Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации

Қаулы · № 120 · қабылданған 10.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57320/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации Күшін жойған Қаулы ·№ 120 ·10.02.2011
20.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации

Күшін жойған Қаулы ·№ 120 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации
Атауы (қаз.)
Тарихи шығындарды геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
10.02.2011
Көрсетілген редакция
20.08.2015 AI57320_6.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000120
ЭКБ идентификаторы
57320
Редакция идентификаторы
AI57320_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:11

0 Тарихи шығындарды геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасы бекітілсін.

2 2. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнының айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасы 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 10 ақпандағы
№ 120 қаулысымен
бекітілген
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасы 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауы туралы тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін белгілейді.

2 2. Тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған; олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.

3 3. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.

4 4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері үшін айқындалады.

5 5. Тарихи шығындардың көлемін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықтайды.

2 2. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібі

6

6. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жарияланғанға дейін жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі (бұдан әрі - жер қойнауы учаскесі) шегінде орындалған барлық геологиялық зерттеулерге түгендеу жүргізеді. Түгендеудің деректері жер қойнауы учаскесінің геологиялық зерделену дәрежесі мен геологиялық барлау жұмыстарының нақты шығындарын көрсетуге тиіс. Түгендеудің деректері бойынша геологиялық зерделену картограммасы мен түгендеу ведомосі жасалады, осылардың негізінде тарихи шығындардың есебі жүзеге асырылады.

6-1 6-1. Геологиялық зерделену картограммасында: келісімшарттық аумақтың пішіні және бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары; келісімшарттық аумақта бұрын орындалған барлық геологиялық зерттеулердің пішіні көрсетілуге тиіс.

Келісімшарттық аумақта орындалған барлық геологиялық-барлау жұмыстары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының түгендеу ведомосына (бұдан әрі - түгендеу ведомосы) енгізіледі.
Түгендеу ведомосынан объекті(лер)де жүргізілген нақты жұмыстар алынып тасталады және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар нақты шығындары тарихи шығындардың есебінен толық алынып тасталатын геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтамаға (бұдан әрі - алып тастау туралы анықтама) енгізіледі.
Түгендеу ведомосындағы қалған объекті(лер) бойынша жұмыстар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының шығындарының бір бөлігін есептеу туралы анықтамаға (бұдан әрі - есептеу туралы анықтама) енгізіледі.
Есептеу туралы анықтама тарихи шығындардың есебі үшін бастапқы құжат болып табылады.
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша жинақталады (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде). Уәкілетті органның аумақтық орган(дар)ы объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындар есебін (бұдан әрі - тарихи шығындар есебі) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.

7

7. Тарихи шығындар әр жер қойнауы учаскесі бойынша жеке қаралады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітетін Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін тау-кендік немесе геологиялық бөлулермен анықталады.

7-1

7-1. Мүдделі тұлғаның сұратуы негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда және геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес уәкілетті органның тапсырмасы бойынша әрбір объект бойынша тарихи шығындар есебін тиісті аумақтық орган(дар) жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.

8

8. Барлау немесе барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: жер қойнауы учаскесінің алаңына немесе оған сай келетін табиғи көлеміне барабар өңірлік геологиялық-геофизикалық, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, ғылыми, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеумен байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

9

9. Барлауды немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын айқындаған және бағалаған және тікелей келіссөздер негізінде, конкурс өткізбей, өндіруге арналған келісімшартты жасауға айрықша құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы бойынша тарихи шығындар геологиялық бөлу шегінде есептеледі және геологиялық бөлудің алаңына барабар көлемдегі, өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
Конкурс жеңімпазына немесе тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғаға тарихи шығындар тау-кендік бөлу шегінде есептеледі және өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға кен орындары қорларының бір бөлігі берілген болса, онда тарихи шығындар кен орындарының жалпы қорларынан осы қорлардың осы бөлігіне барабар есептеледі.

10

10. Тарихи шығындарды есептеуден осы Қағиданың 8, 9-тармақтарында көрсетілген жұмыстардан, пайдалы қазбалардың мәлімделген түріне жатпайтын жұмыстар, оларды геологиялық зерттеулерге арналған шығындардан басқа немесе мемлекеттің қаражатынсыз жүргізілген, ұңғыма және тау-кен өндірудің тарихи шығындарын есептеу күніне жойылған өткізу жөніндегі жұмыстар алынып тасталады.

11

11. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық барлау жұмыстарының тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған құнының салаішілік индекстерінің өзгеруі өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге негіз болады.
1961 жылға дейінгі шығындарды 1961 - 1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961 - 1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.
1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш96 = Өжш х И 91 х 0,002 х И96, мұнда:
10
Тш96 - 1996 жылғы бағамен тарихи шығындар;
Өжш - өткен жылдардың шығындары;
И 91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі;
0,002 - теңгеге аудару коэффициенті;
И 96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.
1961 жылдан 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96
1991 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96
1992 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х 0,002: И(92-95) х И96,
мұнда: И(92-95) - жылдар бойынша геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).
1996 жылғы бағамен тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығару күнгі бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. Тарихи шығындардың есебін дайындау кезінде АҚШ долларымен алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша ұлттық валютаға аударылады.

12 12. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшiн тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставкалар қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түрiне байланысты сараланады:

Көмiрсутек шикiзаты:
барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 3 %.
Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):
барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 2,5 %.
Жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда):
барлау және өндiру – 2,5 %, өндiру – 4 %.
Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:
геол. ақпар.= Каек х Sкелісімш. аум. х Кт, мұнда:
геол. ақпар. – геологиялық ақпараттың құны;
Каек – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;
Sкелісімш. аум. – келісімшарт аумағының жалпы алаңы;
Кт – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;
Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
көмірсутек шикізаты – 310 АЕК;
қатты пайдалы қазбалар – 150 АЕК;
кең таралған пайдалы қазбалар – 100 АЕК;
жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 50 АЕК.
Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
көмірсутек шикізаты – 0,01;
қатты пайдалы қазбалар – 0,015;
кең таралған пайдалы қазбалар – 0,015;
жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 0,015.
Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.
Жер қойнауын пайдаланудан бос объекті бойынша геологиялық ақпарат сатып алынған жағдайда, ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.

13

13. Мемлекет қаражатынан алынбаған, бірақ мемлекеттің меншігіндегі геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін нәтижесінде геологиялық ақпарат алынған геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындардың сомасынан барлауға арналған пайыздық ставкалар осы Қағиданың 12-тармағында белгіленген тәртіппен қолданылады.

14 14. Құпиялылық туралы келісімдерде геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

1 Объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарын түгендеу ведомосы

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
1-қосымша
Бекітемін
__________________________
(Аумақтық бөлімше)
басшысы __________________
(Т.А.Ә. қолы, мөр)
2013 ж. «   »         №
Объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарын түгендеу ведомосы
Келісімшарттық аумақтың координаттары
Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Р/с

Пі­ші­ні­нің №№, Тү­ген­деу нө­мі­рі
Жұ­мыстар­дың ата­уы, кө­ле­мі, гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры жүр­гі­зі­л­ген жыл, орын­да­у­шы ме­ке­ме, есеп­тің ав­тор­ла­ры
Алаң­ның ко­ор­ди­нат­та­ры шар­шы км
Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның негіз­гі нәти­же­ле­рі
Орын­дал­ған жұ­мыстар кө­ле­мі және олар бой­ын­ша шы­ғын­дар
Фи­зи­ка­лық кө­лем
Қар­жы­лық шы­ғын­дар
1
2
3
4
5
6
7
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

2 Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтама

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
2-қосымша
Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтама
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Р/с

Пі­шін­нің №№, тү­ген­деу нө­мі­рі
Қар­жы­лық шы­ғын­дар
Алып та­стау се­беп­те­рі
1
2
3
4
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

3 Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған, геологиялық-барлау жұмыстарына арналған шығындар бөлігін есептеу туралы анықтама

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
3-қосымша
Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған, геологиялық-барлау жұмыстарына арналған шығындар бөлігін есептеу туралы анықтама
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Р/с

Пі­шін­нің №№, тү­ген­деу нө­мі­рі
Жал­пы ауда­ны, шар­шы км
Ке­лі­сім­шар­ттық аум­ақ­қа жат­қы­зы­ла­тын алаң, шар­шы км неме­се гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның фи­зи­ка­лық кө­ле­мі­нің %-ы
Жал­пы ауда­ны­нан % неме­се гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның фи­зи­ка­лық кө­ле­мі­нен %
Жал­пы шы­ғын­дар
Ке­лі­сім­шар­ттық аум­ақ­қа жат­қы­зы­ла­тын шы­ғын­дар
Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­л­ген жы­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

4 Объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындардың есебі

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
4-қосымша
Бекітемін
__________________________
(Аумақтық бөлімше)
басшысы __________________
(Т.А.Ә. қолы, мөр)
2013 ж. «   »         №
Объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындардың есебі
Келісімшарттық аумақтың координаттары
Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Тарихи шығындардың есебі ____________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
_____________________________________________________________________
тау-кендік/геологиялық бөлудің нөмірі, тіркеу күні, уәкілетті
органның хаты)
тау-кендік/геологиялық бөлудің және уәкілетті органның рұқсаты
негізінде жүргізілді.
Түгендеу ведомосында (Қағидаға 1-қосымша) көрсетілген
геологиялық-барлау жұмыстарынан тарихи шығындарды есептеу кезінде
жұмыстар алынып тасталды (Қағидаға 2-қосымша).
Қалған жұмыстар бойынша шығындар лицензияланатын объектіге
лицензияланатын ауданға барабар түрде жатқызылады (3-қосымша).
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау
жұмыстарының тарихи шығындары төмендегіні құрайды.
Р/с

Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры жүр­гі­зі­л­ген жыл
Өт­кен жыл­дар­дың шы­ғын­да­ры
Есеп­теу фор­му­ла­сы
Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның шы­ғын­да­ры, мың тең­ге
1
2
3
4
5
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар мен су­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры
1.
1961 жы­л­ға дей­ін
Өжш
х1,45­хО,002,И96/10=
2.
1961-1990
Өжш
х1,45­хО,002,И96=
3.
1991-1996
Өжш
хО,002,И96=
4.
1992-1996
Өжш
х0,002:И(92-95)хИ96=
5.
1996
Өжш
х1,0=
Мұ­най мен газ­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры (те­рең бұр­ғы­лау) ұқсас
1
2
3
4
5
Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры ұқсас
1
2
3
4
5
Гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар ұқсас
1
2
3
4
5
1997 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы ба­ға­мен жиы­ны:
1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары 73,95
теңгені құрағанда, геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары
АҚШ долларымен
_____________________________________________________________________
(теңгені АҚШ долларына аудару)
құрайды.
_____________________________________________________________________
(атауы)
(кен орнының, аймағының, өңірінің, ауданының) алаңындағы геологиялық-
барлау жұмыстары бойынша шығындар
___________________________________________ мың АҚШ долларын құрайды.
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау
жұмыстарының тарихи шығындары ағымдағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары
________ теңгені құрағанда, ____________________ мың теңгені құрайды.
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

5 Мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған геологиялық-барлау жұмыстарының құны өзгеруінің салаішілік индекстері

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
5-қосымша
Мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған геологиялық-барлау жұмыстарының құны өзгеруінің салаішілік индекстері
Р/с

Ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі­нің жы­лы
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар мен су­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры
Мұ­най мен газ­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры (те­рең бұр­ғы­лау)
Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры
Гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар
Жыл­дар бой­ын­ша ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
1
2
3
4
5
6
7
1
1,45
1,45
1,45
1,45
1,45
2
4,53
5,22
2,24
3
11,4
11,4
6,7
4
30,12
29,023
14,48
5
1992 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
14,36
14,31
7,53
13,8
6
95,68
98,26
54,33
7
109,31
113,48
75,5
8
165,15
191,25
87,73
9
417,7
793,4
290,46
10
1993 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
206,3
312,1
129
251,5
11
593,7
721,2
363,1
396,5
12
1418,5
1624,9
848,5
1111,5
13
3887,6
4506,6
1858,6
2956,3
14
6251,9
6936,9
2634,2
4333
15
7261,5
9806,7
4554
6062,3
16
1994 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
4430,4
5403,3
2349,2
3402,45
4628,6
17
8782
15935
7946
6961
18
9118
16312
8419
7313
19
11156
20392
11448
9044
20
1995 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
10081
18289,2
9854,7
8119,8
13575,6
21
11856
21350
13063
11731
22
13415
26301
14540
13427
23
1996 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
12460,5
23586
13397,75
11907,25
17496

Қолданыстағы