Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил составления схемы транспортного происшествия и их типовых форм

Бұйрық · № 52 · қабылданған 09.02.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57540/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил составления схемы транспортного происшествия и их типовых форм Қолданыста Бұйрық ·№ 52 ·09.02.2011
18.10.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил составления схемы транспортного происшествия и их типовых форм

Қолданыста Бұйрық ·№ 52 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил составления схемы транспортного происшествия и их типовых форм
Атауы (қаз.)
Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
09.02.2011
Көрсетілген редакция
18.10.2023 57540_661736.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006778
ЭКБ идентификаторы
57540
Редакция идентификаторы
57540_661736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:11

0 Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының 22-1-бабының 4-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесі (Бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын осы Ереженің талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

3 3. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және оның жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің
төрайымы _________ Е.Л. Бахмутова
2011 жылғы 11 ақпан

0 Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 9 ақпандағы № 52
бұйрығына қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесі

1 1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін және көлік оқиғалары кезінде жұмысты жүзеге асыруға қатысты талаптарды айқындайды;

2

2. Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылыстарын немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соқтырған, оның ішінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ көлік оқиғалары туындаған кезде әкімшілік полицияның лауазымды адамдары көлік оқиғасының сызбасын жасайды және хаттамаға қоса тігеді. Оған оқиғаға қатысушылар мен куәлардың түсініктемелері, көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік іс тіркелгеннен кейін ішкі істер органдарының кезекші бөлімінің оған уәкілетті лауазымды адамы көлік құралдарын жүргізушілеріне беретін көлік құралдарының бүлінуі туралы анықтамалар қоса тігіледі.

3 3. Анықтама тіркеу нөмірін көрсете отырып, жеке журналда тіркелуі және көлік оқиғасының қатысушысына қол қойғызып, берілуі тиіс.

4 4. Көлік оқиғасының сызбасында:

1 1) көлік оқиғасының орны (жол, көше, елді мекен, аумақ және жер учаскесі);

2 2) жүріс бөлігінің ені, әрбір бағытқа арналған қозғалыс жолағының саны;

3 3) соқтығысқан орынды көрсете отырып, көлік құралдарының соңғы жағдайындағы (артқы және алдыңғы доңғалақтардың осьтері бойынша) көлік құралдарының (көлік құралының) сызбалық суреті;

4 4) көлік оқиғасы орын алғанға дейін оған қатысушылардың қозғалысының бағыты;

5

5) бар болған жағдайда - әрекеті көлік оқиғасы орын алған жол учаскесіне әсер ететін жол таңбасының, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының (белгілер, бағдаршам объектілері, қоршаулар және т.б.), қауіпсіздік белгілері, қоғамдық көліктің аялдамалары, жарық тіреулер, жарнама қалқандары, электр беру және байланыс желілері, қоршаулар, тротуарлар, гүлзарлар, жасыл алқаптар, көлік оқиғасы орнына жақын орналасқан құрылыстардың бар-жоғы;

6 6) бар болған жағдайда - көше (көшелердің) атауы, жақын орналасқан үйдің (үйлердің) нөмірлері, жақын орналасқан шақырым көрсеткіш, жақын орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.

5

5. Сызбада көрсетілген объектілерді көрсету әр түрлі құрылыстар, белгілер, бағдаршам объектілері, қоршаулар, бағдаршам тіреуіштері, жарнама қоршаулары және басқа да стационарлық объектілер болуы станционарлық бекетке (стационарлық бекеттерге) бекіте отырып, көлік құралындағы (доңғалақтардың тепкішегі, тіркеу күршегі және көлік құралындағы басқа да базалық нүктелер) базалық нүктелерден ұзындығы мен ені бойынша екі мөлшерді белгілеу арқылы жүргізіледі. Көлік құралдарының қалпын тіркеу көлік құралының кемінде екі базалық нүктелері бойынша жүргізіледі.

6

6. Жол белгілерін және таңбаларын бейнелеу олардың цифрлық белгілеулері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

7

7. Егер жабынның тозуынан немесе қардан жол жүрісінің жиегі анық көрінбесе немесе болмаса көрінбесе (құм жолдар), онда өлшеу алдында жерде базалық сызық жүргізіледі. Екі стационарлық объектінің арасында лентамен немесе жіппен (арқан) тартады және оларды базалық деп аталатын алынған сызықтан өлшейді. Базалық сызықты бірдей тең ұзындыққа-1 метрге бөледі.

8 8. Көлік оқиғасының қатысушылары осы Ережеге № 1 қосымшада көзделген Көлік оқиғасы бойынша мәліметтер тізбесіне сәйкес көлік оқиғасының мән-жайларын көрсетеді.

9 9. Суретке түсіретін құралдар бар болған жағдайда көлік оқиғасы әр түрлі нүктелерден суретке түсіріледі.

9-1 9-1. Сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және (немесе) аспаптары (аппараттар, құрылғылар) болған кезде көлік оқиғасының схемасын электрондық форматта жасауға болады.

10 10. Көлік оқиғасының сызбасы осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалады және оған оны жасаған лауазымды адам, жүргізушілер, көлік оқиғасына қатысушылардың талабы бойынша куәгерлер қол қояды.

11 11. Ішкі істер органдарының уәкілетті лауазымды адамы:

1 1) көлік оқиғаларына қатысушыларға не болмаса олардың өкілдеріне қол қойғыза отырып, тегін негізде Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы хаттаманың көшірмесін және көлік оқиғасының сызбасын береді;

2

2) сақтандырушы жүгінген кезде тегін негізде ішкі істер органдары бөлінісі басшысының қолымен осы сақтандырушымен келісімшарт жасасқан адамның қатысуымен болған көлік оқиғасы туралы және көлік оқиғасы салдары туралы ақпаратты (көлік оқиғасының фабуласы, қайтыс болған, жарақаттанған адамдар туралы, көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралының бүлінулері туралы мәліметтер) және көлік оқиғасына қатысты құжаттардың көшірмелерін береді.

1 Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 1-қосымша
Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Кө­лік­тік оқи­ға бой­ын­ша мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­ша­лар тол­ты­ра­тын мә­лі­мет­тер
1
2
3
1.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
1....................
2....................
3....................
2.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың тұ­ра­тын жер­ле­рі, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
1....................
2....................
3....................
3.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың әр­қай­сысы­ның жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі, кім және қа­шан бе­ріл­ді
1....................
2....................
3....................
4.
Кө­лік құ­рал­да­ры ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру (сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің) ке­лі­сім шар­ты­ның се­ри­я­сы, нө­мі­рі, сақ­тан­ды­ру по­ли­сін бер­ген сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы
5.
Кө­лік оқи­ға­сы куә­гер­ле­рі­нің тек­те­рі, ат­та­ры, әке­ле­рі­нің ат­та­ры (болған жағ­дай­да)
1....................
2....................
3....................
6.
Кө­лік оқи­ға­сы куә­гер­ле­рі­нің тұ­ра­тын жер­ле­рі, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
1....................
2....................
3....................
7.
Кө­лік оқи­ға­сы­ның жа­сал­ған кү­ні мен уа­қы­ты
8.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­тысқан­дар­дың бас­қа­руын­да­ғы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тү­рі, мар­ка­сы, мо­де­лі және тір­кеу нө­мі­рі
1....................
2....................
3....................
9.
Кө­лік оқи­ға­сы жа­сал­ған орын (мы­са­лы, км, тас жол); №___ үй­ге қа­ра­ма-қар­сы кө­ше; кө­ше мен даң­ғыл қиы­лы­сы және бас­қа­да жағ­дай­лар
10.
Кө­лік оқи­ға­сы­ның тү­рі (адам ба­сып ке­ту, соқ­тығ­ы­су, ауда­ры­лу және бас­қа­да жағ­дай­лар).
11.
Жол жү­рі­сі бө­лі­гі­нің жағ­дайы (көл­де­нең, ой­лы, қа­зы­л­ған, шұң­қыр­ла­ры бар және бас­қа да си­патта­ма­лар)
12.
Кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­у­сыз бо­луы (ақа­уы болған жағ­дай­да - көр­се­тіл­сін, қа­шан бай­қал­ды және оны жою үшін қан­дай ша­ра­лар қа­был­дан­ды)
13.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың қоз­ға­лыс ба­ғы­ты (ста­ци­о­нар­лық объ­ек­ті­ден со­лға неме­се оң­ға)
14.
Кө­лік оқи­ға­сы­на дей­ін­гі кө­лік құ­рал­да­ры­ның қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы (сағ/км)
15.
Жол жү­рі­сі бө­лі­гі жа­бы­ны­ның жағ­дайы (ас­фальт, бе­тон және бас­қа)
16.
Жол жа­бы­ны­ның жағ­дайы (құр­ғақ, су­лы, бат­пақ, мұз жа­бын­ған және бас­қа)
17.
Жол жа­бы­ны­ның ба­ғыт­қа ар­нал­ған (бір, екі) ені (метр­мен)
18.
Тәу­лік уа­қы­ты (қа­раң­ғы, жа­рық)
19.
Оқи­ға болған сәт­те­гі ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай
20.
Осы учас­ке­де­гі қоз­ға­лы­сты рет­теу тә­сі­лі (бағ­дар­шам, рет­те­у­ші, жол бел­гі­ле­рі)
21.
Кө­лік оқи­ға­сы болған жер­де­гі жол бел­гі­ле­рі (олар­дың ата­у­ла­ры)
22.
Кө­рі­нуі (метр­лер­де) (тәу­лік­тің қа­раң­ғы уа­қы­ты жағ­дай­ын­да не кө­рі­нуі шек­тел­ген, кө­лік құ­ра­лын­да қан­дай жа­рық бе­ру құ­ра­лы қо­сы­л­ға­ны көр­се­тіл­сін)
Фа­ра­лар­дың жа­ры­ғы сөн­ді­рі­л­ген метр:
алы­стан метр;
жа­қын­нан метр;
күн­діз­гі жа­рық ке­зін­де метр.
23.
Кө­лік оқи­ға­сы болған жер­дің жа­ры­ғы (қа­ла­лық электр жа­ры­ғы, ай­на­лад­а­ғы үй­лер­дің жа­ры­ғы, жа­рық­тың бас­қа да көз­де­рі)
24.
Жү­ріп ке­ле жа­тқан ав­то­мо­биль­дің жо­ла­ғы­нан жүр­гі­зу­ші ка­би­на­сы­нан кө­рі­нуі (метр­лер­де)
оң­ға метр;
со­лға метр.
25.
Сыз­ба жа­сал­ған кез­де (су­рет­ке, бейне жа­з­ба­ға, аудио жа­з­ба­ға) тү­сі­рі­ле­ді.
Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
1. __________________________ _____________
(қолы)
2. _________________________ ______________
(қолы)
3. ...
Көлік оқиғасының куәгерлерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
1.___________________________________ ________
(қолы)
2.___________________________________ ________
(қолы)
3....

2 Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 2-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші ___________________________
2. Жүргізуші ___________________________
Куәгерлер: 1.______________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. _________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы _______________
Сызбаның көшірмесін алдым _____________

3 Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 3-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші _______________________
2. Жүргізуші _______________________
Куәгерлер: 1._______________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. __________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы ___________________
Сызбаның көшірмесін алдым _________________

4 Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 4-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші _______________________
2. Жүргізуші _______________________
Куәгерлер: 1._________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. ____________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы __________________
Сызбаның көшірмесін алдым ________________

5 Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 5-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші ________________________________
2. Жүргізуші ________________________________
Куәгерлер: 1.___________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. _______________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы _________________
Сызбаның көшірмесін алдым _______________

6 Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 6-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші _______________________
2. Жүргізуші _______________________
Куәгерлер:1.________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. _____________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы ____________________
Сызбаның көшірмесін алдым ______________________

Қолданыстағы