Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим пенсию ниже минимальной

Өзге акт · № 219 · қабылданған 03.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57393/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим пенсию ниже минимальной Күшін жойған Өзге акт ·№ 219 ·03.02.2011
09.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим пенсию ниже минимальной

Күшін жойған Өзге акт ·№ 219 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим пенсию ниже минимальной
Атауы (қаз.)
Ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
219
Қабылданған күні
03.02.2011
Көрсетілген редакция
09.08.2012 57393_182246.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CH000128
ЭКБ идентификаторы
57393
Редакция идентификаторы
57393_182246
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:13

0 Ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Азық түлік бағаларының көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың «Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-80, 2009 жылғы 18 наурызда «Мәртөк тынысы» № 12 газетінде жарияланған; аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 «Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 107 шешімімен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-86, 2009 жылғы 27 мамырдағы «Мәртөк тынысы» № 24-25 газетінде жарияланған енгізілген өзгерістерді ескеріп) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Аудандық экономика және кәсіпкерлік бөлімі (А. Т. Жұмабаева) әлеуметтік көмек төлеуге қаржы қарастырсын.

4 4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г. А. Алматбаева) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы