Об утверждении Положения о наркологических организациях (больницах, диспансерах)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о наркологических организациях (больницах, диспансерах)
- Атауы (қаз.)
- Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 05.01.2011
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2020 57305_495012.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006744
- ЭКБ идентификаторы
- 57305
- Редакция идентификаторы
- 57305_495012
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:18
0 Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 және 32-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы наркологиялық ұйымдардың мәртебесі мен өкілеттігін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
2
2. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы маусымда № 6 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде:
5-тарауда:
Мынадай мазмұндағы 335-1-тармақпен толықтырылсын:
«335-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының нарколог-дәрігерлерінің лауазымдары:
Нарколог-дәрігерлердің 1 тәуліктік посты - уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының 20 төсегіне.
Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының меңгерушісі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді.»;
339-тармақтың 3 абзацындағы «жасөспірімдер» деген сөз «балалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
345-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«345. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін әрбір наркологиялық ұйымға сот-наркологиялық сарапшы дәрігердің екі лауазымы. Егер жылына сот-наркологиялық сараптаманың саны 1000-нан асатын болса, онда сот-наркологиялық сараптамашы дәрігердің бір лауазымы қосымша енгізіледі.»;
349-1-тармақ мынадай мазмұндағы баяндаумен толықтырылсын:
«349-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының медициналық бике лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының фельдшерлер лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының аға медициналық бике лауазымы әр орталыққа бекітіледі.»;
355-1-тармақ мынадай мазмұндағы баяндаумен толықтырылсын:
«355-1.Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының санитар, санитар-жуындырушы және бақылау бойынша санитар лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының шаруашылық-бикесі лауазымы әр орталыққа бекітіледі.».
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Төлеғалиева А.Ғ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыстар жөніндегі департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Аталған бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар,диспансерлер) туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрдің м.а.
2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен бекітілген
Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар,диспансерлер) туралы ереже