Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік қосымша көмек (бұдан былай әлеуметтік көмек) әр балаға ай сайын төленуімен әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек туылған, асыранып немесе қамқорлыққа алынған 18 жасқа дейін жастағы балаларға (толық мемлекеттік қамтудағы және ата-анасы құқығынан айырылған ата-аналардың балаларынан басқа) үйде тәрбиеленіп, оқудың қажеттігі облыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық комиссия бекіткен мезгілден, отбасының табысы мөлшерінде қарамастан ата-анасының біреуіне, немесе орнындағы адамға төленетін болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тертюбаев О.Ш) мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының біреуінің немесе орнындағы адамның, әлеуметтік көмек төлейтін мекемеден ашылған есеп шотты көрсеткен арызы негізінде тұрғылықты орны бойынша келесі құжаттар негізінде тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Өтінушінің жеке бас куәлігі, оның ішінде оралмандардың жеке бас куәлігі немесе ықтиярхаты, салық төленушінің нөмірі;
Тармақша 2
2) Мүгедек - баланың туу туралы куәлігі, оралман үшін ықтиярхат немесе куәлік;
Тармақша 3
3) Мүгедектігі белгілеген медициналық, әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 4
4) Отбасы мүшелерінің саны көрсетілген тұрғылықты жерінен анықтама;
Тармақша 5
5) Облыстық білім басқармасы жанындағы психологиялық-медициналық педагогикалық ведомствоаралық консультациясының баланың үйде тәрбиеленіп - оқытылуының қажеттігі туралы сараптамасы.
Тармақша 6
6) Оқу орнының үйде оқыту фактісін растайтын анықтама.
Тармақ 4
4. "Сарқан аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құмар Ф.С.) балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті аудан бюджетінде қарастырылған міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаржыландыру мәселесін шешсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Абдулдаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.