Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
ҚАЗМүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 01.06.2005
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2024 · қолданыстағы I57533_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05DQ000006
- ЭКБ идентификаторы
- 57533
- Редакция идентификаторы
- I57533_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:39
0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік қосымша көмек (бұдан былай әлеуметтік көмек) әр балаға ай сайын төленуімен әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін.
2
2. Әлеуметтік көмек туылған, асыранып немесе қамқорлыққа алынған 18 жасқа дейін жастағы балаларға (толық мемлекеттік қамтудағы және ата-анасы құқығынан айырылған ата-аналардың балаларынан басқа) үйде тәрбиеленіп, оқудың қажеттігі облыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық комиссия бекіткен мезгілден, отбасының табысы мөлшерінде қарамастан ата-анасының біреуіне, немесе орнындағы адамға төленетін болып белгіленсін.
3
3. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тертюбаев О.Ш) мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының біреуінің немесе орнындағы адамның, әлеуметтік көмек төлейтін мекемеден ашылған есеп шотты көрсеткен арызы негізінде тұрғылықты орны бойынша келесі құжаттар негізінде тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін: