Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты районного маслихата вместо выбывшего
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты районного маслихата вместо выбывшего
- Атауы (қаз.)
- Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 989
- Қабылданған күні
- 14.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2011 AI57429_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VI000148
- ЭКБ идентификаторы
- 57429
- Редакция идентификаторы
- AI57429_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:10
0 Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағын, «Шығып кеткендердің орнына мәслихат депутаттарының сайлауын 2011 жылдың 27 наурызына тағайындау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 1 шешімін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің және тиісті сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарап, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін келесі мекенжайлар белгіленсін:
Глубокое кенті – Степная көшесі № 51 және 53 үйлердің арасында;
Белоусовка кенті - «Аленка» сауда орталығында; Фабричная көш., ЖК «Зарница» асхана ғимаратында;
Предгорное ауылы – Киров көш., 47, байланыс бөлімшесінің ғимаратында; Шоссейная көш., ЧП Катасонов «Поворот» дүкенінің жанында;
Опытное поле ауылы – Нагорная көш., 3, ВК НИИСХ кеңсесінің фасадында; Степная көш., 2, Мәдениет үйінің ғимаратында;
Зимовье ауылы – ескерткіш маңында;
Тарханка ауылы – Степная көш., 64, Мәдениет үйі ғимаратында;
Винное ауылы – Ворошилов көш., 15, мектеп ғимаратында;
Ново-Ульбинка ауылы – Абай көш., пошта ғимаратында;
Горная–Ульбинка ауылы – Шоссейная көш., 15, пошта ғимаратында.
2 2. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп насихат баспа материалдарын орналастыратын орындарды хабарландыру орналастыратын қабырғалармен, тақтайлармен, тумбалармен жабдықтасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.А. Баймульдиновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Глубокое ауданының аймақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
Н. Грохотова