Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями

Қаулы · № А-2/48 · қабылданған 18.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57387/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/48 ·18.02.2011
13.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями

Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/48 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями
Атауы (қаз.)
Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-2/48
Қабылданған күні
18.02.2011
Көрсетілген редакция
13.01.2020 57387_439395.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BB000140
ЭКБ идентификаторы
57387
Редакция идентификаторы
57387_439395
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:08

0 Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.

2 2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізінде 2 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.

4 4. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы жанындағы
«Степногорск орталық қалалық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ж. Мусин
Ақмола облысы білім басқармасының
«Степногорск қаласы, жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған № 4 балалар үйі»
мемлекеттік мекемесінің директоры Р. Сахневич
Ақмола облысы білім басқармасының
жанындағы «Степногорск қаласы,
облыстық «Жастар» жасөспірімдер үйі
(әлеуметтік бейімделу орталығы)»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры Қ. Баяхметова
Ақмола облысы білім басқармасының
жанындағы «Степногорск қаласы,
Тау-кен техникалық колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры Т. Досанова

5 Степногорск қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 18 ақпандағы
№ А-2/48 қаулысына 1 қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ т/т
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1.
Степногорск қаласы, № 3 шағын аудан, «Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Горняк» Орталық мәдениет сарайы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 84 ғимаратының жанындағы тақтасы
2.
Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, аурухана кешені, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Степногорск орталық қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы тақтасы
3.
Степногорск қаласы, № 9 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі» мемлекеттік мекемесі № 4 ғимаратының жанындағы тақтасы
4.
Степногорск қаласы, № 6 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, облыстық «Жастар» жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 13 ғимаратының жанындағы тақтасы
5.
Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы
6.
Степногорск қаласы, № 4 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы
7.
Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Қабылденов көшесі, Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Ақсу кентінің Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 3 ғимаратының жанындағы тақтасы
8.
Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Нәбиев көшесі, «Ақсу кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 26 ғимаратының жанындағы тақтасы
9.
Степногорск қаласы, Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, «Заводской кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 15 ғимаратының жанындағы тақтасы
10.
Степногорск қаласы, Заводской кенті, Мир көшесі, «Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі № 11а ғимаратының жанындағы тақтасы
11.
Степногорск қаласы, Шаңтөбе кенті, № 1 шағын аудан, «Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Шаңтөбе кенті «Горняк» Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 23 ғимаратының жанындағы тақтасы
12.
Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Мир көшесі, «Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Рауан» Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 492 ғимаратының жанындағы тақтасы
13.
Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Горький көшесі, Степногорск қаласының білім бөлімінің «Бестөбе кентінің № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы
14.
Степногорск қаласы, Қарабұлақ селосы, Ленин көшесі, «Қарабұлақ селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 24 ғимаратының жанындағы тақтасы
15.
Степногорск қаласы, Изобильное ауылы, Казахстанская көшесі, «Степногорск қаласының Изобильный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы
16.
Степногорск қаласы, Бөгенбай ауылдық округі, Степногорское ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, «Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 1 ғимаратының жанындағы тақтасы
17.
Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай Батыр көшесі, «Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы

6 Степногорск қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 18 ақпандағы
№ А-2/48 қаулысына 2 қосымша
Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар шартты негізде

Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлардың мекен-жайы
1.
Степногорск қаласы, шағын аудан № 6, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, облыстық «Жастар» жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 13 ғимаратының мәжіліс залы
2.
Степногорск қаласы, шағын аудан № 5, Степногорск қаласының білім бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия мектебі» мемлекеттік мекемесі № 1 ғимаратының мәжіліс залы
3.
Степногорск қаласы, шағын аудан № 2, Степногорск қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Мирас мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 1 ғимаратының мәжіліс залы

Қолданыстағы