Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Қаулы · № 56 · қабылданған 17.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57766/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 56 ·17.02.2011
01.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 56 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
56
Қабылданған күні
17.02.2011
Көрсетілген редакция
01.04.2011 AI57766_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NO000146
ЭКБ идентификаторы
57766
Редакция идентификаторы
AI57766_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:09

0 Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Меңдіқара ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 389 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9-15-140 болып тіркелген) сәйкес, "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемнің мынадай түрін көрсетілу қамтамасыз етілсін:

үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдерге) 2011 жылға арналған Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген сегіз есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

2

2. Әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.

4 4. Белгіленсін:

1 1) әлеуметтік көмек үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдерге) көрсетіледі;

2 2) үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдерге) әлеуметтік көмек өтініш жасаған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді;

3 3) мүгедек балалар үй-интернаттарда немесе санаторлық мектептерде тұрған кезінде әлеуметтік көмекті төлеу жүргізілмейді.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Г. Айсенова
"Меңдiқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________________ С. Плотникова

Қолданыстағы