Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного и мелкого рогатого скота на территории Бахтинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного и мелкого рогатого скота на территории Бахтинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Бақты ауылдық округі аймағында ірі қара және мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 10.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2011 AI57809_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VRF00111
- ЭКБ идентификаторы
- 57809
- Редакция идентификаторы
- AI57809_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:56
0 Бақты ауылдық округі аймағында ірі қара және мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1042 ұсынысы негізінде Бақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бақты ауылдық округінің аймағында ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
2 2. Бақты ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Қалиевқа (келісім бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. «Тыныс» Бақты жанұя-дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Л. Макибаеваға (келісім бойынша) Бақты ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
4 4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісім бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға шаралар қабылдау ұсынылсын.
5 5. Бақты ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы А. Ахмеровқа (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
6 6. Бақты ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері С. Нурмухаметовқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Бақты ауылдық округінің мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы
А. Қалиев
10 наурыз 2011 жыл
«Тыныс» Бақты жанұя–дәрігерлік
амбулаториясының аға дәрігері
Л. Макибаева
10 наурыз 2011 жыл
Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Б. Нигматуллин
10 наурыз 2011 жыл
Бақты ауылдық округінің
учаскелік полиция инспекторы
А. Ахмеров
10 наурыз 2011 жыл