Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Жарлық · № 1166 · қабылданған 03.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57676/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" Күшін жойған Жарлық ·№ 1166 ·03.03.2011
04.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Күшін жойған Жарлық ·№ 1166 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетулер стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1166
Қабылданған күні
03.03.2011
Көрсетілген редакция
04.02.2013 AI57676_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1100001166
ЭКБ идентификаторы
57676
Редакция идентификаторы
AI57676_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:59

0 "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетулер стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарты бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетулер қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 1166 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетулер қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық арнайы мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі - ҰҚК Орталық АрММ) және осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының арнайы мемлекеттік мұрағаттары (бұдан әрі - ҰҚК аумақтық органдарының АрММ) ұсынады.

2 2. Ұсынылып отырған қызмет көрсетулер нысаны - ішінара автоматтандырылған.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан (бұдан әрі - ҰҚК АрММ) шығатын анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою 1999 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тәртібі туралы толық ақпарат ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz., «Маңызды сілтемелер» бөлігінде орналастырылады.

5 5. Жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштері бойынша қағаз жеткізгіштерде апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе жазбаша түрде қызмет көрсетулерден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетулердің аяқталу нысаны болып табылады.

6 6. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль кою ҰҚК АрММ-на тиісті өтінішпен жүгінген барлық жеке және заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі - тұтынушылар) жүзеге асырылады.

7 7. ҰҚК АрММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) тұтынушының осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - 8 сағат ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге кететін ең көп уақыт - 30 минут;

3 3) апостиль қойылған құжаттарды алу кезінде кезек күтетін ең көп уақыт - 30 минут.

8

8. Ресми құжаттарға апостиль қойдыру үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке бөлінетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрбір құжат үшін мемлекеттік бажды төлеу күнінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 %-ы көлемінде мемлекеттік баж алынады. Төлем түрі - қолма-қол ақшамен немесе екінші деңгейлі банктер арқылы ұлттық қауіпсіздік органының заңды мекенжайы (бюджеттік классификатор коды 108113) бойынша салық органының дербес шотына төленетін қолма-қол ақшасыз есептесу.

9

9. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою, сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 15.00 сағатқа дейінгі түскі үзілісті есептемегенде, күн сайын сағат 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10

10. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) және осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген оның аумақтық органдарының (бұдан әрі - ҰҚКД) ғимараттарында жүргізіледі. Күту орындарында мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылып, күту орынтақтары мен ақпараттық стендтер орналастырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетулер тәртібі

11 11. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қойылған құжаттарды алу үшін тұтынушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өтініш;

2 2) тұтынушы қандай да бір себептермен өзі келе алмайтын жағдайда, уәкілетті адамға берілген нотариус растаған сенімхат;

3 3) заңды тұлғалардың өкілдері үшін - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген басқа адамның қолы қойылған, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес сол ұйымның мөрі басылған сенімхат;

4 4) апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек. Апостиль қою үшін құжаттар дипломатиялық өкілдіктер және консулдық елшіліктер арқылы түскенде, Салық кодексінің 546-бабы негізінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсыну талап етілмейді.

12

12. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қойдыру үшін өтініш толтыру талап етіледі. Белгіленген өтініштің нысаны ҰҚК-нің www.knb.kz. ресми интернет-ресурсында, «Маңызды сілтемелер» бөлігінде орналастырылған. Тұтынушыларға өтініш бланкілерін ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінің қызметкерлері береді.

13 13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ҰҚК Орталық АрММ-на ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы немесе ҰҚКД АрММ-на осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтері арқылы тапсырылады.

14

14. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда қабылданған сұранымның нөмірі мен күні, сұралып отырған мемлекеттік қызмет көрсетулердің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары, құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны, құжаттарды қабылдаған ҰҚК АрММ қызметкерінің аты-жөні көрсетіледі.

15 15. Дайын құжаттарды тұтынушының жеке өзіне немесе оның уәкілетті тұлғасына беруді қолхатта көрсетілген мерзімде ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінде ҰҚК АрММ қызметкері жүзеге асырады.

16 16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы - мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ҰҚК АрММ мына қағидаттарды басшылыққа алады:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;

2 2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықтың сақталуы;

3 3) әдептілік;

4 4) түбегейлі және толық ақпарат беру;

5 5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қорғау мен оның құпиялылығын сақтау.

4 4. Жұмыс нәтижелері

18 18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетулердің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19 19. ҰҚК АрММ жұмысын бағалау болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

20 20. ҰҚК органдары уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне

(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz., «Маңызды сілтемелер» бөлігінде, сондай-ақ ҰҚК қабылдау бөлмесі немесе 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінің ғимараттарында ақпараттық стенділерге орналастырылған. ҰҚК қабылдау бөлмесі мен ҰҚК департаменттері кезекші қызметтерінің қызметкерлері арыздарды дайындауға көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар мына сенім телефоны арқылы хабарласа алады: (8-7172) 24-02-90.

21 21. Тұтынушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қабылдау бөлмесі арқылы ҰҚК-ге шағымдана алады.

22 22. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, тұтынушылар қызмет көрсетуші ұлттық қауіпсіздік органдары басшысының атына шағымдана алады.

23 23. Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24 24. Шағым беру кезінде тұтынушылардан ресми құжаттар көрсету талап етілмейді.

25 25. Тұтынушылардың шағымын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шағым ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе ҰҚКД кезекші қызметінде тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.

Келіп түскен шағым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналына тіркеледі. Шағым иесіне өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижелері оның иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Шағымның қарастырылу нәтижелері бойынша тұтынушы ҰҚК қабылдау бөлмесіне немесе осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтеріне хабарласа алады.

26 26. ҰҚК Орталық АрММ мен ҰҚКД АрММ-ның байланыс деректері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

ҰҚК қабылдау бөлмесінің және ҰҚКД кезекші қызметтерінің жұмыс кестесі:
сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін.

1 Мемлекеттік қызмет көрсетуші ҰҚК АрММ тізімі

«Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға
және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
1-ҚОСЫМША
Мемлекеттік қызмет көрсетуші ҰҚК АрММ тізімі
Р/с

АрММ ата­у­ла­ры
Ор­на­ла­су ме­кен­жайы
1
2
3
1.
ҚР ҰҚК Ор­та­лық ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Аста­на қа­ла­сы, Сол жа­ға­лау, Түр­кі­стан кө­ше­сі, 8/1
ҰҚК қа­был­дау бөл­ме­сі­нің те­ле­фо­ны:
(8-7172) 76-11-36
2.
ҰҚК Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бай­за­қов кө­ше­сі, 275-а
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-727) 375-93-75;
(8-727) 275-88-01
3.
ҰҚК Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 155
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7162) 25-28-54
4.
ҰҚК Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі, 68/70
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7282) 60-55-04;
(8-7282) 21-27-72
5.
ҰҚК Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 25
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7132) 21-91-91;
(8-7132) 93-40-07
6.
ҰҚК Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Аты­рау қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, 20 «А»
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7122) 27-12-76;
(8-7122) 99-51-90
7.
ҰҚК Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пер­ми­тин кө­ше­сі, 15
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7232) 57-00-20;
(8-7232) 28-21-31
8.
ҰҚК Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Та­раз қа­ла­сы, Кө­шек ба­тыр кө­ше­сі, 7
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7262) 45-74-83
9.
ҰҚК Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Орал қа­ла­сы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 24
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7112) 51-24-66;
(8-7112) 98-81-66
10.
ҰҚК Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Бұ­хар жы­рау даң­ғы­лы, 17
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7212) 41-04-48;
(8-7212) 49-84-02
11.
ҚР ҰҚК Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Қо­ста­най қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі, 77
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7142) 52-01-00
12.
ҚР ҰҚК Қы­зы­лор­да об­лы­сы және Бай­қо­ңыр қа­ла­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің Ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Қо­на­ев тұй­ы­ғы, 1
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7242) 27-01-45
13.
ҚР ҰҚК Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Ақ­тау қа­ла­сы, 24-ша­ғын аудан, 3-үй
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7292) 42-02-42:
(8-7292) 46-00-18
14.
ҰҚК Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Ака­де­мик Бек­тұ­ров кө­ше­сі, 24
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7182) 55-38-08;
(8-7182) 39-16-67
15.
ҰҚК Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Пет­ро­павл қа­ла­сы, К. Сү­ті­шев кө­ше­сі, 54
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7152) 46-34-03
16.
ҚР ҰҚК Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Шым­кент қа­ла­сы, Қа­зы­бек би кө­ше­сі, 36
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны:
(8-7252) 55-04-10

2 Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға
және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
2-ҚОСЫМША
Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жы­л­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. Құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­ну­дың са­па­сы­на және оны ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3.2. Элек­трон­дық фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын ақ­па­рат­тың қыз­мет көр­се­ту­лер­дің %-ы (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­лы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)

Қолданыстағы