Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Объединенных Арабских Эмиратов о взаимных безвизовых поездках граждан - владельцев дипломатических паспортов

Қаулы · № 156 · қабылданған 18.02.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57373/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Объединенных Арабских Эмиратов о взаимных безвизовых поездках граждан - владельцев дипломатических паспортов Қолданыста Қаулы ·№ 156 ·18.02.2011
20.07.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Объединенных Арабских Эмиратов о взаимных безвизовых поездках граждан - владельцев дипломатических паспортов

Қолданыста Қаулы ·№ 156 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Объединенных Арабских Эмиратов о взаимных безвизовых поездках граждан - владельцев дипломатических паспортов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156
Қабылданған күні
18.02.2011
Көрсетілген редакция
20.07.2017 57373_361300.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000156
ЭКБ идентификаторы
57373
Редакция идентификаторы
57373_361300
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:07

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Астана қаласында 2010 жылғы 13 мамырда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік және азаматтық паспорттарын иеленушілерді және Біріккен Араб Әмірліктерінің дипломатиялық, арнайы және жалпыазаматтық паспорттарын иеленушілерді өзара визалық талаптардан босату туралы келісім

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік және азаматтық паспорттарын иеленушілерді және Біріккен Араб Әмірліктерінің дипломатиялық, арнайы және жалпыазаматтық паспорттарын иеленушілерді өзара визалық талаптардан босату туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі,
екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып,
Тараптар мемлекеттерінің азаматтары - дипломатиялық, қызметтік, арнайы паспорт, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және Біріккен Араб Әмірліктері азаматының жалпыазаматтық паспорты иелерінің екінші мемлекеттің аумағына кіруі жөнінде шаралар қабылдауға дайындықтарын растай отырып,
Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясының және Консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена конвенциясының ережелерін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

1 1. Тараптар Келісімді іске асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуі үшін жарамды құжаттар тізбесіне мынадай құжаттарды енгізуге уағдаласты:

- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
дипломатиялық паспорт;
қызметтік паспорт;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
- Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін:
дипломатиялық паспорт;
арнайы паспорт;
Біріккен Араб Әмірліктері азаматының жалпыазаматтық паспорты.
Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлерін қоспағанда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары осы баптың 2-тармағында көрсетілген паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы визасыз кіруге және одан шығуға, оны кесіп өтуге және онда күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.

2

2. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқандарын қоспағанда, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пунктері арқылы визасыз келуге және одан кетуге, оны кесіп өтуге және онда келген күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.

3

3. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматтары паспорттарының және Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарының жалпыазаматтық паспорттарының иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пунктері арқылы келуге және одан кетуге, оны кесіп өтуге және онда келген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.

2 2-бап

1

1. Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы қолданыстағы дипломатиялық, қызметтік, арнайы және жалпыазаматтық паспорт, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және Біріккен Араб Әмірліктері азаматының жалпыазаматтық паспорттардың үлгілерімен алмасады.

2

2. Тараптардың бірі дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспортқа қандай да бір өзгерістер енгізген жағдайда, паспорттың өзгертілген үлгісі күшіне енгізілгенге дейін 30 (отыз) күн бұрын екінші Тарапқа дипломатиялық, қызметтік, арнайы және жалпыазаматтық паспорттың өзгертілген үлгісін жіберуі, сондай-ақ өз мемлекетінің заңнамасына дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспортқа қатысты енгізілген өзгерістер туралы хабарлауы тиіс.

3 3-бап

Тараптар мемлекетінің азаматтары - дипломатиялық, қызметтік, арнайы және жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағында өзінің болуы мерзімі ішінде сол мемлекеттің заңнамасын сақтауға міндетті.

4 4-бап

Егер мұндайлар кіру үшін қажетсіз деп саналатын болса, Тараптар дипломатиялық, қызметтік, арнайы және жалпыазаматтық паспорттары бар бір Тарап мемлекеттің азаматтарына өз еліне кіруге, сондай-ақ онда болуға тыйым салу құқығын өзіне қалдырады.

5 5-бап

Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

6 6-бап

Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты туындайтын келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

7 7-бап

Осы Келісімге өзгерістер Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалар нысанында енгізіледі және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

8 8-бап

1

1. Тараптар ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке немесе қоғамдық денсаулыққа қатер туындаған жағдайда осы Келісімнің қолданылуын уақытша, толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін және осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылданған шешім туралы, сондай-ақ оның қолдануын қайта бастау туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлауы тиіс.

2 2. Осы Келісімді тоқтата тұру екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы бірінші Тарап мемлекеті азаматтарының құқықтық жағдайына әсерін тигізбейді.

9 9-бап

Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және бір Тарап дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты өзінің оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабардар еткен сәттен бастап 30 (отыз) күн өткенге дейін күшінде қалады.
2010 жылғы 13 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының
Біріккен Араб Әмірліктерінің
Үкімет үшін
Үкіметі үшін

Қолданыстағы