Об установлении в Ерейментауском районе квоты рабочих мест для инвалидов, для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении в Ерейментауском районе квоты рабочих мест для инвалидов, для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-2/57
- Қабылданған күні
- 21.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2016 57710_195408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BI000168
- ЭКБ идентификаторы
- 57710
- Редакция идентификаторы
- 57710_195408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:07
0 Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ерейментау ауданында мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № а-3/356 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-142 тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпанда «Ереймен» аудандық газетінде және 2010 жылғы 6 ақпанда «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.