Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Қаулы · № 29 · қабылданған 24.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57777/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Күшін жойған Қаулы ·№ 29 ·24.02.2011
14.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Күшін жойған Қаулы ·№ 29 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Атауы (қаз.)
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
24.02.2011
Көрсетілген редакция
14.09.2020 57777_480496.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11MC000115
ЭКБ идентификаторы
57777
Редакция идентификаторы
57777_480496
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:05

0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 - бабы 6 - тармағына сай, Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Село, селолық округтерде қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар (одан әрі - Орындар) белгіленсін.

2 2. Село, селолық округ әкімдеріне 2011 жылдың 28 ақпанынан кешіктірмей елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына қаралған қаржы есебінен Орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

Қ.Әбілшеев
дайынд.:Ү.Әмірханова
Қ.Бөлтеков
М.Нысанбаев
М.Көбеген
Қ.Жарасбаева

5 Аудандық әкімдіктің

2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 29 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Бейнеу селосы - Гимназия, халықтық банк филиалы,
орталық аудандық аурухана
ғимараттарының жанында
Боранқұл селосы - орталық базар, емхана ғимаратының
жанында
Есет селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ақжігіт селосы - селолық округ әкімі аппараты
ғимаратының жанында
Сарға селосы - селолық мәдениет үйінің
ғимаратының жанында
Тұрыш селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Сыңғырлау селосы - селолық клуб ғимаратының
жанында
Сам селосы - селолық почта бөлімшесінің
ғимаратының жанында
Төлеп селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ноғайты селосы - селолық медициналық пункт
ғимаратының жанында
Тәжен селосы - селолық медициналық пункт
ғимаратының жанында

Қолданыстағы