Об определении помещений для встреч с избирателями, мест размещения печатных агитационных материалов на период внеочередных выборов Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении помещений для встреч с избирателями, мест размещения печатных агитационных материалов на период внеочередных выборов Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде сайлаушылармен кездесуіне арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08/01
- Қабылданған күні
- 02.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2011 57527_201331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KG000117
- ЭКБ идентификаторы
- 57527
- Редакция идентификаторы
- 57527_201331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:00
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде сайлаушылармен кездесуіне арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Президенттігіне барлық кандидаттарға тең жағдайды қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізуне арналған үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға және Ақтас поселкесінің әкімі Сергей Николаевич Лактюшинге жүктелсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен қолданысқа енгізіледі.
4 Саран қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 08/01 қаулысына
қосымша
Саран қаласы және Ақтас поселкесі бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары
№
Елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары және орналасқан жері (кабинет, телефон)
Үй-жайдың жалпы алаңы
1.
Саран қаласы
"Саран қаласының балалар-жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны акт залы (Саран қаласы, Чкалов көшесі, 3 үй, телефон 23339, 23156, 26246)
250 шаршы метр
2.
Ақтас поселкесі
"Ақтас поселкесінің мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кіші залы (Ақтас поселкесі, Кржижановский көшесі, 16-а, телефон 55061, 55044)
300 шаршы метр
Саран қаласы және Ақтас поселкесі бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1.
Саран қаласы
Ленин даңғылы және Жеңіс көшесі қиылысындағы алаң
2.
Ақтас поселкесі
Бірінші май көшесі, 16 бойынша дүкеннің қасындағы алаң