Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм и Правил предоставления производителями биотоплива отчетов в уполномоченный орган в области производства биотоплива, необходимых для осуществления мониторинга производства биотоплива

Қаулы · № 212 · қабылданған 02.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57573/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении форм и Правил предоставления производителями биотоплива отчетов в уполномоченный орган в области производства биотоплива, необходимых для осуществления мониторинга производства биотоплива Күшін жойған Қаулы ·№ 212 ·02.03.2011
30.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм и Правил предоставления производителями биотоплива отчетов в уполномоченный орган в области производства биотоплива, необходимых для осуществления мониторинга производства биотоплива

Күшін жойған Қаулы ·№ 212 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм и Правил предоставления производителями биотоплива отчетов в уполномоченный орган в области производства биотоплива, необходимых для осуществления мониторинга производства биотоплива
Атауы (қаз.)
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
212
Қабылданған күні
02.03.2011
Көрсетілген редакция
30.01.2016 57573_212806.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000212
ЭКБ идентификаторы
57573
Редакция идентификаторы
57573_212806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:01

0 Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары;

2 2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

5 № 1 есептілік нысаны Шикiзат бойынша мәлiметтер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен
бекітілген
№ 1 есептілік нысаны
Шикiзат бойынша мәлiметтер
БСН
Биоотын өндiрушiнiң атауы
Есептi кезең ____ жыл ___ ай
Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi ККААЖЖЖЖ
Р/с

КО СЭҚ ТН коды­на сәй­кес ши­кi­зат түрi он сан­дық бел­гi­де
Есеп­тi ке­зең­нiң ба­сын­да­ғы қал­дық, тон­на
Ши­кi­заттың келiп түс­кенi, тон­на
Био­отын өн­дiрiсiн­де қол­да­ны­л­ған өзi өсiр­ген та­мақ ши­кi­за­ты
Та­мақ ши­кi­за­тын жет­кi­зу­шiнiң ата­уы, ор­на­лас­қан жерi (об­лыс, аудан)
Та­мақ ши­кi­за­тын жет­кi­зу шар­ты­ның күнi, нө­мiрi
Қа­ты­стыр­ған қал­дық­тар, тон­на
Қай­та өң­дел­ген ши­кi­зат, тон­на
Ши­кi­заттың бүлiн­генi, жо­ғал­ға­ны, тон­на
Нор­ма­лар ше­гiн­де­гi шы­ға­сы, тон­на
Есеп­тi ке­зең­нiң со­ңын­да­ғы қал­дық, тон­на
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Жиы­ны
Ескертпе:
нысанда есептi кезеңде сатылған шикiзаттың бүкіл көлемi көрсетiледi.
«БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
«Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы мәлiметтердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
«Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда реті бойынша нөмiрi көрсетiледi.
2-бағанда шикiзат түрi Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi – КО СЭҚ ТН) сәйкес он белгiмен көрсетiледi. Бидай үшiн жақшаның iшiнде бидайдың сыныбы, нөмiрi және осы бидай тобына сәйкестiктi растау саласындағы құжаттың нөмiрi де көрсетіледі.
3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы шикiзаттың барлық қалдығы тоннамен көрсетiледi.
4-бағанда келіп түскен шикiзат тоннамен көрсетiледi.
5-бағанда биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген азық-түлік шикiзатының, егер оны өсiру көзделген болса, саны көрсетiледi.
6-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан) көрсетіледі.
7-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi көрсетiледi.
8-бағанда қатыстырылған қалдықтар тоннамен көрсетiледi.
9-бағанда қайта өңделген шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
10-бағанда бүлiнген, жоғалған шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
11-бағанда нормалар шегiндегi шығындардың саны тоннамен көрсетiледi.
12-бағанда есептi кезеңнiң соңындағы бүкіл қалдығы тоннамен (4-баған + 8-баған - 9-баған - 10-баған - 11-баған) көрсетiледi.

6 № 2 есептілік нысаны Биоотын өндiрiсi жөнiнде есеп беру

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен
бекітілген
№ 2 есептілік нысаны
Биоотын өндiрiсi жөнiнде есеп беру
БСН
Биоотын өндiрушiнiң атауы
Есептi кезең ____ жыл ___ ай
Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi ККААЖЖЖЖ
Р/с

Био­отын­ның ДСН-ко­ды
Есеп­тi ке­зең­нiң ба­сын­да­ғы қал­дық, литр
Өң­дiрiл­ген, литр
Өн­дiру­шiнiң са­тқа­ны, тон­на
Бүлiн­генi, жо­ғал­ға­ны, литр
Нор­ма­лар ше­гiн­де­гi ша­ғы­сы, литр
Өнiм­дi қай­та­ру, литр
Есеп­тi ке­зең­нiң ая­ғын­да­ғы қал­дық, литр
бар­лы­ғы
био­отын өн­дiрiсi бой­ын­ша тұ­лға­лар­ға
мұ­най өнiм­дерiн ком­паун­дир­ле­у­ге
өз өн­дiрiстiк қа­жет­тiлiк­терiне пай­да­ла­ны­л­ған
экс­порт­қа
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Жиы­ны
Ескертпе:
нысанда есептi кезеңде өндiрiлген биоотынның бүкіл көлемi көрсетiледi.
«БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
«Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы есептердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
«Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда ретi бойынша нөмiрі көрсетiледi.
2-бағанда биоотынның дербес сәйкестендiрiлген нөмiр-коды (ДСН-коды) көрсетiледi.
3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы өндірушідегі биоотынның жалпы қалдығы литрмен көрсетiледi.
4-бағанда өндiрiлген биоотынның саны литрмен көрсетiледi,
5-бағанда сатылған биоотынның жалпы саны литрмен (5-баған = 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетiледi.
6-бағанда биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
7-бағанда мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
8-бағанда өз өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
9-бағанда экспортқа сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
10-бағанда өндiрушi бүлдірген, жоғалтқан биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
11-бағанда нормалар шегiндегi шығындардың саны литрмен көрсетiледi.
12-бағанда өндiрушiге қайтарылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
13-бағанда өндiрушiде есептi кезеңнiң соңындағы биоотынның бүкіл қалдығы литрмен (13-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 11-баған + 12-баған) көрсетiледi.

7 № 3 есептiлiк нысаны Биоотын жеткiзушiсi туралы мәлiметтер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен
бекітілген
№ 3 есептiлiк нысаны
Биоотын жеткiзушiсi туралы мәлiметтер
БСН
Биоотын өндiрушiнiң атауы
Есептi кезең ____ жыл ___ ай
Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi ККААЖЖЖЖ
Р/с

Жет­кi­зу түрi
Жет­кi­зу мақ­са­ты
Жет­кi­зу­шi ту­ра­лы мәлi­мет
Жет­кiз­ген өнiм кө­ле­мi, литр
БСК
Өнiм­нiң түрi
КО СЭҚ ТН ко­ды
ТД №
ТД күнi
ЖСН/БСН-i
ата­уы
ли­цен­зия №
ли­цен­зия ал­ған күнi
ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мерзi­мi
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Жиы­ны:
Ескертпе:
осы нысан есептi айда басқа жеткiзушiлерден биоотынның кiрiсi бар, оның iшiнде алдында сатылған биоотынның қайтарылымы болған жағдайда толтырылады.
«БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
«Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы қосымшаны ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
«Есептi кезең» деген жолда биоотын өндiрушi осы қосымшаны табыс ететiн есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi.
2-бағанда өнiмдi жеткiзудiң түрi (импорт, iшкi нарықтың жеткiзулерi) көрсетiледi.
3-бағанда биоотынды жеткiзудiң мақсаты (биоотынның басқа түрлерiне қайта өңдеу үшiн, техникалық қажеттiлiктер үшiн, бұрын жеткiзiлген өнiмдi қайтару және өзге де мақсаттар) көрсетiледi.
4-бағанда өнiмдi жеткiзушiнiң ЖСН/БСН-i көрсетiледi.
5-бағанда биоотынды жеткiзушiнiң атауы көрсетiледi.
6-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушi лицензиясының нөмiрi көрсетiледi.
7-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушiнiң лицензияны алған күнi көрсетiледi.
8-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушi лицензиясының қолданылу мерзiмi көрсетiледi.
9-бағанда биоотынның есептi кезеңнiң iшiнде жеткiзушi жеткізген импорттық, сондай-ақ iшкi өндiрiс өнiмiнiң көлемi литрмен көрсетiледi.
10-бағанда бюджеттiк сыныптама коды көрсетiледi.
11-бағанда тиелген өнiмнiң түрi көрсетiледi.
12-бағанда Кеден одағының кедендiк шекарасынан өткен кезде тауарға берiлетiн Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды көрсетiледi. Баған жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
13-бағанда әкеленетін биоотынға тауарлар декларациясының нөмiрi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
14-бағанда әкеленетін биоотын тауарларына декларациясының ресiмделген күнi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.

8 Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен
бекітілген
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5 бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) табыс ету тәртібін айқындайды.

2 2. Биоотын өндірушілер осы Қағидада белгіленген тәртіппен № 1, 2, 3 есептілік нысандарын ұсынады.

3 3. Ұсынылған есептердің мониторингі нәтижесі бойынша биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл қорытындысы бойынша талдамалы ақпарат ұсынады.

2 2. Биоотын өндірісі бойынша есептерді табыс ету тәртібі

4 4. Есептерді жасау кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

5 5. Осы Қағидаға сәйкес биоотын өндіруші табыс ететін есептерге биоотын өндірушінің басшысы, бас бухгалтері қол қояды және биоотын өндірушінің мөрімен бекітіледі.

6 6. Құжаттар пошта арқылы, не уәкілетті органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы қолма-қол жіберіледі.

7 7. Биоотын өндірісі бойынша есептер уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсынылады.

Қолданыстағы