Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 30/6 · қабылданған 08.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57596/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 30/6 ·08.02.2011
27.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 30/6 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Жеке санаттарға жататын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/6
Қабылданған күні
08.02.2011
Көрсетілген редакция
27.03.2014 57596_188126.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SJ000131
ЭКБ идентификаторы
57596
Редакция идентификаторы
57596_188126
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:12

0 Жеке санаттарға жататын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Мамлют ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына моншалар мен шаштараздардың қызметін пайдалану үшін әр айдың 25-нен кешіктірмей айына 400 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек;

2

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша есепшот фактурасымен ұсынылған нақты құны бойынша тіс протездеуіне жылына бір рет (қымбат бағалы металдар мен металл-керамикалық протездеуден басқа) өтініш берушінің арызындағы айдың 25-нен кешіктірмей әлеуметтік көмек;

3

3) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне; соғыс мүгедектері мен қатысушыларға жеңілдіктер пен кепілдіктер теңестірілген басқа да санатты тұлғаларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Қаһарман Ана» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қамтар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға немесе «Қаһарман ана» атағын ертерек алғандарға және барлық санаттағы мүгедектерге нақты құны бойынша арыз берушінің өтінішіндегі айдың 25-нен кешіктірмей, санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет санаторлық-курорттық емделудің құны көлемінде әлеуметтік көмек;

4

4) Аудан аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне; соғыс мүгедектері мен қатысушыларға жеңілдіктер пен кепілдіктер теңестірілген басқа да санатты тұлғаларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Қаһарман Ана» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қамтар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға, саяси репрессияға ұшырағандарға; мүгедектігі бар және зейнетке шыққан саяси репрессия құрбаны болған тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі, қаһармандығы үшін Кеңес Одағы Социалистік Республикаларының медальдары мен ордендерімен марапатталғандарды Астана қаласына саяхатқа баруына арыз берушінің өтінішіндегі айдың 25-нен кешіктірмей нақты құны бойынша әлеуметтік көмек;

5

5) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына аудандық тұрақты баспаларға «Солтүстік Жұлдызы»,«Знамя труда» және облыстық тұрақты баспаларға «Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» және «Егемен Казақстан», «Казахстанская правда» республикалық тұрақты баспаларға жазылуына арыз берушінің өтінішіндегі айдың 25-нен кешіктірмей, жылына бір рет әлеуметтік көмек.

2 2. Белгіленсін:

1

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына моншалар мен шаштараздардың қызметін пайдалану үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің өлімінен немесе аудан аумағынан кеткеннен кейін тоқтатылады. Төлем ақпарат келіп түскен айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

2

2) Тіс протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйымымен жүргізілетін тіс протездеуге әлеуметтік көмек, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне; соғыс мүгедектері мен қатысушыларға жеңілдіктер пен кепілдіктер теңестірілген басқа да санатты тұлғаларға тіс протездеудің (қымбат бағалы металдар мен металл-керамикалық протездеуден басқа) нақты құны бойынша аудан бюджеті қарастырылған көлемінде тағайындалады;

3 3) жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдер әлеуметтік көмек алушының жеке шотына екінші деңгейлі банк арқылы немесе өкілетті орган берген тізімге сәйкес банк операцияларының түрлерін көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.

2-1 2-1. Қосымшаға сәйкес «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесін анықтау»;

2-2 2-2. Әлеуметтік көмек көрсетуге қаржылық шығындар жергілікті бюджеттен 451 007 000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы есебінен бөлінсін.

3 3. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

4 4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

КЕЛІСІЛГЕН
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
В. Артимович

15 Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 6 тамыздағы
№ 5/5 шешіміне қосымша
Мамлют ауданындағы жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1 1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:

әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұлғаның өтініші (бұдан әрі өтініш беруші);
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедегі немесе оларға теңестірілген тұлғалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға куәлігінің көшірмесі;
«Бұқаралық саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған тұлғаның құжатының көшірмесі;
өтініш берушінің дербес шотының көшірмесі;
өтініш берушінің тұрғылықты мекен жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсеткен жағдайда,медициналық ұйымның қызмет көрсету құны көрсетілген шот-фактурасы;
санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждылығы туралы санаторлы-курорттық карта;
зейнетақы төлеу орталығынан арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуын растайтын анықтама;

2 2. Құжаттардың толық пакетін қабылдау күнінде түпнұсқалар салыстырыла тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылып, құжаттардың көшірмелері куәландырылып, іске тігіледі.

Қолданыстағы