Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов по Тупкараганскому району

Қаулы · № 38 · қабылданған 01.03.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57680/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов по Тупкараганскому району Қолданыста Қаулы ·№ 38 ·01.03.2011
27.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов по Тупкараганскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 38 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов по Тупкараганскому району
Атауы (қаз.)
Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
01.03.2011
Көрсетілген редакция
27.10.2023 57680_662020.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11MF000131
ЭКБ идентификаторы
57680
Редакция идентификаторы
57680_662020
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:01

0 Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» 1995 жылдың 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағын және Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының 2011 жылдың 22 ақпанындағы № 04 санды ұсыныс хатын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2 2. Қала, ауыл, ауылдық округтің әкімдері, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылуын ұйымдастырсын.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.О.Меңдіхановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Түпқараған аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Қуанбай Амалбек Жолжанұлы
01 марта 2011 жыл

5 Түпқараған ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 1 наурыздағы
№38 қаулысына 1 қосымша
Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді-мекеннің атауы
Орналасқан жері
1
Форт-Шевченко қаласы
Н.Оңғалбайұлы көшесі, № 42 учаске, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында
2
Форт-Шевченко қаласы
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында
3
Форт-Шевченко қаласы
ескі автобекет, М.Әбдіхалықов көшесі, № 4, қалалық теміржол кассасы ғимаратының жанында
4
Форт-Шевченко қаласы
М.Әбдіхалықов көшесі, № 16, «Нұрай» дүкенінің алды
5
Форт-Шевченко қаласы
М.Әбдіхалықов көшесі, № 131/1 үйдің оң жағынан 500 метр қашықтықтағы жолдың екі қапталы
6
Форт-Шевченко қаласы
Астана көшесі, № 41 үйдің сол жағы
7
Баутин ауылы
«Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағы
8
Баутин ауылы
З. Дубский көшесі, № 50 ғимаратының жанында
9
Баутин ауылы
«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бөлімшесінің жанында
10
Баутин ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында
11
Баутин ауылы
Мұнайшы көшесі, №18, «Достық» қонақ үйі ғимаратының сол жағы
12
Баутин ауылының Аташ елді мекені
Ә. Жангелдин көшесі, № 27, «Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық кітапханасы ғимаратының жанында
13
Баутин ауылының Аташ елді мекені
Ә. Жангелдин көшесі, №1 қосқабатты тұрғын үйдің жанында
14
Ақшұқыр ауылы
Б. Қожашева көшесі, № 11/2, «Қазпочта» акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының жанында
15
Ақшұқыр ауылы
Б. Қожашева көшесі, № 5/1, Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының «Ақшұқыр мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
16
Ақшұқыр ауылы
«Малика» қосқабатты дүкені ғимаратының жанында
17
Ақшұқыр ауылы
Шаруашылық жүргізу құқығымен Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы «Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимараты
18
Ақшұқыр ауылы
Үштерек көшесі, № 5 ғимаратының жанында
19
Таушық ауылы
«Қазпошта» акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының сол жағы
20
Таушық ауылы
Қ. Жұбайұлы көшесі, № 41, Таушық ауылы әкімі аппаратының «Таушық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналақ кәсіпорны ғимараты
21
Таушық ауылы
Х. Елмұханбетов көшесі, № 6, «Таушық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
22
Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі
Мақаш Елубаев көшесі, 133, «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
23
Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі
Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сайын Шапағатов дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында
24
Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
25
Қызылөзен ауылы
С. Сисенбаев көшесі, № 2 ғимаратының жанында
26
Қызылөзен ауылы
І. Нысанбаев көшесі, № 29 ғимаратының алды

Қолданыстағы