Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Приозерск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Приозерск
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/14
- Қабылданған күні
- 09.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2016 57732_120147.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KR000226
- ЭКБ идентификаторы
- 57732
- Редакция идентификаторы
- 57732_120147
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:58
0 Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдардың келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (1 жылдан астам);
2 2) Приозерск қаласының ұйымдарының, кәсіпорындарының, мекемелерінің санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған адамдар;
3 3) 50 жастан асқан ерлер мен әйелдер.
2 2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (З.А. Медетбекова) нысаналы топтарға жататын адамдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетсін.
3
3. Приозерск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 13/6 "Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдарын қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-148 тіркелген, 2009 жылдың 03 шілдедегі "Приозерский вестник" N 16 газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.