Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах распределения объемов тарифных квот на ввоз отдельных видов мяса

Қаулы · № 269 · қабылданған 24.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57872/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О некоторых вопросах распределения объемов тарифных квот на ввоз отдельных видов мяса Күшін жойған Қаулы ·№ 269 ·24.03.2011
10.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах распределения объемов тарифных квот на ввоз отдельных видов мяса

Күшін жойған Қаулы ·№ 269 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах распределения объемов тарифных квот на ввоз отдельных видов мяса
Атауы (қаз.)
О некоторых вопросах распределения объемов тарифных квот на ввоз отдельных видов мяса
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
269
Қабылданған күні
24.03.2011
Көрсетілген редакция
10.04.2015 57872_405478.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000269
ЭКБ идентификаторы
57872
Редакция идентификаторы
57872_405478
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:49

0 Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары;

2

2) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері;

3 3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең) бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 70-құжат);

2 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 406-құжат);

3 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1411 қаулысы.

3 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

0 Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған
тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылар арасында бөлу
қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн айқындайды.

2 2. Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.

2 2. Терминдер мен анықтамалар

3 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) осының алдындағы кезең – тарифтiк квота белгіленетін жылдың тiкелей алдындағы екi жыл;

2 2) өнiм берушi елдер – Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдер еркiн сауда туралы келiсiм жасаспаған не тауарға қатысты еркiн сауда режимiнен алып қою қолданылатын елдер;

3 3) тауарды тарихи өнiм берушiнiң әкелу көлемi – өнiм берушi елдерде шығарылған, осының алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының аумағына «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелінген тауарлардың заттай мәндегі саны»;

4 4) коммерциялық пайдалы сан – тауардың 25 килограмнан астам көлемі;

5 5) тарифтiк квота көлемi – әкелiнуiне Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифі кедендiк әкелу баждарының квотаiшiлiк мөлшерлемелері бойынша салық салынатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi күнтiзбелiк бiр жылға айқындайтын тауарлар көлемi;

6 6) тарихи өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:

осының алдындағы кезеңде немесе тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың ішінде өнiм берушi елдерден тауарды «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыруы тиіс;
тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың iшiнде тауарды әкелу көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиiс;

7 7) тауар – өнім беруші елдер шығарған, оларға қатысты тарифтiк квота белгiленген еттің кейбір түрлері;

8 8) жаңа өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, тауардың тарихи өнiм берушiсі болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлға;

9 9) қайта өңдеуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:

осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің кодтарымен жіктелетін ет өнімінің өндірісін квота белгіленетін жылдың алдындағы жыл ішінде жүзеге асыруы тиіс;

10 10) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар.

3 3. Тарифтiк квоталардың көлемдерiн бөлу тәртiбi

4

4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға және ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай: Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 белгісі денгейінде кедендік рәсімдерді көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар шығарған елдер бөлінісінде еттің заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты 0201, 0202, 0203, 0207-позициялары бойынша ұсынады.
Көрсетілген ақпарат ішкі тұтыну үшін тауарларды шығару күні бойынша қалыптастырылады.

5 5. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын:

1 1) тарифтiк квота белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап

31 желтоқсанға дейін мыналарға:
жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара мал етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға;
лицензия алуға өтініш беру кезектілігі тәртібімен құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін жаңа өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде тарихи өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) етін әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде қайта өңдеушілерге лицензиялар беруді жүзеге асырады;

2

2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында өзіне қатысты тарифтік квота белгіленетін тауардың атауы туралы ақпаратты, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін айқындалған тарифтік квотаның көлемін, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тауар әкелуі үшін шарттарды орналастырады;

3

3) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің бірінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің бірінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады;

4

4) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің екінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің екінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.

6 6. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:

1

1) тарифтiк квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minagri.gov.kz интернет ресурсында қайта өңдеушілер арасында бөлінетін тауардың түрлері мен көлемін көрсете отырып, тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер қабылдау туралы хабарламаны, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;

2 2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін (қоса алғанда) қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

3 3) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қайта өңдеушілер талап етпеген тарифтік көлемдер туралы ақпаратты ұсынады;

4

4) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді, сондай-ақ қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталарды қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.

7 7. Тарихи өнім берушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квоталар көлімдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңа өнім берушілер арасында құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қайта өңдеушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) және шошқа етiн (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Қайта өңдеушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Тарихи өнім берушілердің, жаңа өнім берушілердің, қайта өңдеушілердің және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталардың жыл сайын белгіленетін көлемдерін бөлу мынадай:

тарихи өнім берушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 55 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 70 %, құс етіне (коды КО СЭҚ ТН 0207) 90 %;
қайта өңдеушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 45 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 30 %;
жаңа өнім берушілерге: құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 10 %-ы;
сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға: жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 100 %-ы.

9 9. Тарифтiк квоталар көлемдері өнiм берушi елдер арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша осының алдындағы кезеңде көрсетілген елдерден әкелу көлемiне барабар бөлінуі мүмкін.

4 4. Тарихи өнiм берушiлер арасында тарифтiк квоталарды бөлу әдiсi

10 10. Тарихи өнім берушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады.

11 11. Бірінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілер арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемінің 25 пайызы бөлінеді.

Әрбір тарихи өнiм берушiлердің тарифтік квотасының көлемін есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргізіледі:
q9=
VI + VII-9
_____________
V’I+ V’II-9
*0,25*Q
мұндағы:
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнім берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q - тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
VI – осының алдындағы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
VII-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың алдындағы жылдың 9 айында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’I – тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңнің бірінші жылында тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’II-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында барлық тарихи өнiм берушiлердің Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу көлемi, килограммен.

12 12. Екінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілердің арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерінің 100 пайызы бөлінеді.

Әрбір тарихи өнiм берушiнiң тарифтiк квотасының көлемiн есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргiзiледi:
q12=
V
_____
V’
* Q
– q9
мұндағы:
q12 – екінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
V – осының алдындағы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’– тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылы әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңде тауарды әкелу көлемі, килограммен.

13 13. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).

Егер есеп нәтижелері бойынша тарихи өнім беруші үшін алынған тарифтік квотаның көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем қалған тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.

5 5. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әдісі

14 14. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әкелуге лицензия алуға жаңа өнім берушілердің өтініштер беруінің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.

Жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдерін сарқылғанға дейін әкелуге лицензияны сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.

15 15. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиіс және жаңа өнім берушілер үшін бекітілген тарифтік квотаның жалпы көлемінің 15 %-ынан аспауы тиіс.

16 16. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемі туралы және бөлінбей қалған көлем туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.

6 6. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу әдiсi

17 17. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу қайта өңдеушілердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

18 18. Қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілер ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

еттің әрбір түрі бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде еттің әрбір түрінің үлесін көрсете отырып осы, Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінімді;
кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) осының алдындағы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесін (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені) ұсынады.

19 19. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квоталар көлемі қайта өңдеушілер арасында сұратылатын көлемге сәйкес бөлінеді.

Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.

20

20. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квота көлемі тарифтік квоталар көлемдерін бөлудің алдындағы толық жылға әрбір қайта өңдеушінің еттің әрбір түрін тұтынуының көлеміне пропорционалды түрде мынадай формулалар бойынша бөлінеді:

1 1)

VГтұтыну =
P * K * SГ
__________
100%
;
VСтұтыну =
P * K * SС
_____________
100%
мұндағы:
VГтұтыну – тарифтік квоталар көлемін алуға өтінім берген қайта өңдеушінің сиыр етін тұтыну көлемі, килограммен;
Р – кәсіпорынның өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінде (дара кәсіпкерлер үшін өнеркәсіптік өнімнің өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) көрсетілген қайта өңдеуші өндірісінің көлемі, килограммен;
К – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ет өнімдерін етке ауыстыру коэффициенті;
SГ – дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде сиыр етінің үлесі, пайыздық мәнде;
VСтұтыну – қайта өңдеушінің шошқа етін тұтыну көлемі, килограммен;
SС - дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде шошқа етінің үлесі, пайыздық мәнде;

2 2)

DГ =
*100%
;
DС =
*100%
мұндағы:
ƩDГ – тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
ƩVГ - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
ƩDС - тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
ƩVС - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;

3 3)

VГtrq =
VОГtrq * DГ
______________
100%
;
VСtrq =
VОСtrq * DС
________________
100%
мұндағы:
VГtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОГtrq – қайта өңдеушілер үшін сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі;
VСtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОСtrq – қайта өңдеушілер үшін шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі.

21

21. Егер қайта өңдеуші өтінім берген тарифтік квотаның көлемі жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша кәсіпорын үшін есептелген тарифтік квотаның көлемінен аз болса, онда қайта өңдеушіге тарифтік квотаның өтінім берілген көлемі айқындалады, қалған көлемдері қалған қайта өңдеушілер арасында еттің әрбір түрі бойынша тұтынудың жалпы көлемінде олардың үлестері пропорционалды түрде бөлінеді.

22 22. Осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).

Егер есеп нәтижелері бойынша қайта өңдеуші үшін тарифтік квотаның алынған көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем басқа қайта өңдеушілер арасында бөлінеді.

23 23. Кедендік квота әкелу баждарын төлеуден босатуды болжайтын кедендік рәсімдерде тауарды әкелуді жүзеге асыратын қайта өңдеушілерге бөлінбейді.

Кедендік баждарды төлеуден босату іс-қимылдары тоқтатылған жағдайда қайта өңдеушілер тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге жалпы негіздерде қатысуға құқығы бар.

24 24. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган тарифтiк квота қолданылатың жылдан бастап:

1 1) 1 қазанға дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта қайта өңдеушілер өндірген өнімнің көлемімен салыстырып тексереді;

2 2) 1 сәуірге дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді толық өткен жылы ет өнімдерін қайта өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырады.

Егер қайта өңдеушінің әкелу көлемі етке қайта есептеуде ет өнімі өндірісінің көлемінен асып кететін жағдайларда, осы қайта өңдеуші келесі 2 жылға тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады.

25 25. Бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін пайдаланбаған қайта өңдеушілер келесі 2 жылға тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге қатысу құқығынан айырылады.

Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері осы Қағидаларда айқындалған әдіске сәйкес басқа қайта өңдеушілерге қайта бөлуге жатады.
Тарифтік квоталарды келесі жылдарға бөлу кезінде тарифтік квотаның бөлінген көлемін ішінара пайдаланған қайта өңдеушілер үшін тарифтік квотаның көлемі бұрын әкелінген көлемнен аспайтын деңгейде белгіленеді.

7 7. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталарды бөлу әдісі

26 26. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.

Әкелуге лицензияны жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін көзделген тарифтік квоталардың көлемі сарқылғанға дейін сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.

27 27. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге белгіленген квотаның жалпы көлемінен аспауы тиіс.

28

28. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жаңа сойылған немесе мұздатылған ірі қара малдың етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0201) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемдері туралы және бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.

8 8. Өтпелі ережелер

29 29. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган:

1

1) 2013 жылғы 15 қарашаға дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында жаңа өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін көрсете отырып, кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелері бойынша жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензия алудың жаңа өнім берушілер үшін мүмкіндіктері туралы хабарландыру орналастырады:

2 2) 2013 жылғы 15 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін жаңа қайта өңдеушілерге құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензиялар беруді өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырады:

30 30. Осы Қағидалардың 25-тармағының бірінші бөлігінің ережесі тарифтік квотаның бөлінген көлемін 2015 жылдан бастап пайдаланбаған қайта өңдеушілерге қолданылады.

1 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің жіктеуіші

Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің жіктеуіші
Ко­ды
Ата­уы
1013 14
Ет­тен, ет­тік қо­сым­ша өнім­дер­ден неме­се мал­дың қа­ны­нан жа­сал­ған шұ­жық және ұқсас бұй­ым­дар
1013 15
Ет­тен жа­сал­ған дай­ын жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар мен ет­тік қо­сым­ша өнім­дер­ден бас­қа, өзге де ет­тен, ет­тік қо­сым­ша өнім­дер неме­се мал қан­да­ры­нан жа­сал­ған дай­ын және кон­сер­ві­лен­ген өнім­дер

2 Өтінім

Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
2-қосымша
Өтінім
_____________________________________________________________________
(қайта өңдеушінің толық атауы)
Мыналарды:
____________________ тонна көлемінде сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202);
____________________ тонна көлемінде шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203)
импортқа квота бөлуді сұрайды.
Кәсіпорнымызда дайын өнім өндірісінде шикі ет түрлерінің
қатынасы мынадай:
Дай­ын өнім­нің ата­уы
Өн­ді­рі­стің кө­ле­мі (жыл­дар бой­ын­ша)
Дай­ын өнім өн­ді­ру ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын сиыр еті­нің үле­сі, %
Дай­ын өнім өн­ді­ру ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын шош­қа еті­нің үле­сі, %
Әкелінетін шикізатты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеміз.
Бірінші басшы ______________________________________________ (Т.А.Ә.)
М.О. (күні)

3 Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері

Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
3-қосымша
Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері
Өнім
Ко­эф­фи­ци­ент
Шұ­жық өнім­де­рі (ор­та­ша ко­эф­фи­цент)
1,37
Пі­сі­рел­ген шұ­жық­тар, жі­ңіш­ке шұ­жық­тар, сар­дель­дер
1,2
Жар­ты­лай ыстал­ған шұ­жық­тар
1,7
Пі­сі­рі­ліп ыстал­ған шұ­жық­тар
2,0
Ши­кі­лей ыстал­ған шұ­жық­тар
2,5
Ет кон­сер­ві­ле­рі:
шар­тты бан­кі­лер­ден қай­та есеп­теу үшін
0,5
сал­ма­ғы­нан (тон­на) есеп­теу үшін
1,4
Ет-өсім­дік кон­сер­ві­ле­рі
0,18

0 Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының
және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен
еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты
еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден
шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік
квоталардың көлемдері
СЭҚ ТН ко­ды
Та­у­ар­дың ата­уы, та­у­ар­лар­дың шық­қан елі
Кө­ле­мі, тон­на
0201
Ірі қа­ра мал­дың еті, жас неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған
20
0202
Ірі қа­ра мал­дың еті, мұз­да­ты­л­ған
10 000
0203
Шош­қа­ның жас, то­ңа­зы­ты­л­ған неме­се мұз­да­ты­л­ған еті
7 400
0207
0105 та­у­ар по­зи­ци­я­сын­да көр­се­ті­л­ген үй құ­сы­ның еті және та­ғам­дық қо­сым­ша өнім­де­рі, жас, то­ңа­зы­ты­л­ған неме­се мұз­да­ты­л­ған
110 000

0 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға
арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең)
Р/с

СЭҚ-ке қа­ты­су­шы­лар­дың ата­уы
СЭҚ-ке қа­ты­су­шы­лар­дың СТН-і
тон­на
1
2
3
4
Ірі қа­ра мал­дың еті, мұз­да­ты­л­ған (СЭҚ ТН 0202 ко­ды)
1
«Куб­лей» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
271800004553
740,504
2
«Фахрад» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400236114
494,358
3
«Аг­ро­про­дукт ЛТД» ЖК, Сұл­тан­ға­ли­ев Асан Мең­ді­бай­ұ­лы
271812413934
117,767
4
ЖК Сү­лей­ма­нов Жі­гер­хан Дәу­лет­ха­нұ­лы
430110158050
187,846
5
«Орал Ло­ги­стик» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
270100235356
184,369
6
«United Industries» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400520260
141,542
7
«Фир­ма «Рас­свет» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
061800258789
100,514
8
«За­ман-PVL» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500244239
95,059
9
«Класс Про­дукт» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі» бі­рік­кен кә­сі­пор­ны
150900009128
96,786
10
«Etalim Group» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
620300298576
136,407
11
«Аса­дар» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
182700238227
62,936
12
«Се­мей ет ком­би­на­ты» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
182700217070
35,762
13
«Kazakhstan Commerce Group» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400540749
26,097
14
«Стерх» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
361800035735
7,888
15
«Constant-A» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600700207397
10,568
16
«Unimpex» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
270100235587
1,120
17
ЖК О.Н.За­гу­мен­но­ва
151010745189
0,122
18
«Golden fish ltd.» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400531728
0,293
19
«Ва­ол лтд» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600900584463
0,051
20
«Astra» ЖК, Кө­мек­ба­ев Жан­дос Жұ­ма­ға­зы­ұлы
600411876903
0,009
ЖИЫ­НЫ
2 500,0
Шош­қа­ның жас, то­ңа­зы­ты­л­ған неме­се мұз­да­ты­л­ған еті (СЭҚ ТН 0203 ко­ды)
1
«Орал Ло­ги­стик» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
270100235356
564,795
2
«Аг­ро­про­дукт ЛТД» ЖК, Сұл­тан­ға­ли­ев Асан Мең­ді­бай­ұ­лы
271812413934
239,255
3
«Опто­вая Ком­па­ния» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
090500217222
286,801
4
«Фахрад» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400236114
357,124
5
«Etalim Group» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
620300298576
108,939
6
ЖК Тру­бин Ни­ко­лай Ми­хай­ло­вич
301211725531
85,777
7
«Бек­кер и К» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600200026766
64,502
8
«Пав­ло­дар­ский Смак» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500246863
37,384
9
«За­ман-PVL» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500244239
27,454
10
Ах­ме­то­ва Лю­бовь Ары­стан­қы­зы
061811722785
6,536
11
«Класс Про­дукт» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі» бі­рік­кен кә­сі­пор­ны
150900009128
18,021
12
«Арт­он-KZ» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
182700237702
10,948
13
«Zaman» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500257638
20,365
14
«Unimpex» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
270100235587
5,229
15
ЖК Звя­гин­цев Вик­тор Алек­сан­дро­вич
271810163811
6,536
16
ЖК Қу­а­тов Са­ғи­дол­ла Са­ми­ғол­ла­ұ­лы
271812660697
4,565
17
«Стерх» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
361800035735
2,151
18
«Куб­лей» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
271800004553
3,265
19
Бұ­ра­қа­нов Нұр­лан
151011357479
0,353
ЖИЫ­НЫ
1 850,000
0105 та­у­ар по­зи­ци­я­сын­да көр­се­ті­л­ген үй құ­сы­ның еті және та­ғам­дық қо­сым­ша өнім­де­рі, жас, то­ңа­зы­ты­л­ған неме­се мұз­да­ты­л­ған (СЭҚ ТН 0207 ко­ды)
1
«Орал Ло­ги­стик» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
270100235356
5 010,754
2
«Фахрад» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400236114
3 060,205
3
«Фир­ма «Рас­свет» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
061800258789
2 786,043
4
«Аго­ра-М» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
061800228171
1 505,424
5
«АЛ­ТА-ХХІ век» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
391700074672
1 634,853
6
«Опт Торг Company plus» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
391700222672
1 353,748
7
«Кас­кад LLC» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500214062
1 143,987
8
«Ком­па­ния Айс Фуд. Аста­на» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
620300307634
1 722,508
9
«Каз­про­дукт-2030» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
301900217816
966,460
10
«Ұлан-Б» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
582100271440
1 212,648
11
«За­ман-PVL» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500244239
644,408
12
«Ал­мас-2000» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
301900211581
1 084,740
13
«Тор­го­вый дом Каз­рос-ІІ» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600900163377
404,013
14
«Прод­Сер­ви­сАк­то­бе» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
061800284854
541,934
15
«Голд Фрейк» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600700610810
654,196
16
«Хла­до­ленд» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
270100219859
473,954
17
«Опто­вая Ком­па­ния» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
090500217222
334,484
18
«Фрост Ко» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
582100259756
420,895
19
«Аг­ро­про­дукт ЛТД» ЖК, Сұл­тан­ға­ли­ев Асан Мең­ді­бай­ұ­лы
271812413934
288,918
20
«Бе­ре­ке» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
302000063623
324,803
21
«КРОМ­ЭКС­ПО-А» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400503810
148,362
22
Ма­ме­шев Рахым Ра­ха­тұ­лы
061811124557
205,929
23
«Meat team» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600500578497
209,512
24
«Пре­стиж» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600700184636
324,533
25
«Са­ны­лау» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500255616
193,105
26
«Та­лап­кер плюс» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
061800279110
158,407
27
«Zaman» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
451500257638
146,022
28
ЖК Су­лей­ма­нов Жі­гер­хан Дәу­лет­ха­нұ­лы
430110158050
179,143
29
«Ақ­та­у­Ин­вест­Құ­ры­лыс 1» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
430100252482
135,778
30
«Стерх» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
361800035735
75,769
31
«Рид-Ак­тау» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
430600020072
90,405
32
ЖК Звя­гин­цев Вик­тор Алек­сан­дро­вич
271810163811
27,157
33
«The Caspian international restaurants company» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600700587757
27,268
34
«Куб­лей» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
271800004553
2,801
35
«Ин­тер­фуд» ҚГ­БК» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің Ал­ма­ты об­лы­стық фи­ли­а­лы
090900021750
1,477
36
«Класс Про­дукт» БК жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
150900009128
2,471
37
«Golden fish ltd.» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600400531728
1,539
38
ЖК Груш­ке­вич Свет­ла­на Сте­па­нов­на
430610631301
0,152
39
Бұ­ра­қа­нов Нұр­лан
151011357479
0,152
40
«Interfood» («Ин­тер­фуд») ҚГ­БК» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
600900146916
0,995
41
Са­ли­хов А.Д.
150310015631
0,049
ЖИЫ­НЫ
27 500,0

Қолданыстағы