Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений, предоставляемых им на договорной основе для проведения встреч с избирателями
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений, предоставляемых им на договорной основе для проведения встреч с избирателями
- Атауы (қаз.)
- Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 11.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2014 AI57699_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UI000141
- ЭКБ идентификаторы
- 57699
- Редакция идентификаторы
- AI57699_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:55
0 Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы
__________Бәкір Икрамхан Бәкрамұлы
«11» наурыз 2011 жыл
6 Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Отырар ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 11 03 № 52
қаулысына 1-қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Аққұм ауыл округі бойынша:
1. Аққұм ауылы, Ж.Омаров көшесі, «Аққұм» ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Аққұм ауылында орналасқан ауылдық клуб аумағы.
Ақтөбе ауыл округі бойынша:
1. Ақтөбе ауылында орналасқан «Ақтөбе» дәрігерлік амбулаториясы аумағы.
Балтакөл ауыл округі бойынша:
1. Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, «Балтакөл» ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Көлқұдық ауылында орналасқан «Көлқұдық» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Үштам ауылында орналасқан «Үштам» медициналық тірек аумағы;
4. Ақкөл ауылында орналасқан «Ақкөл» медициналық тірек аумағы.
Көксарай ауыл округі бойынша:
1. Көксарай ауылы, М.Әуезов көшесі, «Көксарай» ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Шеңгелді ауылында орналасқан «Шеңгелді» медициналық тірек аумағы;
3. Жанкелді ауылында орналасқан «Жанкел» медициналық тірек аумағы;
4. Ызакөл ауылында орналасқан «Ызакөл» медициналық тірек аумағы.
Қарақоңыр ауыл округі бойынша:
1. Ш.Қалдаяқов ауылында орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйі аумағы;
2. Ш.Қалдаяқов ауылында орналасқан «Қарақоңыр» ауылдық ауруханасы аумағы;
3. Арыс ауылында орналасқан ауылдық клуб аумағы;
4. Бестораңғыл ауылында орналасқан А.Жармұхамбетов атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
5. Қарақоңыр темір жол бекетіндегі «Қарақоңыр» шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
6. Сырдария ауылында орналасқан «Сырдария» медициналық тірек аумағы;
7. Қостүйін темір жол бекетіндегі «№ 6 Қостүйін» шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы.
Қожатоғай ауыл округі бойынша:
1. Қожатоғай ауылы, Ә.Елекеев көшесі, Амангелді атындағы жалпы орта мектеп аумағы;
2. Қожатоғай ауылы, А.Досымбеков көшесі, «Қожатоғай» ауылдық ауруханасы аумағы;
3. Байтоғай ауылында орналасқан М.Мәметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп аумағы.
Отырар ауыл округі бойынша:
1. Арыс ауылында орналасқан «Марал» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны аумағы;
2. Шойманов ауылында орналасқан ауылдық клуб аумағы.
Қарғалы ауыл округі бойынша:
1. Отырар ауылында орналасқан «Отырар» жалпы орта мектеп аумағы;
2. Қарғалы ауылында орналасқан С.Ерубаев атындағы шағын жинақты орта мектеп аумағы.
Талапты ауыл округі бойынша:
1. Көкмардан ауылы, Т.Бейсенбіұлы көшесі, «Талапты» дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
2. Шытты ауылында орналасқан «Шытты» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Ынталы ауылы, Дәрімбекұлы көшесі, «Ынталы» медициналық тірек аумағы;
4. Сарыкөл ауылында орналасқан «Сарыкөл» медициналық тірек аумағы.
Қоғам ауыл округі бойынша:
1. Қоғам ауылы, Ұ.Арғынбеков көшесі, «Қоғам» дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
2. Талапты ауылында орналасқан «Талапты» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Мыңшұқыр ауылында орналасқан ауылдық кітапхана ғимараты аумағы.
Темір ауыл округі бойынша:
1. Темір ауылы, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп аумағы;
2. Темір ауылы, М.Әлиев көшесі, «Темір» дәрігерлік амбулаториясы аумағы.
Маяқұм ауыл округі бойынша:
1. Маяқұм ауылы, Д.Алтынбеков көшесі, «Маяқұм» ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Қостерек ауылында орналасқан «Қостерек» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.
Шәуілдір ауыл округі бойынша:
1. Шәуілдір ауылы, Ә.Жылқышиев көшесі, Орталық стадион аумағы;
2. Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі, Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектеп аумағы;
3. Шәуілдір ауылы, О.Бәймішов көшесі № 2 үй, Қ.Мұңайтпасов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп аумағы.
Шілік ауыл округі бойынша:
1. Шілік ауылы, Тұрғанбай Датқа көшесі, Орталық алаңы аумағы;
2. Жаңа Шілік ауылы, М.Мәметова көшесі № 22 үй, «Шілік» дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
3. Ескі Шілік ауылында орналасқан «Ескі Шілік» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.
7 Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі
Отырар ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 11 03 № 52
қаулысына 2-қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі
1. Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі № 18 үй, Д.Құрманбек атындағы № 20 кәсіптік-лицейінің мәжіліс залы;
2. Аққұм ауылы, С.Сейфуллин көшесі, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
3. Балтакөл ауылы М.Көбеев көшесі, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
4. Маяқұм ауылы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
5. Көксарай ауылы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
6. Көкмардан ауылы, «Көкмардан» жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
7. Қожатоғай ауылы, Ә.Елекеев көшесі, Қожатоғай ауылдық клубы;
8. Арыс ауылы, Балалар мен жасөспірімдер орталығының мәжіліс залы;
9. Қарақоңыр ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
10. Темір ауылы, Темір жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
11. Жаңа Шілік ауылы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
12. Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
13. Отырар ауылы, Отырар ауылдық клубы;
14. Қоғам ауылы, Қоғам жалпы орта мектебінің мәжіліс залы.