Құжат мәтініне өту

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Қаулы · № 226 · қабылданған 01.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57533/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 226 ·01.06.2005
02.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 226 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Атауы (қаз.)
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
226
Қабылданған күні
01.06.2005
Көрсетілген редакция
02.04.2024 · қолданыстағы I57533_1.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05DQ000006
ЭКБ идентификаторы
57533
Редакция идентификаторы
I57533_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:39

0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік қосымша көмек (бұдан былай әлеуметтік көмек) әр балаға ай сайын төленуімен әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек туылған, асыранып немесе қамқорлыққа алынған 18 жасқа дейін жастағы балаларға (толық мемлекеттік қамтудағы және ата-анасы құқығынан айырылған ата-аналардың балаларынан басқа) үйде тәрбиеленіп, оқудың қажеттігі облыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық комиссия бекіткен мезгілден, отбасының табысы мөлшерінде қарамастан ата-анасының біреуіне, немесе орнындағы адамға төленетін болып белгіленсін.

3

3. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тертюбаев О.Ш) мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының біреуінің немесе орнындағы адамның, әлеуметтік көмек төлейтін мекемеден ашылған есеп шотты көрсеткен арызы негізінде тұрғылықты орны бойынша келесі құжаттар негізінде тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:

1 1) Өтінушінің жеке бас куәлігі, оның ішінде оралмандардың жеке бас куәлігі немесе ықтиярхаты, салық төленушінің нөмірі;

2 2) Мүгедек - баланың туу туралы куәлігі, оралман үшін ықтиярхат немесе куәлік;

3 3) Мүгедектігі белгілеген медициналық, әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;

4 4) Отбасы мүшелерінің саны көрсетілген тұрғылықты жерінен анықтама;

5 5) Облыстық білім басқармасы жанындағы психологиялық-медициналық педагогикалық ведомствоаралық консультациясының баланың үйде тәрбиеленіп - оқытылуының қажеттігі туралы сараптамасы.

6 6) Оқу орнының үйде оқыту фактісін растайтын анықтама.

4 4. "Сарқан аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құмар Ф.С.) балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті аудан бюджетінде қарастырылған міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаржыландыру мәселесін шешсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Абдулдаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы