Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в Президенты и депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в Президенты и депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06/01
- Қабылданған күні
- 22.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.12.2011 57481_202125.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KD000222
- ЭКБ идентификаторы
- 57481
- Редакция идентификаторы
- 57481_202125
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:06
0 Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентігіне және Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жай берілсін.
2 2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (Жақсылықова С.Ж. - келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
3
3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 шілдедегі N 27/02 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі 8-4-76, 2007 жылғы 18 шілдедегі N 59 (11173) "Балқаш өңірі", N 78 (170) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Сандуғаш Сәбетқызы Асылбековаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
N 06/01 қаулысына қосымша
Балқаш қаласы бойынша
сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары
N
Қаланың атауы
Үй-жайдың мекенжайы
Жалпы көлемі
1
Балқаш қаласы
"Балық шаруашылығының Қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Балқаш филиалының акт залы, Желтоқсан көшесі, N 20 үй (келісім бойынша)
200 шаршы метр
7 Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
N 06/01 қаулысына қосымша
Балқаш қаласы және іргелес кенттер бойынша баспа материалдарды орналастыру орны
N
Тұрғылықты жер атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
1
Балқаш қаласы
Ленин және ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысыдағы ақпараттық қалқан
2
3. Сабитова атындағы мөлтек аудан, N 34 үйде орналасқан ақпараттық қалқан
3
Бөкейханов және Ленин көшелерінің қиылысындағы (NN 11-18 үйлер арасында) ақпараттық қалқан
4
Қоңырат кенті
Русаков көшесіндегі N 9 үйде орналасқан ақпараттық қалқан
5
Саяқ кенті
Балхашская көшесі, N 2 үйде орналасқан ақпараттық қалқан
6
Гүлшат кенті
Клуб ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан
7
Шұбар Төбек кенті
Асхана ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан