Об утверждении Правил организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов
- Атауы (қаз.)
- Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 24.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2023 57803_624341.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006828
- ЭКБ идентификаторы
- 57803
- Редакция идентификаторы
- 57803_624341
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:04
0 Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-11 Заңы 13-бабының 15) тармақшасына, «Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығымен бекітілді
Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, «Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзырлы органын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес әзірленді және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
1-1
1-1. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
2
2. Қағидалар қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлауға қатысты жеке және заңды тұлғалар қызметіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді және олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан орындау үшін міндетті болып табылады.
3
3. Халықаралық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілері құзыретті орган бекіткен курстар түрінде арнайы даярлықтан өтеді және жүргізушіге қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (бұдан әрі - куәлік) алады.
4
4. Куәлікті алу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көлік құралдарының жүргізушілері Қазақстан Республикасының аумағы немесе халықаралық жол қатынастары бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілері арнайы даярлық немесе қайта даярлық базалық курсынан (бұдан әрі - Базалық курс) өтеді.
5
5. Бекітілген немесе алмалы-салмалы, сыйымдылығы 1 м3 астам цистерналармен, жалпы сыйымдылығы 1 м3 астам батареялармен, контейнер-цистерналармен, тасымал цистерналармен немесе бір көлік бірлігінде жеке сыйымдылығы 3 м3 астам көпэлементті газ контейнерлері мен қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілері қауіпті жүктерді цистерналармен тасымалдау бойынша мамандандырылған қосымша базалық курстардан өтеді.
6
6. Көлік құралдарының ең жоғары рұқсат етілген салмағына қарамастан, ҚЖХКТ бойынша 1 класты заттарды немесе бұйымдарды (жарылатын заттар мен бұйымдар) немесе ҚЖХКТ бойынша 7 класты радиоактивті материалдарды тасымалдау үшін жүргізушілер базалық курстарға қосымша тиісті мамандандырылған даярлық курстарынан өтеді.
7 7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген жүргізушілерді арнайы қайта даярлау, тиісті емтихандардан өткізу кемінде бес жылда 1 рет жүргізіледі.
8
8. Жүргізушілерді Базалық курс бағдарламалары бойынша даярлау (қайта даярлау) және жүргізушілерді мамандандырылған курстар бағдарламалары бойынша даярлау (қайта даярлау) кешенді негізде жүргізілетін барлығын қамтитын курстар ауқымында, белгілі бір мерзімдерде және белгілі бір оқыту ұйымдарында жүргізілуі мүмкін.
2 2-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібі
11
13
14
15 15. Министрлік, қаржылық және шаруашылық қызметіне қатыспастан, ҚЖХКТ талаптарына сәйкес тиісті оқу курстары жүргізушілерді сапалы дайындауға, емтихан қабылдауы мен оқуына үнемі бақылауды жүзеге асырады.
16
17
18 18. Әрбір бастапқы курстың немесе бәрін қамтитын курстың теориялық бөлігінің ең төменгі ұзақтығы:
1 1) базалық курс бойынша - 18 сабақ;
2 2) цистерналарда тасымалдау бойынша мамандандырылған курста – 12 сабақ;
3 3) 1 класты заттар мен бұйымдар (жарылғыш заттар мен бұйымдар) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда - 8 сабақ;
4 4) радиоактивтік материалдарды (7 класс) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда – 8 сабақ болуы тиіс.
19 19. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген бәрін қамтитын курстардың жалпы ұзақтығы Базалық курстың және цистерналармен тасымалдау бойынша мамандандырылған курстың ұзақтығын өзгертпеуі тиіс, алайда оларды 1 және 7 кластар бойынша қысқартылған мамандандырылған курстармен толықтыруға болады.
20 20. Бір сабақтың ұзақтығы 45 минуттан кем болмауы тиіс. Күн сайын 8 сағатқа дейін сабақ өткізуге рұқсат етіледі.
21 21. Жеке практикалық сабақтар теориялық даярлыққа қосымша өткізілуі және кем дегенде әртүрлі жүктер үшін қауіптілік белгілері мен маркалануы, алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру және оқиға немесе авария болған жағдайда қабылданатын шаралар тақырыптарын қамтуы тиіс.
22 22. Оқу курстары аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға өтілген тақырыптардың қысқаша мазмұны және авариялық жағдайлардағы қауіпсіздік, дәрігер келгенге дейінгі көмек жөніндегі нұсқауларды қамтитын материалдар таратылып берілуі тиіс.
23 23. Курстар тыңдаушыларының білім деңгейін және практикалық дағдыларын анықтау мақсатында тиісті оқу курстарында оқыту аяқталғаннан кейін емтихандар өткізіледі.
24 24. Мамандандырылған курстар бойынша емтихандарға Базалық курс бойынша емтихандарды тапсырғаннан кейін рұқсат алады.
25 25. Емтихандар комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органы өкілінің комиссия құрамына міндетті түрде қатысуымен тиісті оқу курсының оқытушыларынан құрылған емтихан комиссиясымен қабылданады.
Емтихан комиссиясы тақ санынан тұрады (үш адамнан кем емес).
26 26. Емтихандар тиісті курстарда өткізілген тақырыптар бойынша емтихан комиссиясының емтихандық сұрақтарының жалпы тізілімінен іріктелген емтихан сұрақтарынан өткізіледі.
Емтиханға дейін курс тыңдаушыларын емтихан билеттерінің сұрақ мазмұнымен таныстырмайды.
27 27. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жалпылай қамтитын курстарда бірыңғай емтихан өткізілуі мүмкін.
28 28. Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы әрбір оқу курсы бойынша өткізілетін емтихандардың мерзімдері мен өткізілетін орнын 5 күннен кем емес уақытта алдын-ала хабарлайды.
29 29. Емтихандар не жазбаша емтихан, немесе жазбаша және ауызша біріктірілген емтихан түрінде немесе тестілеу жүргізіледі.
30 30. Базалық курс бойынша емтихан өткізу кезінде курстардың тыңдаушыларына 25 сұрақ беріледі.
31 31. Мамандандырылған курстар бойынша емтихандар кезінде курстардың тыңдаушыларына әр курс бойынша 15 сұрақтан беріледі.
32
32. Емтихандардың нәтижелері емтихан комиссиясының хаттамасымен рәсімделеді, оның негізінде емтихандарды ойдағыдай тапсырған курс тыңдаушыларына (емтихандар сұрақтарына жауаптардың дұрыстығы 75%-дан жоғары) оқу орталықтары тиісті оқу курстарында оқытудан ойдағыдай өткені туралы емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған анықтама береді.
3 3-тарау. Қортынды ережелер
33
33. Тиісті оқу курстарында оқуды сәтті аяқтаған жағдайда тыңдаушыларға пластиктен жасалған ISO 7810:2003 ID-1 стандарты бойынша мөлшері бар карта нысанындағы куәліктер беріледі. Түсі ақ, қарпі қара. Куәлікке қосымша қорғаныс элементі қолданылады, мысалы, голограмма, ультракүлгін сәуледе ғана көрінетін суретті басып шығару немесе гильошир үлгісі.
Өздеріне қатысты берілген куәлік шын мәнінде берілген қауіптілік сыныптарын айқындау бағандарындағы белгілер оқыту жүргізілген сыныптарды көрсету арқылы жүргізіледі.
34 34. Куәліктің қолданылу мерзімі-бес жыл.
35 35. Куәлікті қайта шығару куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл ішінде өткен тиісті оқу курстары бойынша емтихандарды табысты тапсыру (емтихан сұрақтарына жауаптардың 70% және одан да көп дұрыстығы кезінде) негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте тыңдаушы жарамдылық мерзімі алдыңғы куәліктің жарамдылық мерзімі өткен күннен басталатын тиісті куәліктер береді.
36 36. Куәлік жоғалған, бүлінген кезде, оқу курстары арыз берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарғы оң бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар куәліктің телнұсқасын беруді жүргізеді.
Жоғалған, бүлінген жазбаша өтініш берген күннен бастап куәліктер (тиісті оқу курстарынан оқудан өткені туралы анықтама қосымшасында болса) жарамсыз деп саналады.