Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области производства биотоплива

Бұйрық · № 11-2/52 · қабылданған 03.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57665/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области производства биотоплива Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-2/52 ·03.02.2011
21.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области производства биотоплива

Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-2/52 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области производства биотоплива
Атауы (қаз.)
Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-2/52
Қабылданған күні
03.02.2011
Көрсетілген редакция
21.10.2013 AI57665_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006791
ЭКБ идентификаторы
57665
Редакция идентификаторы
AI57665_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:13

0 Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген соң ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2011 жылғы 03 ақпандағы
№ 11-2/52 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 04 ақпандағы
№ 27 Бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу мақсатында «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 13) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – биоотын өндірісін жүзеге асыру кезінде оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адам және жануарлар денсаулығына, қоршаған ортаға статистикалы растық шекараларда зиян келтiру ықтималдығы;

2 2) бақылау субъектілері – биоотын өндірісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

3 3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу объективті критерийлер – бастапқы бөлу кезінде және субъективті критерийлер негізінде – келесі бөлу кезінде жүзеге асырылады.

4 4. Биоотын өндірісін жүзеге асыратын бақылау субъектілері бастапқы бөлу кезінде жоғарғы тәуекел дәрежесі тобына жатады.

5 5. Бақылау субъектілерін кейінгі бөлуі мына баллдарды бере отырып, бар кемшіліктер есебімен жүзеге асырылады:

елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квоталардың нормаларын арттыру – 10 балл;
биоотын өндірісі кезінде 1 және 2 сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану - 10 балл;
биоотын өндірісі бойынша бір зауытта екі немесе одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндірісін жүзеге асыруы – 10 балл;
өндіріс паспортының болмауы - 10 балл;
биоотын өндірісі көлемін есептеудің бақылау аспаптарының болмауы немесе ақаулығы – 10 балл;
генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрледірілген көздер (объектілер) бар шикізатты олардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растаусыз және оларды мемлекеттік тіркеуден өткізбей қайта өңдеуге қабылдау – 10 балл.

6 6. Өткізілген тексерістер қорытындылары бойынша жиналған баллдарға байланысты бақылау субъектілері тәуекелдер дәрежелері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

50-тан 60 баллға дейін – жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатады;
30-дан 40 баллға дейін – орташа тәуекел дәрежесіне жатады;
10-нан 20 баллға дейін - аз ғана тәуекел дәрежесіне жатады.
Факторлар тең болғандықтан, баллдарды есептеу үшін ашық 10 – балдық шкала қолданылады.

7 7. Тәуекелдің бір деңгейіндегі бақылау субъектілеріне тексеру жүргізуді жоспарлаудың басымдылығын анықтау үшін мыналар негіз болып табылады:

өндірістік қуаты ең көп көлемді субъектілер;
алдыңғы тексеріс процесінде бұзушылықтар айқындалған субъектілер.

Қолданыстағы