Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 1157 · қабылданған 18.02.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57347/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 1157 ·18.02.2011
29.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 1157 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1157
Қабылданған күні
18.02.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2015 57347_147684.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1100001157
ЭКБ идентификаторы
57347
Редакция идентификаторы
57347_147684
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:07

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

2

3

3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына тапсырмалар беру, қаралатын мәселелер бойынша Республика Президентінің тиісті актілерін шығару, сондай-ақ оларды атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Комиссия отырысында тыңдалатын мемлекеттік органның қызметі саласында заңнаманың бұзылу фактілері келтірілген жағдайда, Комиссия мүшелері болып табылатын немесе Комиссия отырысында шақырылған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары орын алған бұзушылық фактілері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның ұстанымын білдіреді.
Аталған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары осындай бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтуға құқылы.»;

4 4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 169-құжат):

11-тармақта «және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы» деген сөздер алып тасталсын;

5

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы