Үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы
- Атауы (қаз.)
- Үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 283
- Қабылданған күні
- 21.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2011 · қолданыстағы AI57560_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VM000085
- ЭКБ идентификаторы
- 57560
- Редакция идентификаторы
- AI57560_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:07
0 Үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы, 6-тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Катонқарағай ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналасу жерлерінің тізімін қарай келе, барлық үміткерлердің тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының үміткерлері үшін Катонқарағай ауданы көлемінде үгіт насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес анықталсын.
2
2. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 03 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне, облыстық және аудандық мәслихаттарына Катонқарағай ауданы бойынша депутат сайлауға байланысты үгіт-насихат құжаттарын орналастыру орындарын анықтау туралы» № 2839 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Мубараковқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
М. Тлеубаев
5 Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының үміткерлері үшін Катонқарағай ауданы көлемінде үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ 283 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының үміткерлері
үшін Катонқарағай ауданы көлемінде үгіт-насихат баспа
материалдарын орналастыруға арналған орындар
1 1. Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша:
Үлкен Нарын ауылы – Астана көшесіндегі 22-кәсіптік лицейдің жанында;
Үлкен Нарын ауылы - Ш. Тумашинов көшесі бойындағы ашық базардың жанында;
Үлкен Нарын ауылы - Слямов көшесіндегі май зауытының жанында;
Жұлдыз ауылы - Амангелді көшесі, фельдшерлік пункттің жанында;
Көктерек ауылы - Құсметов көшесі 39 үй, фельдшерлік пункттің жанында;
Балғын ауылы - Омаров көшесі, «777» дүкенінің жанында;
Юбилейное ауылы - Гагарин көшесі, «Эльвира» дүкенінің жанында;
Свинчатка ауылы - Морской көшесі, «Сұңқар» дүкенінің жанында.
2 2. Новохайрузовка ауылдық округі бойынша:
Алыбай ауылы - Абай көшесі, 13 үй, фельдшерлік пункттің жанында;
Новохайрузовка ауылы - Школьный көшесі, 15 үй, ауыл орталығында;
Приморск ауылы - фельдшерлік пункттің жанында;
Кұңдызды ауылы - фельдшерлік пункттің жанында.
3 3. Солдатово ауылдық округі бойынша:
Солдатово ауылы - Совет көшесі, спорт кешенінің жанында.
4 4. Новоберезовка ауылдық округі бойынша:
Новоберезовка ауылы - ауыл орталығындағы «Бекет» дүкенінің жанында;
Майемер ауылы – ауыл орталығындағы «Майемер» дүкенінің жанында;
Үштөбе ауылы – ауыл орталығында;
Яры ауылы - ауыл орталығында.
5 5. Новополяковка ауылдық округі бойынша:
Новополяковка ауылы - Сельская көшесі, ауыл орталығындағы «Диляра» дүкенінің жанында;
Бесүй ауылы - Қ. Рысқұлбеков көшесі, ауыл орталығындағы дүкеннің жанында;
Огнева ауылы - Қазақстан көшесі, ауыл орталығындағы «Сабина» дүкенінің жанында;
Сенное ауылы - Тәуелсіздік көшесі, ауыл орталығындағы «Тополек» дүкенінің жанында;
Ульян ауылы - Достық көшесі, ауыл орталығында.
6 6. Аққайнар ауылдық округі бойынша:
Аққайнар ауылы - Абай көшесі, «Қайнар» дүкенінің жанында;
Қызыл Жұлдыз ауылы - Абай көшесі, мектептің жанында;
Қайыңды ауылы - Ә. Молдағұлова көшесі, «Шұғыла» дүкенінің жанында;
Ақмарал ауылы - Маралды көшесі, мектептің жанында.
7 7. Ақсу ауылдық округі бойынша:
Ақсу ауылы – Ақсу ауылының клубы, пошта ғимаратының жанында;
Жазаба ауылы – МҰТП-нің Жазаба филиалы ғимаратының жанында;
Бекалқа ауылы - МҰТП-нің Бекалқа филиалы ғимаратының жанында;
Ақшарбақ ауылы - МҰТП-нің Ақшарбақ филиалы ғимаратының жанында.
8 8. Коробиха ауылдық округі бойынша:
Коробиха ауылы – Новосельская көшесінің бойында;
Барлық ауылы – Абай көшесінің бойында;
Үшбұлақ ауылы - Үшбұлақ көшесінің бойында.
9 9. Өрел ауылдық округі бойынша:
Өрел ауылы – Өрел орта мектебі, балалар бақшасының ғимараты жанында, Қабанбай, Орталық көшелерінде;
Еңбек ауылы – орта мектептің жанында, орталықтағы дүкеннің алдында;
Аршаты ауылы – орта мектептің жанында, орталықтағы дүкеннің алдында.
10 10. Жамбыл ауылдық округі бойынша:
Жамбыл ауылы – Жамбыл орта мектебінің ғимараты жанында, «Маралды» шаруа қожалығы ғимаратының жанында;
Берел ауылы – Берел орта мектебінің ғимаратының жанында, ауылдық клуб ғимаратының жанында, Берел орманшылығы ғимаратының жанында;
Маралды ауылы – бастауыш мектеп ғимараты жанында, маралшылар бригадасы ғимаратының жанында;
Рахман қайнары ауылы – «Рахман қайнары» ЖШС-нің ғимаратының жанында.
11 11. Белқарағай ауылдық округі бойынша:
Белқарағай ауылы – Белқарағай ауылының орталық көшесінде «Елтай» дүкенінің қатарында;
Топқайың ауылы – «Алтынай» дүкені көше беттегі қабырғасында;
Өрнек ауылы – «Ауылым» дүкені көше беттегі қабырғасында;
Сөгір ауылы – «Жадыра» дүкені көше беттегі қабырғасында.
12 12. Катонқарағай ауылдық округі бойынша:
Катонқарағай ауылы – Абай көшесі, 80 үй, мәдениет үйінің маңында, Абай көшесі, 94 үй, «Қаратай» спорт кешенінің маңында;
Қабырға ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
Жаңаүлгі ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
Шыңғыстай ауылы – Баекин көшесі, пошта бөлімшесінің маңында;
Мойылды ауылы – мектеп ғимаратының жанында.
13 13. Солоновка ауылдық округі бойынша:
Солоновка ауылы – Совет көшесі, мәдениет үйінің маңында;
Малонарымка ауылы – Совет көшесі, «Жас қанат» шаруа қожалығы ғимаратының жанында.
Аудан әкімі аппаратының басшысы
С. Мубараков