Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по оказанию психотерапевтической помощи в Республике Казахстан

Бұйрық · № 16 · қабылданған 06.01.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57415/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по оказанию психотерапевтической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 16 ·06.01.2011
08.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по оказанию психотерапевтической помощи в Республике Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 16 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по оказанию психотерапевтической помощи в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
06.01.2011
Көрсетілген редакция
08.11.2023 57415_663820.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006777
ЭКБ идентификаторы
57415
Редакция идентификаторы
57415_663820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:18

0 Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ психотерапиялық көмек көрсетілетін тұлғалардың құқықтарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 6 қаңтардағы
№ 16 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттейді.

2. Психотерапиялық көмек - ол әр түрлі психотерапиялық емдеу әдістерімен психотерапевт (психотерапевтпен) дәрігердің адамның психикасына және психикасы арқылы ағзасына әсер ету шаралар жиынтығы.

3. Медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша психотерапиялық көмек көрсетіледі:

1) амбулаториялық-емханалық;

2) стационарлық;

3) стационарды алмастыратын;

4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

5) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

2. Амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кезіндегі психотерапиялық көмек көрсету

4. Психотерапиялық көмек бекітілген халық контингентіне амбулаториялық-емханалық және стационар алмастыру бөлімшелерінде көрсетіледі.

5. Қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кезінде психотерапиялық көмек медициналық ұйымдарының құрамындағы психотерапевтік кабинеттерінде көрсетіледі.

6. Психотерапиялық кабинеттердің мақсаттары:

1) стресс халін, дезадаптация күйін жеңуде, оның ішінде бала, гендерлік күштеудің алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау бағдарламаларына қатысу бойынша психогигиеналық және психопрофилактикалық көмек көрсету;

2) консультациялық-диагностикалық жұмыс;

3) психикасы және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға, сондай-ақ күштеудің құрбаны болған адамдарға және күш қолданған адамдарға көрсетіліміне байланысты жеке, отбасылық және топтық түрде емдеудің дәрі-дәрмектік және басқа да түрлерімен үйлесімді симптомдық-, тұлғалық-, және социоорталықтандырылған бағыттағы психотерапия түрінде психотерапиялық көмекті көрсету;

4) психика бұзылуларының пайда болуының, ағымының және емдеуінің психоәлеуметтік факторлары туралы дәрігерлердің, орта медицина және басқа қызметкерлер құрамының білімін жетілдіру (дәрістер, арнайы тренингтер және басқалар).

5) ұжым микроклиматын қалыптастыруға, дау жағдайларын шешуге қатысу.

7. Осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес кабинет психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төмендегі тізбесіне сәйкес жарақтандырылады.

3. Стационарлық жағдайда психотерапиялық көмек көрсету

8. Психотерапиялық көмек, стационарлық жағдайда стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымына кіретін психотерапиялық бөлімдерінде көрсетіледі.

9. Психотерапиялық бөлімдерінің негізгі мақсаттары:

1) психикасы және мінез-құлық бұзылулары бар, сондай-ақ күштеудің құрбаны болған және күш қолданған адамдарға көрсетіліміне байланысты жалпы психиатриялық бөлімдерге жатқызуды қажет етпейтін адамдарға, айғақтарға байланысты, жеке, отбасылық және топтық нысанда емдеудің дәрі-дәрмектік және басқа да түрлерімен үйлесімдегі симптомдық-, тұлғалық-, және социоорталықтандырылған бағыттағы психотерапия түрінде психотерапиялық көмекті көрсету;

2) психотерапиялық тәжірибеге психотерапия саласының ең жаңа жетістіктерін енгізу;

3) зерттеп-қараудың әртүрлі түрлерін жүзеге асыру;

4) стресс халін, дезадаптация күйін жеңуде, оның ішінде бала, гендерлік күштеудің алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау бағдарламаларына қатысу бойынша психогигиеналық және психопрофилактикалық көмек көрсету;

5) ұжым микроклиматын қалыптастыруға, дау жағдайларын шешуге қатысу.

1 Психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төменгі тізбесі

Қазақстан Республикасындағы
психотерапиялық көмек көрсету
бойынша нұсқаулыққа қосымша
Психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төменгі тізбесі

Жаб­дық­тар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
1. Ап­па­рат­тар мен құ­рал­да­ры
1.
То­но­мет­ри­я­лық ас­пап
Да­на
1
2.
Се­кун­дөл­ше­гіш
Да­на
1
3.
Үстел­ге қо­я­тын шам
Да­на
2
4.
Му­зы­ка­лық ас­пап
Да­на
1
5.
Дик­то­фон
Да­на
1
6.
Қа­жет­ті бағ­дар­ла­ма­мен және прин­тер­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген дер­бес ком­пью­тер
Да­на
1
7.
Прин­тер
Да­на
1
2. Ме­ди­ци­на­лық құ­рал-сай­ман
8.
Шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған қа­лау жиын­тығы
жиын­тық
1
9.
Нев­ро­ло­ги­я­лық бал­ға
Да­на
1
3. Ме­ди­ци­на­лық жиhаз
10.
Ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка
Да­на
1
11.
Функ­ци­я­лық крес­ло
Да­на
2
12.
Ме­ди­ци­на­лық ас­пап­тар­ға ар­нал­ған шкаф
Да­на
1
13.
Шкаф (кар­то­те­ка­ға ар­нал­ған)
Да­на
1
4. Тұр­мыстық жиhаз
14.
Ар­қа­лы­ғы би­ік жұм­сақ крес­ло
Да­на
15
15.
Жа­зу үсте­лі
Да­на
2
16.
Ки­ім­ге ар­нал­ған шкаф
Да­на
1
17.
Кі­тап шка­фы
Да­на
2
18.
Ком­пью­тер үсте­лі
Да­на
1
19.
Аудио­ап­па­ра­ту­ра­ға ар­нал­ған тум­ба
Да­на
1

Қолданыстағы