил спиртімен алкоголь өнімінің айналымына бақылауды күшейту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін бекіту туралы Ережелер бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйырықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға іліспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету Ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 29 желтоқсан
№ 670 бұйрығымен бекітілген
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға іліспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға іліспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс етудің Ережесі (бұдан әрі - Ережесі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2

2. Осы Ереже заңды және жеке тұлғалармен (бұдан әрі - жеткізуші) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде іліспе жүк құжаттарын (бұдан әрі - ІЖҚ) ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін белгілейді.

3

3. Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде (Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту орнынан жеткізу орнына дейін импортталатын алкоголь өнімін тасымалдаудан басқа), жеткізуші мiндеттi тәртiппен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ІЖҚ ресiмдейдi.

4 4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым саласында жүзеге асыру және бақылау функцияларды орындайтын мемлекеттік орган уәкілетті орган болып табылады.

2 2. Іліспе жүк құжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру және табыс етуді ресімдеу

5 5. ІЖҚ этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізушімен мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде «Салық төлеушінің кабинеті» Интернет-ресурсы (web-қосымшасы) арқылы (бұдан әрі - Бағдарлама) электрондық түрде ресімделеді.

Бағдарлама уәкілетті органының Интернет-ресурсында (web-порталында) орналасады және салық төлеушілермен пайдалану үшін қол жетімді болып табылады.

6 6. Алушымен жеткізушіге ІЖҚ тапсырыс беру этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізуге (жіберу) көлемдеріне тапсырыс беру жолымен жүзеге асырылады.

7 7. ІЖҚ келесі мыналар көрсетіледі:

1 1) нөмір (Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

2 2) ресімдеу мерзімі (Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

3 3) операция коды (Бағдарламаның анықтамасынан таңдалынады);

4 4) жеткізушінің салық төлеуші тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН);

5 5) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН);

6 6) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

7 7) лицензия нөмірі және жеткізушінің лицензияда көрсетілген мекен-жайы (осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады);

8 8) жеткізушінің түрі (Бағдарламаның бейнеленген тізімінен таңдап алынады);

9 9) алушының СТН жеткізушімен енгізіледі;

10 10) алушының ЖСН/БСН жеткізушімен енгізіледі;

11 11) алушының атауы (осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

12 12) лицензия нөмірі және алушының лицензияда көрсетілген мекен-жайы (осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі, этил спиртін медициналық мақсаттарға және техникалық мұқтаждықтарға алмағанда);

13 13) алкоголь өнімін алуға алушы сенімхатының (болған кезінде) мерзімі және нөмірі жеткізушімен енгізіледі;

14 14) келісімнің (болған кезінде) нөмірі және мерзімі жеткізушімен енгізіледі;

15 15) көлік құралының түрі (Бағдарламаның бейнеленген тізімінен таңдап алынады);

16 16) алкоголь өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (болған кезінде) туралы мәліметтер жеткізушімен енгізіледі;

17 17) көлік құралы туралы ақпарат (автомобиль көлігімен тасымалдағанда көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізушімен енгізіледі;

18 18) жабдықтаушы туралы ақпарат (жабдықтаушының, жүргізушінің аты-жөні) (болған кезінде) жеткізушімен енгізіледі;

19 19) сатылатын (тиеп - жөнелтілетін) этил спиртінің саны (литрде көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 36) тармақшасында аталған ақпараттар этил спиртін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті, осымен бірге тиісті ұяшығында тиеп жөнелтілетін спиртінің саны көрсетіледі:

алкоголь өнімінің өндірісі үшін;
медициналық мақсатта;
техникалық мақсатта;

20

20) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының саны (литрде көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген ақпараттар шарап материалын сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті, осымен бірге тиісті ұяшықта тиеп-жөнелтілетін шарап материалының саны көрсетіледі:
алкоголь өнімінің өндірісіне;
коньяк спиртінің өндірісіне (тікелей немесе боза айыру жолымен шарап материалынан алынатын этил спирті);

21 21) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің жалпы саны (осы тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнім санын қосу жолымен Бағдарламамен автоматты түрде көрсетіледі).

Осы тармақшада және осы тармақтың 22)-28) және 36) тармақшаларында көрсетілген ақпараттар алкоголь өнімін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті;

22 22) жолдың реттік нөмірі;

23 23) алкоголь өнімінің жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) (Бағдарламаның ЖСК анықтамалығынан таңдап алынады);

24 24) өнім түрі (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

25 25) өнім атау (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде енгізіледі);

26 26) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

27 27) шөлмектің саны жеткізушімен енгізіледі;

28 28) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің саны (осы тармақтың 26) және 27) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарламамен автоматты түрде литрде беріледі;

29 29) жеткізушімен берілетін ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімді қайтару жағдайында ғана толтырылады);

30 30) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы саны осы тармақтың 34) тармақшасында көрсетілген сыра санын қосу жолымен (Бағдарламамен автоматты түрде көрсетіледі).

Осы тармақшада және осы тармақтың 31)-34) және 36) тармақшаларында көрсетілген ақпараттар алкоголь өнімін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті;

31 31) сыраның атауы жеткізушімен енгізіледі;

32 32) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығы жеткізушімен енгізіледі;

33 33) ыдыстың, шөлмектің, кег-бөшкенің саны жеткізушімен енгізіледі;

34 34) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның саны (осы тармақтың 32) және 33) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарламамен автоматты түрде литрде беріледі);

35 35) жеткізушімен берілетін ІЖҚ нөмірі (сыраны қайтару жағдайында ғана толтырылады);

36 36) басшысының тегі, аты, әкесінің аты жеткізушімен толтырылады;

37 37) бухгалтердің болған кезінде тегі, аты, әкесінің аты жеткізушімен толтырылады.

8 8. Уәкілетті органның серверіне ІЖҚ жөнелтуден кейін қағаз жүзінде екі данада басып шығарылады, басшысының, бухгалтердің болған кезінде қолдары қойылады, сондай ақ жеткізушінің мөрімен расталады (жеке кәсіпкерлер үшін бар болған жағдайында).

9 9. Жеткізу орнына дейін тасымалдау кезінде этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз жүзіндегі бір данасы тасымалдаушыға беріледі (алушының өкілдігі), ол кейінен аталған тауарды алушыға тапсырылады.

10 10. ІЖҚ екінші данасы этил спирті және алкоголь өнімін жеткізушіде сақталады.

11 11. ІЖҚ Бағдарламада ІЖҚ алуды дәлелдеу жолымен электрондық түрде алушылармен тапсырылады.

Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізушілер (медициналық және техникалық мақсаттарға этил спиртін алушылардан басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізушімен ІЖҚ ресімдеу мерзімінен он бес күнтізбелік күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде дәлелдейді.

12 12. Осы Ереженің 7-тармағымен белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен ІЖҚ ресімдеу, осындай ІЖҚ ресімдеу күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жойылуға жатқызылады.

13 13. ІЖҚ жою жағдайында жаңадан ІЖҚ шығарылады.

3 3. Iлеспе жүкқұжаттарының есепке алу және сақтау

14 14. ІЖҚ есебі осы Ережеге 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ІЖҚ Бағдарламасының тізілімінде жүргізіледі.

15 15. Қағаз жүзіндегі ІЖҚ жеткізушіде және алушыда бес жыл ішінде сақталынады.

16 16. Жеткізушіні (алушыны) қайта ұйымдастыру кезінде - заңды тұлғаны, қайта ұйымдастырылған тұлғасы бойынша ІЖҚ сақтау міндеттемесі оның құқық мұрагеріне жүктеледі.

1 Этил спирті мен алкоголь өнімін

өткізу және тасымалдау кезінде
оларға ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу, тапсырыс беру, алу,
беру, есепке алу, сақтау және
табыс ету тәртібін бекіту туралы
Ережесіне 1-қосымша
нысан
Іле­с­пе жүк­құ­жа­ты №
Ре­сім­дел­ген кү­ні: ____ __ ____          Опе­ра­ци­я­ның ко­ды _________
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і _____________________
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН-і* ________________
Жет­кі­зу­ші­нің ата­уы _____________________
Жет­кі­зу­ші­нің ли­цен­зи­я­сы­ның нө­мі­рі және ли­цен­зия бой­ын­ша ад­ре­сі ________________
________________________________________
Жет­кі­зу­ші­нің тү­рі ______________________
Алушы­ның СТН-і _________________________
Алушы­ның ЖСН/БСН-і* ____________________
Алушы­ның ата­уы _________________________
Алушы­ның ли­цен­зи­я­сы­ның нө­мі­рі және ли­цен­зия бой­ын­ша ад­ре­сі _________________
_________________________________________
Алушы­ның се­нім-ха­ты
№ ________ алын­ған кү­ні: _____ __ _______
Ке­лі­сім-шар­ттың нө­мі­рі ___________ Ке­лі­сім-шар­ттың жа­сал­ған кү­ні _____________
Кө­лік­тің тү­рі: |_| Ав­то |_| ТЖ |_| Әуе |_| Те­ң­із­дік неме­се іш­кі су
Та­су­шы­ның ата­уы _______________________________________________________________­__
Кө­лік түр­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер _________________________________________________
Экс­пе­ди­тор ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ____________________________________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Са­ты­ла­тын (ти­е­ліп жө­нел­ті­ле­тін) этил спир­ті­нің са­ны: _____ (литр)
Ал­ко­голь өні­мін
өн­ді­ру­ге: _____________ Ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­тар­ға: ____________ Тех­ни­ка­лық мұқ­таж­дық­тар­ға: ___________
Са­ты­ла­тын (ти­е­ліп жө­нел­ті­ле­тін) ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның са­ны: ___ (литр)
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру­ге: _______________________________________________________
Ко­ньяк­тік спир­тін өн­ді­ру­ге: _____________________________________________________
Са­ты­ла­тын (ти­е­ліп жө­нел­ті­ле­тін) ал­ко­голь өні­мі­нің (арақ, ко­ньяк, брен­ди, ша­рап, ЛАБ) бар­лық са­ны: ______ (литр)

Пин-код
Өнім­нің тү­рі
Өнім­нің ата­уы
Ыдыс­тың сый­ым­ды­лы­ғы (литр)
Шөл­мек­тер­дің са­ны
Литр
Жет­кі­зу­ші­мен тол­ты­ры­л­ған ІЖҚ-ң нө­мі­рі (ал­ко­голь өні­мі қай­та бе­рі­л­ген­де)
Жол­дар­дың бар­лық са­ны: _______
Са­ты­ла­тын (ти­е­ліп жө­нел­ті­ле­тін) сы­ра­ның бар­лық са­ны: _____ (литр)

Сы­ра­ның ата­уы
Ыдыс­тың сый­ым­ды­лы­ғы (литр)
Ыдыс­тар­дың, кег-бөш­ке­лер­дің,шөл­мек­тер­дің са­ны
Литр
Жет­кі­зу­ші­мен тол­ты­ры­л­ған ІЖҚ-ң нө­мі­рі (сы­ра қай­та бе­рі­л­ген­де)
Жол­дар­дың бар­лық са­ны: _______
Бас­шы­ның Т. А. Ә.: _______________________ __________________
қо­лы
МО:
Бух­гал­тер­дің Т. А. Ә.: ______________________ __________________
қо­лы
* - 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады

2 Этил спирті мен алкоголь өнімін

өткізу және тасымалдау кезінде
оларға ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу, тапсырыс беру, алу,
беру, есепке алу, сақтау және
табыс ету тәртібін бекіту туралы
Ережесіне 2-қосымша
ІЖҚ-і тір­кеу жур­на­лы
ІЖҚ-ың кү­ні                                  ІЖҚ-ы рас­тау /
__ ж. __ ___ ба­стап __ж. __ ___ дей­ін              ауыт­қы­ту кү­ні __ ж. __ __
ба­стап __ж. __  дей­ін
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і ____________________        Алушы­ның СТН-і __________________
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН-і * ______________        Алушы­ның ЖСН/БСН-і *_____________
ІЖҚ-ың нө­мі­рі:_________________  ІЖҚ-ың ста­ту­сы:|_| ал­ғаш­қы тү­рі  |_| жой­ы­л­ған
                                                |_| жі­бе­рі­л­ген    |_| рас­тал­ған
                                                |_| алын­ды        |_| ауыт­қы­тыл­ды

ІЖҚ-ың кү­ні
ІЖҚ-ың нө­мі­рі
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН-і*
Алушы­ның СТН-і
Алушы­ның ЖСН/БСН-і*
ІЖҚ-ы   рас­тау/ауыт­қы­ту кү­ні
Өт­кен күн­дер­дің са­ны
Ста­ту­сы
Әре­кет­тер
Көр­се­ті­ле­тін жол­дар­дың бар­лық са­ны: _______
* - 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады

Қолданыстағы