Об определении мест размещения агитационных печатных материалов
Күшін жойған
Қаулы
·№ 62
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест размещения агитационных печатных материалов
- Атауы (қаз.)
- Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 17.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2020 57354_460977.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NC000142
- ЭКБ идентификаторы
- 57354
- Редакция идентификаторы
- 57354_460977
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:08
0 Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28- бабының 6-тармағына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Барлық қандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін мынадай орындар белгіленсін:
1
1) қалалық Мәдениет сарайы, Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалықтың азық-түлік компаниясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараттарының жанында және "Наурыз" алаңында тақталар, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10-орта мектептері, бастауыш гимназиясы ғимараттарының жанында стендтер;
2 2) Ә. Боранбаев атындағы кинотеатр және "Айна" сауда үйі жанында тұғырлықтар;
3 3) Қызыл-Жұлдыз ауылында: орта мектеп ғимаратының жанында стенд;
4 4) Родина ауылында: Родина орта мектебі ғимаратының жанында және әкімдік ғимаратының жанында стендтер, автобустың соңғы аялдамасында тұғырлық;
5 5) Қайыңды ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;
6 6) Алуа ауылында: мектеп ғимаратының жанында стенд;
7 7) Аққошқар ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;
8 8) Көктау ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектептің жанында стенд;
9 9) Ашутасты ауылында: Мәдениет үйі мен әкімдік жанында тақталар, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;
10 10) Аңғар ауылында: әкімдік ғимараты жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;
11
12 12) Восточный ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, Мәдениет үйі және орта мектеп ғимаратының жанында стендтер;
13 13) Үштөбе ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;
14 14) Фурманов ауылында: "Жастар" Мәдениет үйі ғимаратының жанында тақта, Мәдениет үйі ғимаратының жанында стенд;
15 15) Матросов ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, мектеп ғимаратының жанында стенд;
16 16) Целинный ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, мектеп ғимаратының жанында стенд;
17 17) Молодежный ауылында: Мәдениет үйі ғимаратының жанында және орта мектеп ғимаратының жанында стендтер;
18 18) Жалғызтал ауылында: орта мектеп ғимаратының жанында стенд;
19 19) Жаңақала ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд;
20 20) Екідің ауылында: Мәдениет үйі ғимаратының және орта мектеп ғимаратының жанында стендтер;
21 21) Мирный ауылында: ауыл орталығында тақта, орта мектеп ғимаратының және әкімдік ғимаратының жанында стендтер.
2 2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Арқалық қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
___________ Ш. Тасмағамбетов