О рейтинговой системе оценки социально-экономического положения городов и районов Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.12.2001 № 132 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы 62 қаулысына сәйкес қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін ұйымдастыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу ережесі (1 қосымша), аймақтардағы реформалар жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер тізбесі (2 қосымша) және аймақтар дамуының рейтингтік бағалауын анықтау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы (3 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы департаменті, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департамент, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметті қорғау басқармасы және келісім бойынша Қостанай облысының салық комитеті, Қостанай облысының статистика басқармасы есеп беру тоқсанынан кейін келетін айдың 20 жұлдызына дейін экономика, индустрия және сауда департаментіне тізбеге сәйкес қалалар мен аудандардың көрсеткіштері бойынша ақпарат түсірсін.
Тармақ 3
3. Экономика, индустрия және сауда департаменті бір апталық мерзімде аймақтардың рейтингін анықтау жөнінен есептеулер жүргізсін және оларды ведомствоаралық комиссияның қарауына түсірсін.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімінің "Қалалар және аудандарды рейтингтік бағалау туралы" 1998 жылғы 29 қыркүйектегі 41, "Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі 41 шешіміне толықтырулар енгізу тұралы" 1998 жылғы 1 желтоқсандағы 142 және 1999 жылғы 6 мамырдағы 121 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құлмағанбетовке жүктелсін. 📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2000 № 189 шешімімен.
Басқа 6. Қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізудің ережелері
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 51 шешіміне 1 қосымша Қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізудің ережелері
Тарау 1. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер Бұл ережелер қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дайын бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізудің ұйымдастыру және әдістемелік негіздерін анықтайды (бұдан әрі - рейтингтік жүйе). Рейтингтік бағалауды және анықтаудың құрамы ретінде статистикалық саралау әдісі пайдаланылған. Есептеулер аймактардағы реформалардың тоқсан сайынғы жағдайын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің қосылып беріліп отырған тізбесіне (бұдан әрі -тізбе) сәйкес жүргізіледі.
Тарау ii. II. Рейтингтік жүйеге арналған материалдарды түсіру және жинақтаудың тәртібі
II. Рейтингтік жүйеге арналған материалдарды түсіру және жинақтаудың тәртібі
Тармақ 1
1. Қаржы департаменті, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департамент, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, келісім бойынша Қостанай облысының салық комитеті, Қостанай облысының статистика басқармасы есеп беру тоқсанынан кейінгі келетін айдың 20 жұлдызына дейін экономика, индустрия және сауда департаментіне қалалар мен аудандардың көрсеткіштері бойынша тізбеге сәйкес ақпарат түсіреді.
Тармақ 2
2. Экономика, индустрия және сауда департаменті түскен ақпараттың негізінде әлеуметтік-экономикалық ахуалды бағалайды, осы Ережелерге сәйкес аймақтардың рейтингісіне есептеулер жүргізеді және бір апталық мерзімде материалдарды ведомствоаралық комиссияның қарауына түсіреді.
Тарау iii. III. Ақпаратты талдау механизмі
III. Ақпаратты талдау механизмі
Тармақ 3
3. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының бірдей еместігін ескере отырып, олардың толық көрсеткіштері емес, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінің өткен 5 жылдың сәйкесті кезеңіне немесе өткен жылдың сәйкесті күніне салыстырмалы көрсеткіштердің нақгы өсуі немесе төмендеуінің жақсаруы немесе нашарлауының) серпіні салыстырылады.
Тармақ 4
4. Есептеулердің негізіне көрсеткіштердің үш тобы: бюджеттік, экономикалық және әлеуметтік бойынша, балдық бағалау және аймақтарды рангтер (орындар) бойынша қоятын рангілеу (орнын белгілеу) әдісі алынған. Мысалы: Аймақтық мемлекеттік кірістің барлық түрлері бойынша толық мерзімінде төленбеген алымының серпіні жөніндегі қаралатын кезеңнің аяғындағысының оның басындағысына, (1 тоқсанға) пайызбен алғандағы, қатысты орнын белгілеу үшін 2000 жылғы 1 қаңтармен салыстырғандағы үстіміздегі жылдың 1 сәуіріндегі мезгілінде төленбеген алымның жалпы сомасы алынады; - егер ІІІ тоқсан қаралатын болса, 1 қазандағы мезгіліндегі төленбеген алым 1 шілдедегі пайызбен есептелген мезгілінде төленбеген алыммен салыстырылады. Ең үздік көрсеткіші бар (біздің мысалымыз ең төменгі пайыз) аймаққа аймақтардың саны бойынша ең жоғарғы - 20 балл, ал мезгілінде төленбеген алымның ең жоғарғы пайызы бар аймаққа ең төменгі - 1 балл беріледі. Өткен жылдың сәйкесті кезеңінің пайызға шаққандағы өнеркәсіп өнімі көлемінің өсу қарқыны бойынша аймақтардың нақтылы кезеңіндегі (2000 жылғы қаңтар-наурызы 1999 жылдың қаңтары-наурызына) көрсеткіштері салыстырылады. Ең жоғарғы қарқынға ие болған аймакқа 20 балл, ең төменгісіне — 1 балл беріледі. Кейбір көрсеткіштер бойынша есептеулер қаралып отырған кезеңнің (тоқсан) соңғы күніне емес, тоқсанның әр айына жүргізіледі, одан кейін баллдар қосылады, үшке болінеді де тоқсанның орташа баллы шығарылады, ол даму серпінін дәлірек көрсетеді. Мысалы: Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтудың серпіні өткен жылдың сәйкесті күніне процент қаралып отырған тоқсанның әр айының күніне анықталады. (1 тоқсанның қорытындысы бойынша - 1999 жылдың 1 ақпаны 2000 жылдың 1 ақпанына, 1999 жылдың 1 наурызы 2000 жылдың 1 наурызына, 1999 жылдың 1 сәуірі 2000 жылдың 1 сәуіріне). Үш балл анықталатын болады, олардан ортаарифметикалық мәні шығарылады. Аймақтар бойынша рангілеу (яғни нақтылы кезең үшін орын беру) және баллдың баға үдеріс қисысына тәуелді; ең көп балл саны (20) ең үздік көрсеткішке беріледі, мысалы: болжамдықтан туындайтын бюджеттің кіріс бөлігін ең көп мөлшерде толтырылуына бірінші орын беріледі, яғни 20 балл есептеледі, жергілікті бюджеттердің жалпы несиелік берешегі жағдайын қараған кезде 20 балл ең жоғары төмендеу қарқыны (өсудің төменгі қарқыны) бар аймаққа беріледі. Топ бойынша қорытынды (мысалы-бюджеттік көрсеткіштер) осы топтың барлық көрсеткіштер бойьшша жинаған баллдарын қосу арқылы шығарылады.
Тармақ 5
5. Аймақтың рейтингісін жоғарыда көрсетілген үш топ бойынша баллдарын қосу, олардың орташа безбенделген өлшемін шығару және 1-ден 20-ға дейін қосымша орын беру жолымен шығарылады.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау жөніндегі материалдарды ведомствоаралық комиссия облыс әкіміне түсіреді.
Басқа 16. Аймақтардағы реформалар жағдайын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 51 шешіміне 2 қосымша Аймақтардағы реформалар жағдайын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің ТІЗБЕСІ 📌 Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2000 № 189 шешімімен. Көрсеткіштер атауы Ақпаратты беруге жауаптылар Өткен жылдың сәйкесті кезеңіне % шаққандағы контингентте мемлекеттік кірістер болжамының орындалу серпіні Қостанай облысы бойынша салық комитеті (келісім бойынша) Жергілікті бюджет бойынша мемлекеттік кірістер болжамының орындалу серпіні Қостанай облысы бойынша салық комитеті (келісім бойынша) а) салықтық түсімдер және салықтық емес түсімдер б) өткен жылдың сәйкесті кезеңіне % шаққандағы жергілікті бюджет бойынша капиталмен операция жасаудан түсетін кірістер Мемлекеттік кірістердің тұтас алғанда барлық түрлері бойынша каралатың кезеңнің аяғына оның бас кезіне қатысты % шаққандағы мезгілінде төленбеген алымның серпіні Қостанай облысы бойынша салық комитеті (келісім бойынша) Жергілікті бюджеттердің қаралатын кезеңнің аяғына оның бас кезіне қатысты % шаққандағы жалпы несиелік берешегінің серпіні Қаржы департаменті Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің еңбекақы төлеу жөніндегі берешегінің қаралатын кезеңнің аяғына оның бас кезіне қатысты % шаққандағы төмендеу немесе өсу серпіні Қаржы департаменті Жергілікті бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар бойынша қаржы жұмсаудың өткен жылғы сәйкесті кезеңге % шаққандағы серпіні Қаржы департаменті Экономикалық көрсеткіштер Өнеркәсіп өнімдерінің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өткен жылғы сәйкесті кезеңге % шаққандағы өсу қарқыны Қалалар және аудандар әкімдері Өткен жылғы сәйкесті кезеңғе шаққандағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері Қостанай облысының статистика басқармасы (келісім бойынша) Өткен жылғы сәйкесті кезеңге % шаққандағы Қостанай облысының статистика басқармасы (келісім бойынша) Күрделі кұрылысқа инвестиция игеру Өткен жылғы сәйкесті күнге шаққандағы шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту серпіні Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаменті Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімдерінің (жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің) өткен жылғы сәйкесті күнге шаққандағы көлемінің серпіні Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаменті Әлеуметтік көрсеткіштер Жергілікті бюджеттен жүргізілген нақты әлеуметтік төлемдердің (аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек) өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғандағы% шаққандағы серпіні Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Еңбекке орналасу мәселелері бойынша өтініш білдіргендердің арасынан еңбекке орналасқандарының қаралып жатқан кезеңнің аяғындығы оның бас кезіне қатысты % шаққандағы санының өсуі (төмендеуі) Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Ақпарат жылдың басынан бері қаралып отырған тоқсанның соңғы күніне беріледі (мысалға: 1 тоқсанның қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін; 2 тоқсанның қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін және тағы одан әрі). Егер жылдың 1 тоқсаны қаралатын болса үстіміздегі жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіштердің үстіміздегі жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіштердің ара қатынасы алынады және кезеңдер бойынша одан әрі кете береді. Ақпарат "Бюджеттік сала туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы, 1 тармағын жүзеге асыру үшін беріледі. Қаралатын тоқсанды сипаттайтын әр айдың 1 күніне беріледі (мысалға: үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша - 1 тамызға, 1 қыркүйекке, 1 қазанға).
Басқа 17. Калалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалык жағдайының рейтингтік бағалауын анықгау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 51 шешіміне 3 қосымша Калалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалык жағдайының рейтингтік бағалауын анықгау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы 📌 Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2000 № 189 шешімімен. Совхозбек Әбікешұлы Құлмағанбетов - облыс әкімінің орынбасары, төраға Әбенов Дулат Телғараұлы - экономика, индустрия және сауда департаментінің директоры, төрағаның орынбасары Синицына Галина Владимировна - экономика, индустрия және сауда департаментінің бөлім бастығы, хатшы Комиссия мүшелері: Алтынбаев Мұрат Бақытжанұлы - Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы ( келісім бойынша) Бәрімбеков Қанат Шелбайүлы - Қостанай облысы статистика басқармасының бастығы (келісім бойынша) Домбровская Татьяна Александровна - экономика, индустрия және сауда департаменті директорының орынбасары Киколенко Ольга Андреевна - еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Твердохлебов Анатолий Васильевич - облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Щеглова Мария Александровна - қаржы департаментінің директоры