Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий по улице Анесова поселка Жалпактал Жалпакталского сельского округа Казталовского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий по улице Анесова поселка Жалпактал Жалпакталского сельского округа Казталовского района
- Атауы (қаз.)
- Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі Жалпақтал ауылының Анесов көшесіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 14.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2011 57747_200851.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZH000123
- ЭКБ идентификаторы
- 57747
- Редакция идентификаторы
- 57747_200851
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:10
0 Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі Жалпақтал ауылының Анесов көшесіне
шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 20 қаңтардағы N 43 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ірі қара малынан құтыру ауруы пайда болуына байланысты, Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі Жалпақтал ауылының Анесов көшесіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгіленсін.
2
2. Шектеудің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) және Казталов Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Казталов ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (келісім бойынша) ұсынылсын.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
ҚР АШМ АӨҚ мемлекеттік
инспекция комитетінің
Казталов аудандық
аумақтық инспекциясының
бастығы
_____________Малахов Арген Сәбитұлы
14.02.2011 ж.
БҚО бойынша ҚР ДСМ МСЭҚ
Комитеті Департаментінің
Казталов ауданы бойынша
МСЭҚ басқарма бастығы
_____________Хайдаров Талған Қалиханұлы
14.02.2011 ж.