Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа

Бұйрық · № 90 · қабылданған 05.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57542/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа Күшін жойған Бұйрық ·№ 90 ·05.03.2011
16.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа

Күшін жойған Бұйрық ·№ 90 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа
Атауы (қаз.)
Тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
90
Қабылданған күні
05.03.2011
Көрсетілген редакция
16.08.2012 AI57542_4.kaz
Соңғы өзгеріс
16.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006798
ЭКБ идентификаторы
57542
Редакция идентификаторы
AI57542_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:58

0 Тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша өкілетті мемлекеттік органы қызметінің тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті және аумақтық әділет органдары мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша өкілетті мемлекеттік органдарында тексеріс жүргізу кезінде Заңның және осы бұйрықтың нормаларын басшылыққа алсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан

Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа

енгізілді.

0 Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органы қызметін тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2011 жылғы 5 наурыздағы
№ 90 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органы қызметін тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған әділет органы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
(Күні _____________, № ________)
Тексеру мерзімі: 20__ ж. «___» ___________________ бастап
20__ ж. «___» ___________________ дейінгі аралығында
Бақылау субъектісінің лауазымды тұлғасының аты-жөні
_____________________________________________________________________
№ р/с
Та­лап­тар
Иә
Жоқ
1
Аза­мат­тар­дың құқық­та­ры­на, бо­стан­дық­та­ры мен мін­дет­те­ріне қа­ты­сты нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді әді­лет ор­ган­да­ры­на мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге жол­да­мау.
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на және өзге де жо­ға­ры тұр­ған нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­ріне қай­шы ке­ле­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді шы­ға­ру және қол­да­ну.
3
Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ере­же­сі­мен бел­гі­лен­ген же­ке тұ­лға­лар­дың құқық­та­рын, бо­стан­дық­та­ры мен мін­дет­те­рін қоз­ғай­тын және заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің жо­ба­ла­рын ре­сім­деу және ке­лі­су ере­же­сі­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ды бұ­зу.
4
Әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­ке­уден өт­кен нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді ре­сми жа­ри­я­лау бө­лі­гін­де­гі аза­мат­тар­дың құқық­та­рын, бо­стан­дық­та­ры мен мін­дет­те­рін қоз­ғай­тын қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­ның та­лап­та­рын бұ­зу (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те ре­сми түр­де жа­ри­я­лан­ба­ған; нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті (мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар және за­ң­мен қор­ға­ла­тын өзге де құ­пи­я­лар­ды қам­ти­тын нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді қо­с­па­ған­да) ре­сми түр­де то­лық жа­ри­я­лан­ба­ған; нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын­да мем­ле­кет­тік тіл­де және орыс ті­лін­де бір мез­гіл­де жа­ри­я­лан­бай­ды; ре­сми түр­де жа­ри­я­ла­ну­ға жа­та­тын нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті оны қол­да­ны­сқа ен­гіз­ген­ге дей­ін қол­да­ны­ла­ды).
5
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стрі неме­се аумақ­тық әді­лет ор­ган­ның бас­шы­сы ен­гіз­ген Заң­ның бұ­зы­луын жою ту­ра­лы ұсы­ны­сты не ақ­па­рат­тық хат­ты орын­да­мау неме­се ти­ісін­ше орын­да­мау.
Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, қолы, қызметтік телефонының №:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Ескертпе:
Талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы, «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысы.

Қолданыстағы