Об утверждении Правил назначения участковых инспекторов полиции с учетом мнения населения административного участка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил назначения участковых инспекторов полиции с учетом мнения населения административного участка
- Атауы (қаз.)
- Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 538
- Қабылданған күні
- 31.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2014 AI57534_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006770
- ЭКБ идентификаторы
- 57534
- Редакция идентификаторы
- AI57534_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:19
0 Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесін бекіту туралы
Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындармен өзара іс-қимыл жасасуын нығайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция инспекторын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2 2. Облыстар мен Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары учаскелік полиция инспекторлары лауазымдарына тағайындау кезінде Ереженің сақталуын қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А. Жансейітов) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып тағайындау ережесі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 538 бұйрығымен бекітілген
Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып тағайындау ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже әкімшілік учаске халқының үміткерді ашық талқылауын ескере отырып, ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары лауазымына тағайындау шарттары мен тәртібін белгілейді.
2 2. Әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып, ішкі істер органының учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындау рәсімін енгізу мақсаты:
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру процесінде полиция мен халық арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды орнату мен дамыту;
учаскелік полиция инспекторларының азаматтардың алдында жауапкершілігін күшейту;
ішкі істер органдарының қызметіне деген халықтың сенімін арттыру болып табылады.
3
3. Әкімшілік учаскенің аумағында кәмелетке толған, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тұратын және тіркелген адамдар қатарынан жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынының) шешімі учаскелік полиция инспекторының бос лауазымына тағайындау не болмаса лауазымға тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
4 4. Негізгі критерийлер:
1 1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкестігі;
2 2) оң мінездеме;
3 3) әріптестері мен басшылықтың ұсынымдары (кемінде екеу).
2 2. Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау тәртібі
5 5. Қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұдан әрі – ҚАІІО) кадр аппараттары арқылы учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдары және баянат қабылдау мерзімінің басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты жеке құрамның назарына жеткізеді.
6 6. Учаскелік полиция инспекторлары лауазымына тағайындау туралы баянат тапсырған полиция қызметкерлері медициналық куәландыру үшін әскери-дәрігерлік комиссияларға жіберіледі, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді білуіне, жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығының деңгейіне сынақтан өткізіледі.
7
7. Баянат қабылдау аяқталған күннен бастап он күн өткен соң кадр аппараты баянат тапсырған қызметкерлердің жеке істерін зерделейді және ҚАІІО-ның басшысына ақпарат енгізеді. Орган басшысы үш күн ішінде қызметкерлерді учаскелік полиция инспекторының бос лауазымына үміткер ретінде бекіту туралы шешім қабылдайды, ол туралы баянат тапсырған әрбір қызметкерді хабардар етеді.
8
8. Учаскелік полиция инспекторының бос лауазымына үміткер ретінде бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ішкі істер органының басшылығы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына үміткерді әкімшілік учаскенің халқымен ашық талқылау үшін жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу қажеттілігі, оны өткізу орны мен уақыты туралы қолдаухат жолдайды. Өткізілетін жиналыс пен үміткерлер туралы ақпарат тұрғындардың назарына түсетін жерлерге (хабарландырулар стенд, БАҚ, Ішкі істер департаментінің (бұдан әрі – ІІД) сайттары және басқа да қол жетімді тәсілдер) орналастырылады.
9
9. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастыру және оның шешімін қабылдау жиналыс (жиын) өткізу және оны "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару басқармалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) мәслихаттар белгілейтін шешім қабылдау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.