Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Бұйрық · № 28-3/83 · қабылданған 23.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57817/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Күшін жойған Бұйрық ·№ 28-3/83 ·23.02.2011
31.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 28-3/83 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"
Атауы (қаз.)
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28-3/83
Қабылданған күні
23.02.2011
Көрсетілген редакция
31.05.2012 AI57817_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006820
ЭКБ идентификаторы
57817
Редакция идентификаторы
AI57817_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:05

0 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 28-3/83 бұйрығымен
бекітілген
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Негізгі ережелер

1

1. Осы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Мемлекеттік қызметті аудандық (облыстық маңыздағы қалалық) уәкілетті органдар ұсынады.

3 3. Мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет келесілердің:

1 1) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағының;

2

2) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы№ 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының (бұдан әрі – Қаулы);

3

3) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көтерме жәрдемақысы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап беру болып табылады.

6 6. Көтерме жәрдемақысын ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа органдардың қатысуы қарастырылмаған. Бюджеттік кредитті ұсыну барысында тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредитті рәсімдеуді жүзеге асыратын сенім білдірілген өкіл (агент) қатысады.

7 7. Регламентте келесідей негізгі түсініктер қолданылады:

1 1) уәкілетті орган – ауылдық аумақтарды дамыту бойынша ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) мемлекеттік органы;

2 2) мемлекеттік қызмет - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну (бұдан әрі - тұтынушылар);

3 3) көтерме жәрдемақысы – Қаулыда белгілеген мөлшерде бір реттік ақшалай төлем түріндегі тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы;

4 4) бюджеттік кредит - Қаулыда белгілеген мөлшерде тұрғын үй алуға бюджеттік кредит түріндегі тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы;

5

5) тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия - тұтынушыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудандық (облыстық маңыздағы қалалық) мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) әкімдігі құратын алқалы орган;

6 6) сенім білдірілген өкіл (агент) - аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімдігінің атынан және тапсырысы бойынша тұтынушыларға берілетін бюджеттік қызметтерге қызмет көрсету бойынша міндеттерді атқаратын қаржылық агенттік.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің талаптары

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан жерін, көрсету тәртібін және барысын Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.

9

9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпаратты тұтынушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz. веб-сайтының «Дипломмен ауылға» бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердегі уәкілетті органдарының стенділерінен алуға болады.

10 10. Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға тұтынушы өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің ең көп уақыты – отыз минуттан аспайды;

Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға тұтынушы өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы шекті уақыты – он минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының құжаттарын тапсырған мезгілден бастап мынадай мерзімде ұсынылады:

1 1) күнтізбелік 32 күннің ішінде Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес келісімді рәсімдеу жүзеге асырылады;

2 2) келісім жасалғаннан кейін күнтізбелік 7 күннің ішінде екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы көтерме жәрдемақысын төлеу жүргізіледі;

3 3) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес келісім жасалғаннан кейін күнтізбелік 30 күннің ішінде тұрғын үй алуға бюджеттік кредит беріледі;

4 4) әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға дәйектелген жауап жолдайды.

11 11. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан сұраныс түскен мезгілден бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызметтің кезеңдері:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға өтініш тапсырады;

2 2) уәкілетті орган құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияға қарастыру үшін жолдайды;

3 3) тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия түскен құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді ұсынады;

4 4) әкімдік әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды және оны уәкілетті орган мен сенім білдірілген өкілге (агентке) жолдайды;

5 5) уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және тұтынушы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес келісім жасайды;

6 6) уәкілетті орган көтерме жәрдемақысын төлейді;

7 7) сенім білдірілген өкіл (агент) тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредитті рәсімдеуді жүргізеді.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды уәкілетті органның бір маманы және сенім білдірілген өкілдің (агент) бір маманы жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде іс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) сипаттамасы

14 14. Мемлекеттік қызмет тұтынушының ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) уәкілетті органына Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінішті ұсынумен жеке хабарласқан кезінде ұсынылады.

Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.

15 15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

16 16. Ақпараттық қауіпсіздігіне талаптар қарастырылмаған.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатыстырылған:

1 1) уәкілетті органның маманы;

2 2) уәкілетті органның бастығы;

3 3) аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімі аппаратының маманы;

4 4) аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімі аппаратының басшысы;

5 5) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі;

6 6) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бастығы.

18 18. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

19 19. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

0 Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттерінің Сипаттамасы 1-кесте. Құрылымдық-функционалды бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің сипаттамасы

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет
және спорт мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік
қызмет регламентіне 1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттерінің Сипаттамасы 1-кесте. Құрылымдық-функционалды бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­кет­те­рі (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­мы)
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­мы­ның) рет­тік нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Әкім ап­па­ра­ты­ның ма­ма­ны
Әкім ап­па­ра­ты­ның бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің) өкі­лі
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Өті­ніш­тер­ді, қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, кө­шір­ме­ле­рін тұп­нұс­қа­ла­ры­мен са­лы­стыр­ған­нан кей­ін тір­кей­ді және қол­хат­ты бе­ре­ді
Қа­ра­жат­тар­дың қа­жет­ті­лі­гін есеп­тей­ді және құ­жат­тар­ды тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на ен­гі­зе­ді
Әкім­дік қа­улы­сы­ның жо­ба­сын әзір­лей­ді және оны ке­лі­сім­ге жол­дай­ды
Қа­улы­ның жо­ба­сын әкім­дік­тің оты­ры­сы­ның күн тәр­ті­біне ен­гі­зе­ді
Ке­лі­сім­нің жо­ба­сын әзір­лей­ді және қол қою үшін ен­гі­зе­ді
Ке­лі­сім­нің жо­ба­сын қол қою үшін ен­гі­зе­ді
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­гер­лік ше­шім)
Құ­жат­тар жи­на­ғын құ­ра­с­ты­ру, қол­хат бе­ру
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну неме­се одан бас тар­ту ту­ра­лы тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ко­мис­си­я­ның ше­ші­мі
Әкім­дік қа­улы­сы­ның жо­ба­сы
Әкім­дік­тің қа­улы­сы
Ке­лі­сім
Ке­лі­сім
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут
5 күн
7 күн
3 күн
4 күн
1 күн
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­мы)
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­мы­ның) нө­мі­рі
7
8
9
10
11
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің) бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің) өкі­лі
Се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің) бас­шы­сы
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Ке­лі­сім­ге қол қо­яды
Ке­лі­сім­ге қол қо­яды
Кө­тер­ме жәр­де­ма­қы­сы­ның со­ма­сын тұы­ну­шы­лар­дың же­ке есеп-шо­ты­на ауда­ра­ды
Тұр­ғын үй­ді алу үшін бюд­жет­тік кре­дит­ті рә­сім­де­уді жү­зе­ге асы­ра­ды.
Са­тып алын­ған үй­ге бюд­жет­тік кре­дит­тің қа­ра­жат­та­рын ауда­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­ды.
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­гер­лік ше­шім)
Ке­лі­сім
Ке­лі­сім
Тө­лем тап­сы­ры­сы
Қарыз және ке­піл­дік шар­ты
Тө­лем тап­сы­ры­сы
Орын­дау мер­зі­мі
1 күн
1 күн
7 күн
28 күн
2 күн
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
8
9
10
11
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс – әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім бекітілген жағайда
Негіз­гі үде­ріс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­мы)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Әкім ап­па­ра­ты­ның ма­ма­ны
Әкім ап­па­ра­ты­ның бас­шы­сы
Се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің) өкі­лі
Се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің (агент­тің) бас­шы­сы
№ 1 іс-әре­кет
Өті­ніш­тер­ді, қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, тұп­нұс­қа­ла­ры­мен са­лы­стыр­ған­нан кей­ін тір­кей­ді және қол­хат­тар­ды бе­ре­ді (30 мин)
№ 2 іс-әре­кет
Қа­ра­жат­тар­дың қа­жет­ті­лі­гін есеп­тей­ді және құ­жат­тар­ды тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на ен­гі­зе­ді (5 күн)
№ 3 іс-әре­кет
Әкім­дік қа­улы­сы­ның жо­ба­сын әзір­лей­ді және оны ке­лі­сім­ге жол­дай­ды (7 күн)
№ 4 іс-әре­кет
Қа­улы­ның жо­ба­сын әкім­дік­тің оты­ры­сы­ның күн тәр­ті­біне ен­гі­зе­ді (3 күн)
№ 5 іс-әре­кет
Ке­лі­сім­нің жо­ба­сын әзір­лей­ді және қол қою үшін ен­гі­зе­ді (4 күн)
№ 6 іс-әре­кет
Ке­лі­сім­нің жо­ба­сын қол қою үшін ен­гі­зе­ді
(1 күн)
№ 7 іс-әре­кет
Ке­лі­сім­ге қол қо­яды (1 күн)
№ 8 іс-әре­кет
Ке­лі­сім­ге қол қо­яды (1 күн)
№ 9 іс-әре­кет
Кө­тер­ме жәр­де­ма­қы­сы­ның со­ма­сын тұы­ну­шы­лар­дың же­ке есеп-шо­ты­на ауда­ра­ды
(7 күн)
№ 10 іс-әре­кет
Тұр­ғын үй­ді алу үшін бюд­жет­тік кре­дит­ті рә­сім­де­уді жү­зе­ге асы­ра­ды.
(28 күн)
№ 11 іс-әре­кет
Са­тып алын­ған үй­ге бюд­жет­тік кре­дит­тің қа­ра­жат­та­рын ауда­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­ды.
(2 күн)
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс - әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тарту туралы шешім бекітілген жағдайда
Ба­ла­ма­лы үде­ріс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­мы)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
№ 1 іс-әре­кет
Өті­ніш­тер­ді, қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, кө­шір­ме­ле­рін тұп­нұс­қа­ла­ры­мен са­лы­сты­ра­ды, тір­кей­ді және қол­хат­ты бе­ре­ді
(30 мин)
№ 2 іс-әре­кет
Қа­ра­жат­тар­дың қа­жет­ті­лі­гін есеп­тей­ді және құ­жат­тар­ды тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на ен­гі­зе­ді
(5 күн)
№ 3 іс-әре­кет
Дәй­ек­те­ме­сіз құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да, тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ко­мис­си­я­ның ше­ші­мі­нің негі­зін­де тұ­ты­ну­шы­ға се­бе­бін көр­се­те оты­рып жа­з­ба­ша бас тар­ту ту­ра­лы жа­у­ап жол­дай­ды
(3 күн)

1 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс

істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет
және спорт мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша

Қолданыстағы