Құжат мәтініне өту

О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза

Қаулы · № 100/1 · қабылданған 11.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57595/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза Күшін жойған Қаулы ·№ 100/1 ·11.02.2011
11.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза

Күшін жойған Қаулы ·№ 100/1 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза
Атауы (қаз.)
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) ірі жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100/1
Қабылданған күні
11.02.2011
Көрсетілген редакция
11.02.2011 AI57595_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PC000291
ЭКБ идентификаторы
57595
Редакция идентификаторы
AI57595_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:10

0 Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) ірі жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек беру туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабының 1 тармағына 14) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XХVII сессия) "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 309/27 шешімін орындау мақсатында, ауылдық жерлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларын (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) бекітілсін.

2 2. Отбасының әр мүшесі үшін жиынтық айлық табысы белгіленген күнкөріс шегінен төмен Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) 20 000 теңге мөлшерінде ірі жем-шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек алу құқы белгіленсін.

3 3. Ірі жем-шөп сатып алуға біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды тапсыру қажет:

1 1) өтініш;

2 2) отбасының әр мүшесінің кірісін растайтын анықтама;

3 3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

4 4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;

5 5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

6 6) жеке куәлігінің көшірмесі;

7 7) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесінен немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.

4 4. Ірі жем-шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек осы қаулының 3 тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Комиссияның шешімімен тағайындалады.

5

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Қ. Базарбаева) комиссия төлем тағайындалғандығы туралы шешім шығарғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде қаланың бюджетімен көзделген қаржы аясында ірі жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.

6 6. Көзделген іс-шаралардың сапалы іске асырылуына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қаражаттың түсірілуіне жауапкершілік "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.

16 Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) ірі жем–шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрамы

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 100/1 қаулысымен
бекітілді
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (тұлғаларға) ірі жем–шөп сатып
алу үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау
жөніндегі комиссия құрамы
Нұрлан Мұқатайұлы Күлжан
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Әлия Қоқышқызы Базарбаева
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;
Серік Маратұлы Қайырбеков
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері
Бибігүл Мүбаракқызы Аманова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Жаңылсын Ералықызы Хамитова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Қолданыстағы