Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по улучшению социального положения отдельных категории граждан

Қаулы · № 1335 · қабылданған 11.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57760/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О дополнительных мерах по улучшению социального положения отдельных категории граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 1335 ·11.02.2011
20.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по улучшению социального положения отдельных категории граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1335 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по улучшению социального положения отдельных категории граждан
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөнінде қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1335
Қабылданған күні
11.02.2011
Көрсетілген редакция
20.01.2012 57760_209340.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LI000196
ЭКБ идентификаторы
57760
Редакция идентификаторы
57760_209340
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:10

0 Жекелеген санаттағы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөнінде қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуіріндегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданы мәслихатының "Шиелі ауданының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 41/2 шешімін іске асыру және жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне жылына бір рет айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген сомасы мөлшерінде және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға жылына бір рет айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген сомасы мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.

2 2. Төмендегі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 27 наурыздағы N 10-9-82 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 11 сәуірдегі N 33 (7643) санды шығарылымында жарияланған);

2

2) Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 875 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 11 наурызда N 10-9-107 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 20 наурыздағы N 27-29 (7757-59) санды шығарылымында жарияланған);

3

3) Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 1124 каулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 09 қыркүйегінде N 10-9-135 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 75(7805) санды шығарылымында жарияданған).

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің

орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.

4 4. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы